Экологиялық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 13 шілдедегі N 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6399 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 210 Бұйрығымен

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 Заңының 1-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 27-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.12.07 № 410 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011.12.07 № 439 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. "Ақтөбе-Шалқар" темір жол бағыты әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынас болып анықталсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 450 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 357 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ОРДАБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Ж.СЕЙІТПАҒАМБЕТОВ