Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2012.08.10 № 210 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экологиялық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2010 жылғы 13 шілдедегі № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6399 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 қыркүйектегі «Казахстанская правда» газетінде № 253-254 (26314-26315) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 және 2 қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Агенттіктің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Агенттік құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
|
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 13 шілдедегі № 180 бұйрығына |
|||||||||||||
Аумақтық органға тапсырылады |
|
|||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады. |
||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. |
||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 1411104 |
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар, туралы есеп |
|||||||||||||
4-ҚО |
_ _ _ _ |
|||||||||||||
Жылдық |
||||||||||||||
Табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластағыш заттар мен өндірістік қалдықтардың шығарындылары мен төгінділерінің тұрақты көздері бар заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады. |
||||||||||||||
Тапсыру мерзімі - 23 ақпан |
||||||||||||||
КҰЖЖ коды |
||||||||||||||
БСН коды |
1. Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар көлемін мың теңгемен көрсетіңіз
Укажите общий объем затрат на охрану окружающей среды по видам природоохранной деятельности, в тысячах тенге
Шығындардың бағыты |
ҚОҚҚШЖ№ бойынша коды |
Есепті кезеңге |
Атмосфералық ауаны және климатты қорғау |
1 |
|
Су көздерін ағынды сулардың ластауынан қорғау |
2 |
|
Қалдықтардың айналымын басқару |
3 |
|
Топырақты, жерасты сулары мен жерүсті суларының көздерін қорғау және қалпына келтіру |
4 |
|
Шуылмен және вибрациямен күресу (жұмыс орындарында еңбекті қорғау бойынша зауытішілік сипаттағы іс-шараларды қоспағанда) |
5 |
|
Әралуандылық пен ландшафттарды қорғау |
6 |
|
Радиациялық ықпалдан қорғау (сыртқы мемлекеттік қауіпсіздік мәселелерінен басқа) |
7 |
|
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (ҒЗТКЖ) |
8 |
|
Қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа да қызметтер |
9 |
2. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар көлемін мың теңгемен көрсетіңіз
Укажите объем текущих затрат на охрану окружающей среды, в тысячах тенге
Шығындардың бағыты |
Анықтама бойынша коды |
Есепті кезеңге |
Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану |
1 |
|
Атмосфералық ауаны қорғау |
2 |
|
Жерді өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластанудан қорғау |
3.1 |
|
Жерді қайта құнарландыру |
3.2 |
1ҚОҚҚШЖ - қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет түрлері мен шығындардың ведомстволық жіктеуіші
КДЗООС - ведомственный классификатор видов деятельности и затрат по охране окружающей среды
2.1 Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың көлемінен кәсіпорындарға (ұйымдарға) мың теңгемен төленгені
Из объема текущих затрат на охрану окружающей среды выплачено предприятиям (организациям), в тысячах тенге
Жол коды |
Шығындардың бағыты |
Есепті кезеңге |
1 |
Ағынды суды қабылдағаны және тазалағаны үшін |
|
2 |
Өндірістік қалдықтарды және ТҚҚІ қабылдағаны, сақтағаны және жойғаны үшін |
|
3 |
Қауіпті қалдықтарды қабылдағаны, сақтағаны және жойғаны үшін |
3. Есепті кезеңдегі экологиялық төлемдер және табиғи ресурстар үшін төлемақы көлемін мың теңгемен көрсетіңіз
Укажите объем экологических платежей и платы за природные ресурсы за отчетный год, в тысячах тенге
Төлемдердің бағыты |
Анықтама бойынша коды |
Нақты төленген төлемдер |
1 |
||
Ластайтын заттардың нормативті шығарындылары (төгінділері) үшін төлемақы (қалдықтарды орналастыру) – барлығы |
1 |
|
су объектілеріне |
1.1 |
|
атмосфералық ауаға |
1.2 |
|
қалдықтарды орналастыру үшін |
1.3 |
|
Ластайтын заттардың нормативтен тыс шығарындылары (төгінділері) үшін төлемақы (қалдықтарды орналастыру) – барлығы |
2 |
|
су объектілеріне |
2.1 |
|
атмосфералық ауаға |
2.2 |
|
қалдықтарды орналастыру үшін |
2.3 |
|
Табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудан болған зияндарды өтеуге өндірілген қаражаттар (талап қоюлар, айыппұлдар) |
3 |
|
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы – барлығы |
4 |
|
жер үсті су ресурстары үшін |
4.1 |
|
жер учаскелері үшін |
4.2 |
|
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін |
4.3 |
|
орманды пайдаланғаны үшін |
4.4 |
|
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн |
4.5 |
|
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi |
5 |
2ІТҚҚ – тұрмыстық қатты қалдықтар
ТБО – твердые бытовые отходы
4. Қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі құралдарды күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың көлемін мың теңгемен көрсетіңіз
Укажите объем затрат на капитальный ремонт основных средств по охране окружающей среды, в тысячах теңге
Шығындардың бағыты |
Анықтама бойынша коды |
Есепті кезеңге |
Атмосфералық ауаны ластағыш зиянды заттарды ұстайтын және зиянсыздандыратын құрылыстар, қондырғылар және құрал-жабдықтар |
1 |
|
Ағынды суларды тазартуға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға арналған құрылыстар мен қондырғылар |
2 |
|
Өзге де негізгі құралдар |
9 |
5. Қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі қорлардың орташа жылдық құнын мың теңгемен көрсетіңіз
Укажите среднегодовую стоимость основных фондов по охране окружающей среды, в тысячах тенге
Көрсеткіш атауы |
Анықтама бойынша коды |
Есепті кезеңге |
Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану |
1 |
|
Атмосфералық ауаны қорғау |
2 |
|
Жер қорғау |
3 |
Атауы Мекенжайы
Наименование _________________ Адрес _____________________
______________________________ Тел.: __________________________
______________________________ Электрондық почта мекенжайы
Адрес электронной почты _________
Орындаушының аты-жөні және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя _________________________ Тел. ________
Басшы (Т.А.Ә, қолы)
Руководитель _________________________ (Ф.И.О., подпись) _________
Бас бухгалтер (Т.А.Ә, қолы)
Главный бухгалтер ____________________ (Ф.И.О., подпись) _________
М.О.
М.П.
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі Төрағасының
2011 жылғы 15 тамыздағы № 229
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі Төрағасының
2010 жылғы 13 шілдедегі № 180
бұйрығына 2-қосымша
«Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың
статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
(коды 1411104, индексі 4-ҚО, кезеңділігі жылдық)
1. Бұл нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп» (коды 1411104, индексі 4-ҚО, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтырудың тәртібін нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың жалпы көлемі – кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға арналған негізгі құралдарды ұстау және пайдалану бойынша шығыстары, қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі қорларды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалған шығындар мен кәсіпорындар және ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға байланысты жұмсалған ағымдағы шығындар, қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналасатын аппаратты ұстау үшін атқарушы билік органдарының шығындары, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы білім беруге, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға жұмсалған шығындар;
2) табиғатты қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға арналған негізгі құралдарды ұстау және пайдалану бойынша шығыстары. Мұнда бүлінген жерлерді қалпына келтіру, кіші өзендердің арналарын тазалау, суды қорғау аймақтарын Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес ұстау, су көздерінің, атмосфералық ауаның сапасын бақылау бойынша табиғатты қорғаумен байланысты ағымдағы іс-шаралар жүргізуге жұмсалған шығыстар жатады. Есеп беру объектілері басқа ұйымдарға ағынды сулар мен қалдықтарды тазалауға (залалсыздандыруға) және ағызуға тапсыру кезінде бұл қабылдаудың ақы төлеу мөлшері де ағымдағы табиғатты қорғау шығыстары көлеміне қосылады;
3) экологиялық төлемдер – қоршаған ортаға белгіленген лимиттер шегінде эмиссиялар үшін және табиғи ортаға ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарылуы үшін есептелген және нақты төленген төлемдер;
4) экологиялық заңнаманың бұзылуы салдарынан орын алған зиянды өтеуге өндірілген қаражат – экологиялық заңнаманың бұзылуы салдарынан орын алған зиянды өтеуге заңды тұлғадан талап етілген және өндірілген нақты қаражат. Оларға қоршаған ортаны апаттық ластағаны үшін, табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланғаны және бұзғаны үшін белгіленген төлемдер жатады;
5) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер – жер үсті су ресурстарын, жер учаскелерін, қоршаған ортаға эмиссиялар, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн есептелген және нақты төленген төлемдер;
6) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi – Қазақстан Республикасы Салық заңнамасына сәйкес анықталады;
7) негізгі құрал-жабдықтар – субъектінің тауарларды (қызметтерді) өндіруде немесе жеткізуде бір кезеңнен астам пайдалану үшін ұстайтын материалдық активтері;
8) ағымдағы құн – белгілі бір күнге қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша негізгі құрал-жабдықтардың құны немесе негізгі құрал-жабдықтардың қайта бағалаудан (индексациялаудан) кейінгі құны.
3. Бұл статистикалық нысан бухгалтерлік және бастапқы есепке алу, қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға нақты шығынның мәлiметтерi негізінде толтырылады.
1-бөлім бойынша табиғатты қорғау қызметінің түрлері мен шығындарына түсініктемелер Қоршаған орта статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет түрлері мен шығындардың ведомстволық жіктеуішінде келтірілген (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 337 және 2011 жылғы 17 наурыздағы № 85 бұйрықтарымен бекітілген).
2-бөлімнің 1-жолында су ресурстарын қорғауға және ұтымды пайдалануға, күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі ағымдағы шығындар енгізіледі:
өндірістік және коммуналдық ағынды суды биологиялық, физикалық-химиялық және механикалық тазарту станциялары;
ағынды суды, сонымен қоса суармалы егіншілік алқабында пайдаланылған суды қосымша тазартатын құрылыстар мен қондырғылар;
ағынды суды тазарту әдістерін әзірлеуге байланысты кәсіпорындардағы тәжірибелік қондырғылар мен цехтар;
су айдынын немесе жер астындағы суды ластайтын сұйық өндірістік қалдықтарды жинайтын, тасымалдайтын, қайта өңдейтін және жоятын қондырғылар мен құрылыстар;
кемелерден алынған шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар мен қоқыстарды кәдеге жарату, жинау және тазарту үшін арналған жағалық құрылыстар;
ағынды суды бастапқы сатысында тазартатын жеке құрылыстар (мұнай торлары, май сүзгілер, флотациялық қолдырғылардың және қоқырларды залалсыздандыратын қондырғылардың бейтараптайтын станциялары);
ағынды суды тазартатын құрылысқа жеткізетін және ағынды суды алқап сүзгісіне, суландыру алқабына, арнайы салынған жинауышқа, буландырғышқа арналған кәріз желілері;
коммуналдық ағынды суды тазартатын құрылыстар;
өнеркәсіптік ағынды суды (сонымен қоса жаңбыр суын) бұратын алаңнан тыс кәріз желілері және сондағы қайта айдайтын станциялар, ағынды суды бақылайтын, әзірлейтін, ағынды суды орташалайтын станциялар және апатты жағдайда лас сулар ағылғанда және олардың концентрациясы шектеулі нормадан асып кеткенде уақытша жинайтын сыйымдылықтар, кейіннен осы суды тазарту станциясына айдау.
Негізгі коммуникацияға өнеркәсіп кәсіпорындарының алаң ішіндегі желісі енгізілмейді. Егер кәріз желілері тазарту құрылысына жеткізілмесе және ластанған ағынды суды табиғи су объектілеріне ағызатын болса, онда осы желілерді күтіп ұстаудың және пайдаланудың шығындары осы жол бойынша көрсетілмейді;
2) лай сулар мен мұхиттық лас суларды тазартатын жағалық және жүзбе станциялар;
3) сумен қамтудың тұйық циклді жүйесі (ағынды суды тиісті тазартудан және өңдеуден өткізгеннен кейін техникалық сумен қамту қажетіне қайтару), сонымен қоса, әртүрлі қоқыстағы су мен күлді, басқа кәсіпорындардан келетін суды тазартатын айналым жүйелері, ұдайы және қайталап пайдаланатын айналым жүйелері;
4) су айдынынан, су қоймасынан, кемежайдан және ішкі теңізден мұнайды, қоқысты және басқа да сұйық қалдықтарды жинайтын қондырғылар, құрал-жабдықтар мен техникалық флоттар, сондай-ақ теңіздер мен кемелерді қосымша жабдықтау бойынша шараларды жүргізу;
5) Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес суды қорғайтын аймақты жан-жақты технологиялық, орман-мелиоративтік, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық шаралармен қолдау, су ресурстарының ластануы мен сарқылуы;
6) Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес судың зиянды әсерімен күресу бойынша, сондай-ақ санитарлық-сауықтыру (экологиялық) жіберулерді қамтамасыз ету үшін арнайы су қоймаларын ұстау. Гидроэнергетикалық, ирригациялық және өндірістік қажеттілік үшін арналған су қоймаларын күтіп ұстау мен пайдалану шығындары мұнда енгізілмейді;
7) салааралық маңызы бар арналық ауаландыру станциялары мен суды қорғайтын объектілер;
8) шығарылғандардың шашырауы;
9) жер бетіндегі және жер астындағы су ресурстарын ластамайтын сүзілу алаңы, суармалау таңабы, арнайы құрылған жинауыштар, буландырғыштар мен тұндырғыштар, ластанған ағынды суды бұру (қашыртқы);
10) шағын өзендердің ағынын реттеу, олардың арнасын тазарту және шағын өзендердің қолайлы гидрологиялық режимі мен санитарлық жай-күйін қалпына келтіру әрі қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
11) қашыртқы су мен кәріздеу суын (сонымен қоса күріш танабындағы қашыртқы суды) қайтадан пайдалану және олардың сапасын жақсарту (жинақтайтын сыйымдылықтар, тұндырғыштар, құрылыстар, суды ауаландырғыш құрылғылар, биологиялық каналдар, пестицидтерді ұстайтын экрандар) шараларын өткізу.
12) анағұрлым маңызды өзен бассейндеріндегі су шаруашылығы кешендерінің автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі – АБЖ). Суды қорғау кешендерімен қоса АБЖ, теңіздің, табиғи және ағынды сулардың (арнайы кемелерді, зертханаларды қоса алғанда) сапасын бақылау жүйесі, су үлестіруді басқару жүйесі (суармалы егіншілікті қоса алғанда), мемлекеттік су кадастры жүйесі, судың бастапқы есебін қамтамасыз ету және алынатын, әрі шығарылатын сулардың есебі бойынша, есеп деректерін өңдеу бойынша есептеу орталықтарының суды пайдаланудың мемлекеттік есебін жүргізудің жиынтық деректерін әзірлеу (автоматтандырылған станцияларды, өлшеу қондырғыларын күтіп ұстау және пайдалану);
13) қондырғылар, цехтар және пайдаланылған судан бағалы заттарды алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Бұған жататын қондырғылар мен цехтар: су ерітінділерінен органикалық еріткіштерді, гальваникалық және өңдейтін ерітінділерден, қара және түсті металлургияда, ағынды судан бағалы компоненттерін алатын, кинопленкаларды өндірген және өңдеген кезде пайдаланылған судан және қайта өңделген кальций, магний, натрий, фторлы қосылыстар тұздарынан негізгі химия зауыттарынан алынғаны, целлюлоза - қағаз, химия, мұнай химиясы және өнеркәсіп салаларының пайдаланылған титан-магний ерітінділері, пайдаланылған судан мұнай өнімдері мен майды бөлу және іске жарату, тазарту құрылыстарындағы артық лайды қайта өндеу, тамақ өнеркәсібіндегі қалдықтарды алу және қайта өңдеу, кәсіпорындарда пайда болған улы қосылыстарды қайта өңдеу және зарарсыздандыру, сондай-ақ өнеркәсіптің, көліктің, ауылшаруашылығының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының әртүрлі саласындағы басқа да сондай қондырғылар, цехтар, шаралар.
1-жолда өнеркәсіптік және коммуналдық су құбырларын күтіп ұстаудың және пайдаланудың шығындары, сонымен қоса су шаруашылығы жүйесінен өнеркәсіп кәсіпорындары алатын судың төлемдері, сондай-ақ Суға қатысты заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлдар көрсетілмейді.
2-жолда атмосфералық ауаны қорғау, күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі шығындар енгізіледі:
технологиялық агрегаттардан және ауаны желдеткіштен шығатын газдағы зиянды заттарды тұтатын және залалсыздандыратын қондырғы, олардың атмосфераға тікелей шығар алдындағы осы шығындарды ауаны қорғау санатына жатқызу, тек осы қондырғы өзінің тікелей мақсаты бойынша санитарлық болған жағдайда ғана, яғни зиянды заттарды атмосфера ауасына шығаруды қамтамасыз еткенде ғана жатқызылады. Бұл көрсеткішке атмосфераға шығатын газдардың зиянды заттарын тазарту әдісін әзірлеу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылар мен цехтарды күтіп ұстаудың және пайдаланудың, сондай-ақ атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын автоматтандырылған жүйенің, атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын зертхананы күтіп ұстаудың шығындары енгізіледі.
газдан шығатын заттарды іске жарататын қондырғы (өндіріс)
автомобильдердің пайдаланылған газдардың улылығын тексеру жөніндегі бақылау-реттеу орындары.
Ерекшелік ретінде атмосфералық ауаны қорғаудың ағымдағы құрамына, қалдық газдар тікелей ауаға шығар алдында қосымша жағатын және басқадай әдіспен қосымша тазалайтын қондырғылар мен құрылғыларды күтіп ұстау мен пайдалану шығындары енгізіледі.
Бұдан басқа, ерекше жағдайда, газ үрлейтін машиналар газ тұтқыш аппаратқа тікелей байланысты болған кезде, осы машинаны пайдалану шығындары да атмосфера ауасын қорғауға жатады. Технологиялық тәсіл элементтері болып саналатын газтұтқыш қондырғылар мен құрылғылар және шамалы шиказаттардан жоспарланған өнімді алу үшін қызмет ететін (зауыттарда техникалық көміртекті өндірген кезде реактордан шығатын газдағы қаракүйені тазарту; фосфор зауыттарында сары фосфорды өндірген кезде кенді қыздыратын пештен шығатын газды тазарту; химия зауыттарында күкірт қышқылын өндірген кезде пештің «қайнаған қабатынан» шығатын газды тазарту) ауаны қорғауға жатпайды. Сонымен қоса, атмосфералық ауаны қорғаудың ағымдағы шығындар құрамына қосылмайтын шығыстар:
газ қалдықтарын (ауа үрлегішті);
түтін тартқыштарды (желдеткіштерді);
түтін құбырларын пайдалану;
жұмыс орындарында, санитарлық-қорғаныш аймақтарында қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасауға қызмет ететін желдету мен кондиционерлеу жүйесі;
жасыл екпе ағаштарды күту, өйткені олар технологиялық тәсілдің, өнеркәсіптік санитарияның, көркейтудің құрамдас элементтері болып саналады.
3.1-жолға полигондарды, қатты қалдықтарды сақтауды арнайы ұйымдастырылған орындарды, сондай-ақ өндіріс қалдықтарының қатты қауіпті және басқа да улы заттарын зарарсыздандыратын қондырғыларды күтіп ұстау мен пайдалану шығындары енгізіледі. Бұған өндірістің қатты қалдықтарын жоюдың (сонымен қоса лас ағынды суды тазарту процесінде тұтылған және шығарылған технологиялық газдар мен желдетілген ауа), қалдықтарды жинайтын орынға тасымалдаудың немесе жоюдың ағымдағы шығындары жатады.
3.2-жолда арнайы техникаларды пайдаланудың, ағымдағы шығындарың қоса жерді қайта құнарландыруға, топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтаға шығындары көрсетіледі. Күрделі қаржы есебінен жерді қайта құнарландыруды жүзеге асыру шығындары осы жолда көрсетілмейді.
Есепті жыл бойы қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі қорларға есептелген амортизация қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындарға қосылмайды.
2.1 - бөлімнің 1-жолында ағынды суды қабылдағаны және тазартқан қызметі үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға жалпы төлемдері көрсетіледі. 2-жолда өндірістің және тұрмыстық қатты қалдықтарын (қауіптілерден басқа) арнайы орынға тасудың, сақтаудың, жоюдың (залалсыздандырудың) немесе іске асырудың көрсетілген қызметі үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға жалпы төлемі көрсетіледі.
3-жолда өндірістің қатты қауіпті қалдықтарын арнайы орынға тасудың, сақтаудың, жоюдың (залалсыздандырудың) немесе іске асырудың көрсетілген қызметі үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға жалпы төлемі көрсетіледі.
3-бөлімде қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін есептелген және нақты төленген төлемдер, табиғат ресурстары үшін төлемдер, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың экологиялық заңнаманы бұзғандары үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдер көрсетіледі.
1-жол бойынша ластағыш заттардың шығарындылары мен төгінділері және белгіленген лимиттер шегінде өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төленуге ұсынылған және нақты төленген төлемдер көлемі көрсетіледі.
1.1-жол бойынша нормативтер (лимиттер) шегінде ластағыш заттарды табиғи су қоймасына, сүзілу алаңына, жинауыш тоғанға төккені үшін төленуге ұсынылған және есепті жылы төленген төлемдер көрсетіледі.
1.2-жол бойынша тұрақты көздер (жылжымалы ластау қайнар көздерін қоспағанда) үшін белгіленген шектелімде ластайтын заттарды атмосфераға шығарған және нақты жұмсалған отын үшін төленуге ұсынылған және есепті жылы төленген төлемдер көрсетіледі.
1.3-жолда полигондарда, үйінділерде қалдықтарды орналастырғаны (үйгені, көмгені) және өндіріс қалдықтарын белгіленген шектелімде орналастырғаны (пайдаланбағаны) үшін төленуге ұсынылған және есепті жылы төленген төлемдер көрсетіледі.
2-жолда қоршаған ортаны нормативтен тыс (шектелімнен тыс) ластағаны, яғни кәсіпорынның ластайтын заттарды (қалдықтарды) белгіленген нормативтен тыс шығарғаны (төккені, орналастырғаны) үшін есептелген және төленген қаражаттар көрсетіледі. Бұдан басқа, кәсіпорынның зиянды заттарды шығарғаны (төккені) және қалдықтарды орналастырғаны үшін рұқсатты ресімдемеуі бойынша ластайтын заттар (қалдықтар) түрлері бойынша төлемдері көрсетіледі.
2.1-жолда табиғи су объектілеріне, сүзілу объектілеріне, жинауыш тоғанға және басқа да жасанды су қоймасына ластайтын заттарды нормативтен тыс төккені үшін төленуге ұсынылған және есепті жылы төленген төлемдер көрсетіледі.
2.2-жолда ластайтын заттарды атмосфераға нормативтен тыс шығарғаны үшін төленуге ұсынылған және есепті жылы төленген төлемдер көрсетіледі.
2.3-жолда полигондарда, үйінділерде қалдықтарды (үйгені, көмгені) және өндіріс қалдықтарын нормативтен тыс орналастырғаны (пайдаланбағаны) үшін төленуге ұсынылған және есепті жылы төленген төлемдер көрсетіледі.
3-жолда кәсіпорындардың экологиялық заңнамаларын бұзудан болған залалды өтеуге ұсынылған және нақты өндіріп алынған барлық қаражаттар ескеріледі. Бұған қоршаған ортаны апатты жағдайда ластағаны, табиғат ресурстарын тиімсіз пайдаланғаны немесе бүлдіргені үшін төлемдер жатады. Бұған сонымен қоса нақты лауазымдық тұлғалардың жазалары енгізіледі.
4-жолға табиғат ресурстарын пайдаланғаны, табиғат ресурстарын тиімсіз және жан-жақты пайдаланбағаны үшін есептелген және нақты белгіленген төлемдер енгізіледі.
5-жолда Қазақстан Республикасы Салық заңнамасына сәйкес анықталатын жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері көрсетіледі.
4-бөлім бойынша қорғау жөніндегі қондырғылар мен құрылыстардың күрделі жөндеуіне арналған шығын көлемін атай отырып, табиғатты қорғауға арналған негізгі құрал-жабдықтардың күрделі жөндеу шығындары көрсетіледі: атмосфералық ауаны (1-жол); су ресурстарын ұтымды пайдалану (2-жол). Су ресурстары мен ауа бассейнін қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі құрал-жабдықтардың құрамы, осы нұсқаулықтың 3-бөлімінде 4-ҚО (жылдық) статистикалық нысанның 2-бөлімін толтыру бойынша әдіснамалық түсініктемелерінде (3.2-жолдан басқа) аталған қондырғылар мен құрылыстар тізбесіне сәйкес келуі тиіс.
9-жолда өндірістік қалдықтарды тасуға, сақтауға және жоюға, сондай-ақ жерді қайта құнарландыруға байланысты негізгі қорларды күрделі жөндеу шығындары көрсетіледі.
5-бөлімнің 1-3-жолдарында қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны ағымдағы құнмен көрсетіледі.
3-жолға жерді өндірістік қалдықтармен ластанудан қорғауға, сондай-ақ жерді құнарландыруға ғана байланысты пайдаланылатын негізгі қорлардың құны кіреді.
4. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 3-бөлім. «Экологиялық төлемдер және табиғи ресурстар үшін төлемақы көлемі»:
1-коды = 1.1, 1.2, 1.3-кодтардың қосындысына
2-коды = 2.1, 2.2, 2.3-кодтардың қосындысына
4-коды > 4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 4.5-кодтардың қосындысына.
2) Бөлімдер арасындағы бақылау:
1-бөлім кодтарының қосындысы > 2-бөлім кодтарының қосындысына 1-бөлімнің 1-коды > 2-бөлімнің 2-коды + 4-бөлімнің 1-коды
1-бөлімнің 2, 4-кодтарының қосындысы > 2-бөлімнің 1-коды + 4-бөлімнің 2-коды
1-бөлімнің 3, 4, 6-кодтарының қосындысы > 2-бөлімнің 3.1 + 3.2-кодтары
2.1-бөлімнің 1-жолы < 2-бөлімнің 1-коды
2.1-бөлімнің 2,3-жолдарының қосындысы < 2-бөлімнің 3.1-коды
егер 2-бөлімнің 1-коды № 0, онда 4-бөлімнің 2-коды № 0
егер 2-бөлімнің 2-коды № 0, онда 4-бөлімнің 1-коды № 0
егер 4-бөлімнің 2-коды № 0, онда 5-бөлімнің 1-коды № 0
егер 4-бөлімнің 1-коды № 0, онда 5-бөлімнің 2-коды № 0
егер 2-бөлімнің 1-коды № 0, онда 5-бөлімнің 1-коды № 0
егер 2-бөлімнің 2-коды № 0, онда 5-бөлімнің 2-коды № 0
егер 2-бөлімнің 3.1 және 3.2-коды № 0, онда 4-бөлімнің 3-коды №0