Босқын куәлігі, жол жүру құжаты, пана іздеген адамның куәлігі, пана іздеген адамды тіркеу үшін ішкі істер органдарына жолдама, босқынды тіркеу үшін ішкі істер органдарына жолдама үлгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2010 жылғы 30 наурыздағы N 100-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 сәуір Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6193 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 498 Бұйрығымен.

      «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының күші жойылуына байланысты және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Стоматологиялық ұйымдардың құрылымына, жабдықталуына, оларды пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бағытталған талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 26 маусымдағы № 24 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1918 болып тіркелген), күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Төрағаның міндетін
      атқарушы                                   А. Есмағамбетова