Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 200

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 4 қазандағы № 152 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6622 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2015 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 491-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Азаматтарды шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу Қазақстан Республикасында қолданылмайтын емдеудің жоғары технологиялық әдістерін талап ететін мынадай аурулар болған кезде жүзеге асырылады: эндоваскулярлық емдеу үшін жұлынның артерия-веналық мальформациялары; радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы артерия-веналық мальформациялары мен ісіктер; туа біткен жүрек кемістігі мен жүре пайда болған жүрек кемістігінің салдарынан Эйзенменгер синдромы; жүректі транспланттауды талап ететін жүрек функциясының терминалдық кемістігі; бүйректі транспланттауды талап ететін бүйректің созылмалы кемістігі; терминалдық сатысы бауырды транспланттауды талап ететін бауыр аурулары; жұлынды транспланттауды талап ететін қан өндіру жүйесінің аурулары; өңеш стеноздары; трахея стеноздары.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Комиссия, егер науқас 18 жасқа дейінгі бала, жүкті әйел болып табылса, сондай-ақ ағзаларды транспланттау кезінде туыстық донор болса, науқасты шетелге емделуге жіберудің басымдығын қарайды.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов