Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаул

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 137 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6552 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауындағы «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақта:
      «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
      кіріспедегі «8-1 бабын» деген сөздер мен цифрлар «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын.
      көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы Заң) және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымдарының қызметін (бұдан әрі – Ұйым) жан-жақты нақтылайды, оның ішінде деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу актісінің нысанын, Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптарды, деректер базасының құрылымына, жеткізуші деректер базасын қалыптастыру үшін ақпаратты ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды, жеткізуші ұсынатын ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптарды, оны электронды түрде ұсыну мерзімін, сондай-ақ сақтандыру есептерін ұсынудың тәртіптерін белгілейді.»;
      1-тармақта:
      бірінші абзацта «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Сақтандыру қызметі туралы Заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңында» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақшада:
      «есебін алушылар және» деген сөздерден кейін «Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағында және» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      «шарт жасауы міндетті» деген сөздерден кейін «Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 4-тармағының 3) және 5) тармақшаларында және» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      7) тармақшадағы «көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру» деген сөздер «сақтандыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшада «ақпараттық жүйесі - » деген сөздерден кейін «Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағында және» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      2-тармақта «Заңның» деген сөздің алдынан «Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 4-тармағының 1), 2), 4), 6), 7), 8) тармақшаларында және» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Ұйымның қызметін жүзеге асыру осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу актісі және Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелер болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.
      2-2. Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелерде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) ақпаратты ұсыну және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасау тәртібі;
      2) деректер базасынан ұсынылатын сақтандыру есептерінің тізбесі мен нысандары;
      3) сақтандыру есептеріндегі ақпараттың түрі, мерзімі (мерзімділігі), көлемі және сақтандыру есептерін алу тәртібі;
      4) деректер базасынан ақпаратты ұсыну қызметіне төлем жүргізу тәртібі;
      5) деректер базасын қалыптастыру үшін ақпаратты ұсыну түрі, көлемі, мерзімі (мерзімділігі), тәртібі;
      6) Ұйымның, ақпаратты жеткізушінің және сақтандыру есебін алушының құқықтары мен міндеттері;
      7) Ұйымның, ақпаратты жеткізушінің және сақтандыру есебін алушының жауаптылығы;
      8) Ұйымның жұмыс істеу режимі.»;
      3, 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сақтандыру есептерін қалыптастыру үшін Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында және Заңның 8-1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Ұйымның және ақпаратты жеткізушінің арасында ақпаратты ұсыну және (немесе) сақтандыру есептерін алу шарты жасалынады.
      Ақпаратты ұсыну және (немесе) сақтандыру есептерін алу шартының мазмұнына қойылатын талаптар Сақтандыру қызметі туралы Заңның 83-бабымен және Заңның 8-3-бабымен белгіленеді.
      4. Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағында және Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілерін Ұйымда тіркеу Сақтандыру қызметі туралы Заңның 84-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Сақтандыру есебін алушыдан Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 4-тармағында және Заңның 8-1-бабының 8-тармағында көрсетілген қағаз тасымалдауышта сақтандыру есебін (кіру рұқсаты шектеулі және (немесе) стандартты) ұсыну туралы сұратуды алған жағдайда Ұйым есепті осы алушыларға сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынады.
      Сақтандыру есебін Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 4-тармағында және Заңның 8-1-бабының 8-тармағында көрсетілген тұлғаларға ұсыну Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      6, 7-тармақтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында және Заңның 8-1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Ұйымға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген) бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінің 1-қосымшасында көзделген мәліметтерді нақты уақыт режимінде береді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Заңның 8-1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Ұйымға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген) 2-қосымшасында көзделген мәліметтерді нақты уақыт режимінде береді.»;
      11-1-тармақтың бірінші абзацында «мәліметтерді» деген сөздерден кейін «Заңның 8-1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      12-тармақ алып тасталсын;
      13-тармақтың бірінші бөлігіндегі:
      бірінші абзацта «келісуі бойынша,» деген сөздерден кейін «Сақтандыру қызметі туралы Заңда және» деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақшада «Заңның» деген сөздің алдынан «Сақтандыру қызметі туралы Заңның 81-бабының 1-тармағында және» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
      2) тармақшада «талаптары» деген сөзден кейін «Сақтандыру қызметі туралы Заңда және» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада «сақтандыру» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген) сәйкес» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын»;
      14-тарамақ алып тасталсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 4-тармағында және Заңның 8-1-бабының 8-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға деректер базасынан сақтандыру есептерін беру Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру есептеріне кіру деңгейіне және олардың түріне қатысты жүзеге асырылады.»;
      16, 17-тармақтар алып тасталсын;
      33-тармақта ресми тілдегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      48-тармақта «кешені» деген сөз «кешенімен жабдықталуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      51-тармақта «құралдар болуы» деген сөздер «құралдармен жабдықталуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      67-тармақта:
      «Заңның» деген сөздің алдынан «Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен толықтырылсын»;
      «Қазақстан Республикасының заңнамасымен» деген сөздер «Сақтандыру қызметі туралы Заңмен, Заңмен және осы Нұсқаулықпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қосымшасына» деген сөздің алдынан «2-» деген цифрмен толықтырылсын;
      осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;
      қосымшада:
      он жақтағы жоғарғы бұрыштағы жазба мынадай редакцияда жазылсын:

«Деректер базасын қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі  
нұсқаулыққа 2-қосымша»; 

      атауындағы және бұдан әрі мәтін бойынша «Заңның» деген сөздің алдынан «Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында және» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын».
      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш.Қарақұлова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне және «Актуарлық статистикалық бюро» ЖШС-ға мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                              Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2010 жылғы 3 қыркүйек    
№ 137 қаулысына 1-қосымша  

«Деректер базасын қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі  
      нұсқаулыққа 1-қосымша»; 

Деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу
АКТІСІ
______________________________________________________________
(Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымның атауы)

    ________________________          ________________________
            күні                            жасалған орны

      «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы Заң) 79-бабының 5-тармағына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия құрылып:
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкілдері (лауазымын, аты-жөнін, бар болса - әкесінің атын көрсету):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның өкілдері (лауазымын, аты-жөнін, бар болса - әкесінің атын көрсету):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                (атауы)

      деректер базасын қалыптастыру және жүргізу Ұйымының деректер базасының басқару жүйесін пайдалануға енгізудің осы актісін жасады.

      Комиссия жұмысына деректер базасын қалыптастыру және жүргізу Ұйымының өкілдері (лауазымын, аты-жөнін, бар болса - әкесінің атын көрсету) қатысады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілерімен ақпаратты ұсыну туралы жасалған шарттарға қатысты ақпарат:

Ақпаратты жеткізушінің аты

Шарттың нөмірі мен жасалған күні

Тестілеу нәтижесі

Тестілеу нәтижесіне түсіндірме

1

Сақтандырушылар




1.1









2


Деректер базасы субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органы




2.1









3

Өзге тұлғалар




3.1









4

Барлығы (саны)




      Сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру жөніндегі ақпараттық процестің ұйымы:
      Деректер базасын басқару жүйесінің сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Ақпаратты ұсыну туралы шартты жасаған ақпаратты жеткізушілерімен ақпараттық процесті тестілеу нәтижесі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу Ұйымының өкілдері түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Комиссия техникалық және өзге құжаттарды, Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілермен жасалған ақпаратты ұсыну туралы шарттарды, деректер базасын қалыптастыру және жүргізу Ұйымын _________________________,
                                                (атауы)
оның деректер базасын басқару жүйесін және сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға арналған өзге объектілерді зерттеп және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі осы Ұйым __________________ деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізуге дайын /дайын емес екенін белгіледі.

      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу Ұйымы комиссия актісіне қоса берілген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға, деректер базасын басқару жүйесіне және ақпараттық процесті тестілеуге қатысты мынадай құжаттарды ұсынды:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Акт үш данада жасалды және бір-бір данамен мыналарға жіберілді:
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға;
      ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға;
      деректер базасын қалыптастыру және жүргізу Ұйымына.
      Комиссия мүшелері (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, қолы және қол қойылған күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу Ұйымының өкілдері (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, қолы және қол қойылған күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу Ұйымының басшысы (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, қолы және қол қойылған күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________».