Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 248/38-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 22 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 594 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 410/54-IV Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Атамекен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атамекен ауылдық округіне қарасты:
      Талапты ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Еңбекші, Жаңа жол, Жаңатұрмыс, Бостандық, Ескі жұрт, Тұйық, Ынталы, Молшылық, Желтоқсан, Қара ағаш;
      Жемісті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Шығыс, Ынтымақ, Достық, Жеңіс, Береке, Дихан, Жастар, Наурыз, Жігерлі, Бірлік;
      Мақташы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Арайлы, Ақ жол, Бейбітшілік, Ақ алтын, Мамыр;
      Жеңістің 40 жылдығы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көгал, Іргелес;
      Қоғалы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көрікті, Бәйтерек, Орталық, Имек, Бескетік, Қосаба, Жолайрық;
      Атамекен ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бірлестік, Жаңару, Батыс деген атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі                       О. Шыршықбаев