Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 542 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 410/54-IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 410/54-IV Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңының 8-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада N 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашадағы N 192-194 "Астана хабары", 2007 жылғы 29 қарашадағы N 187 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 50/8-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен енгізілген өзгерістермен қоса (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 491 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурыздағы N 32-33 "Астана хабары", 2008 жылғы 8 наурыздағы N 27 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында :
      мәтіндегі "Департамент", "Департаментпен", "Департаментіне" деген сөздер "Басқармасы", "Басқармамен", "Басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8 тармақ 6-1) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "6-1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олар өлді деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар;".

      19-тармақтың 1)-тармақшасында "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8-баптарымен мәртебесі анықталған" деген сөздер алынып тасталсын;

      21-тармақ "азаматтарға" деген сөзінен кейін ", жеке куәлікті және жол жүру билетін пайдалану құқығы расталған куәлік көрсеткен кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      47-тармақта:

      2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) салынған жеке тұрғын үйде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен мәртебесі анықталған жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - ақшалай түрінде беріледі.";

      47 тармақтың екінші бөлімі "беріледі" сөзінен кейін ", тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда осы құқығы тағы да ұсынылады";

      48-тармақта "тілек білдірген" деген сөздер алынып тасталсын;

      54-тармақ мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
      "Тұрғын үй газбен жабдықталмаған, ал электр қуатын тамақ дайындау үшін қолданылатыны жөнінде құжат болғанда газбен жабдықтау жөнінде төмендегі нормативтері шегінде - 200 кВт адамға газға төленетін төлем есебіне электр қуатына белгіленген шамадан жоғары төлейді, бірақ 400 кВт үйге астам емес.";

      59-тармақ "көмек" деген сөзінен кейін "өтініш берген айдан бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

      61-1-тармақ мынадай мазмұны жазылсын:
      "61-1. Коммуналдық қызметтерді төлеуге Әлеуметтік көмекке құқығы бар бірнеше адамдар бір тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген жағдайда Әлеуметтік көмек тек қана біреуіне беріледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                  С.Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                          В.Редкокашин