"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 152-IV Заңы

       1-бап. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 316-құжат; 2008 ж., N 10-11, 40-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       3-бапта :
      төртінші абзацтағы "22" деген цифрлар "21-23" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзац алып тасталсын.

       2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев