Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде N 2186 тiркелген "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 17 қаңтардағы N

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 42 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2749. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 122 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.02.23 № 27 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері мен Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне (тіркеу нөмірі 2344, 2003 жылғы 31 шілдедегі № 86 "Қостанай" газеті) өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің 1-қосымшасына комиссия құрамына енгізілсін:
      Ерунович Евгений Владимирович, қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
      Ким Владимир Арсентьевич, "Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
      Комиссия құрамынан шығарылсын:
      Полешко Валерий Афанасьевич, Қитаров Болат Аяпбергенұлы.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы