Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.12.30 № 687 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық өтініштер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 634 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5455 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 2 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
N 585 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 634 бұйрығына 3-қосымша
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ (САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ)
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУ
ТУРАЛЫ САЛЫҚТЫҚ ӨТІНІШІ
(қағаз мәтінінен қараңыз)