"Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету  жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 653 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4030. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 881 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.12.30 N 881 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438  Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2635 тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2005 жылғы 11 тамыздағы N 396  бұйрығымен енгізілген өзгерістермен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3823 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. ЖММК көлемі мен түрлері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен тізбелерге сәйкес стандарттарға (емдеу мен диагностиканың хаттамаларына) сәйкес белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. ЖММК мөлшерлі көлемі - төлемге жатпайтын сапасыз медициналық көмек көрсету жағдайларын қосқанда, уәкілетті органдар бекіткен, берілген есеп нысаны бойынша өзге есеп беру кезеңі (бұдан әрі - есеп нысаны) немесе жатқызу жағдайларының жалпы саны.";

      7-тармақта "уәкілетті орган бекітетін (бұдан әрі - есеп нысаны)" деген сөздер алынып тасталсын;

      13-тармақта "және медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің басшысы келісетін" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (У.Ахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы