«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтыр

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 269-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6005 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 26.06.2015 № 435 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-ө бұйрығына (2007 жылғы 7 мамырдағы Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4661 болып енгізілді, 2007 жылғы 25 мамырдағы № 78 «Заң газеті» газетінде, 2007 жылғы сәуір-мамыр Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған), мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      бүкіл мәтін бойынша «Акт-нұсқама», «Акт-нұсқаманың» деген сөздер «тексеріс нәтижелері туралы акт» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бұйрықтың 1-қосымшасында:
      «______________________________________________________СТН»
               (табиғат пайдаланушы атауы, мекен-жайы)
      деген жол «СТН» деген аббревиатурасынан кейін «ЖСН», «БСН» деген аббревиатураларымен толықтырылсын;
      «мекен-жайы» деген сөздерден кейін «аумақ учаскесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      «тексеріс сұрағы » деген жолдағы «сұрағы» деген сөз «заты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «тексеріс сұрағы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «тексеріс кезеңі ________________________________________ »;
      «_____________________________________________ негізінде» деген
      (тексеріс жоспары, қарар, шағым/атауы, күні, нөмірі)
      жолдағы «тексеріс жоспары, қарар, шағым/атауы, күні, нөмірі» деген сөздер «тексерісті жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде, міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бұйрықтың 3-қосымшасында:
      « ____________ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік
        (бас/ жоғары) экологиялық инспекторымен» деген жол мынадай редакцияда баяндалсын:
      « ____________  мемлекеттік экологиялық инспекторымен»;
         (бас/аға)
      «Іс бойынша өндіріс тілі ________ белгіленді» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Бұзушыға «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 584-бабымен қарастырылған құқықтары түсіндірілді ____ »;
             қолы
      «Әкімшілік жаза ________ салынды.» деген жол «жаза» деген сөзден кейін «ҚР ӘҚК _________ бабы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      бұйрықтың 5-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда баяндалсын;
      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Н. Әшімов

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау    
министрінің          
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 269-ө бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау    
министрінің          
2007 жылғы 5 сәуірдегі    
№ 100-ө бұйрығына 5-қосымша

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі тексерістің нәтижелері туралы акт

қ/п _____________  № ____________                    _____________ ж.
   (өткізу орны)
_____________________________________________________________________
       (тексеру жүргізген тұлғалардың лауазымдары, аты-жөндері)
_____________________________________________________________________
                  (үшінші жақтың аты-жөні, лауазымы)
_____________________________________________________________________
   (табиғат пайдаланушының өкілі жеке тұлғаның аты-жөні, лауазымы)
қатысуымен __________________________________________________________
         (жеке тұлғаның аты-жөні немесе табиғат пайдаланушының атауы)
___________________________________________________________ негізінде
                      (шағым, арыз, жоспар)
__________________________________________________ тексеру жүргізілді
  (жоспарлы/жоспардан тыс, кешенді/тақырыптық)
Тексеруді тағайындау жөніндегі акті №___ 20__жылғы «___» ___________
____________________________________________________________________                               (тіркеу орыны)
Тексеру жүргізу кезеңі _____________________________________________
Заңды тұлғаның банктік реквизиті:
КБК банктік реквизиті____________, төлемді тағайындау коды: ________,
ИИК ________________________________________________________________
Бенифициар: ________________________________________________________
Бенефициар банкі: __________________________________________________
БИК код: ___________________________________________________________
Кбе ________________________________________________________________
СТН (ЖСН)* _________________________________________________________
БИН ________________________________________________________________
Пошталық мекен-жай, адрес, телефон _________________________________
____________________________________________________________________
(алдыңғы тексеру жөнінде мәлімет және бұрын анықталған экологиялық
____________________________________________________________________
       заңдарды бұзушылықтар бойынша қолданылған шаралар)
Объектінің қысқаша сипаттамасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Экологиялық заңдардың сақталуын тексеру барысында келесі бұзушылықтар анықталды:

Бұзушылықтың сипаттамасы

Табиғатты қорғау заңнамасының нормалары




      «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 17-тармағына сәйкес, тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісі үш күндік мерзімде қарсылықтар болмағанда тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісілген мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.

      Тексеру нәтижесі жөніндегі актіге қосымшалар: _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Акті толтырғандар: __________________________________________________
                              (лауазымы, аты-жөні, қолы)
Тексеруге қатысқандар _______________________________________________
                                  (аты-жөні, қолы)
Актіні орындауға алдым: _____________________________________________
                                  (лауазымы, аты-жөні, қолы)

М.О.

      Табиғат пайдаланушыларды тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы ________________________________________

№ ___________________________ 20 ____ жылғы «___» ___________________
(тексеріліп жатқан субъектінің белгісі)

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау    
министрінің          
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 269-ө бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау    
министрінің          
2007 жылғы 5 сәуірдегі    
№ 100-ө бұйрығына 6-қосымша

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 117-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша тексеріс нәтижелері туралы 20___ жылғы __________ №_____ актісі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау барысында анықталған бұзушылықты жою мақсатында ________________ ________________________________________________________________
________________________________________________________________
                (табиғат пайдаланушының атауы)

НҰСҚАМА БЕРЕМІН:

Нұсқамалар

Орындау мерзімі

Негіздеме













Осы Нұсқаманың орындалуы жөнінде ақпарат көрсетілген мерзімге сәйкес ____________________________________________________________________
   (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы) ұсынылсын.

      Көрсетілген мерзімде Нұсқама орындалмаған жағдайда кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікті тартады.
_________________ Мемлекеттік экологиялық инспектор _________________
    (бас, аға)                                       (қолы, аты-жөні)

      1. Нұсқаманы берді:_______________________"___"_____20___ж.
                            (аты-жөні, қолы)
      2. Нұсқаманы орындау үшін алды:_______________"___"___20___ж.
                                     (аты-жөні, қолы)

М.О.