Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 526 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5965 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 № 258 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж. Түймебаев

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      __________ Г. Әбдіқалықова
      20 қараша 2009 ж.

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      ____________ Ж. Досқалиев
      23 қараша 2009 ж.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 18 қарашадағы  
N 526 бұйрығымен бекітілген

Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Стандарт білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін субъектілерге (бұдан әрі — әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер), өмірде қиын жағдайға душар болған балаларға таратылады.
      3. Осы Стандартта балаларға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, оларды ұсынудың көлемі мен шарттары белгіленген.

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілер

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге мына ұйымдар жатады:
      1) тұратын орнын ұсына отырып, азаматтардың белгілі бір санатының білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары:
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер;
      девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттық мекемелер;
      мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған стационарлар;
      әртүрлі бейіндегі балалардың сауықтыру орталықтары;
      2) азаматтардың белгілі бір санатының білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдары:
      оңалту орталықтары;
      психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
      мектепке дейінгі және мектептік арнаулы ұйымдар; жалпы дамыту және түзеу сипатындағы функцияларды қатар атқаратын мектепке дейінгі және мектептік аралас ұйымдар;
      мүмкіндігі шектеулі және қалыпты дамып келе жатқан балаларды бірге тәрбиелеуге арналған мектепке дейінгі және мектептік инклюзивтік ұйымдар;
      күндіз болатын қызметтер/бөлімдер (бұдан әрі - КБҚ/Б) (күндіз қызмет көрсететін орталықтар, оңалту орталықтары, отбасы мен баланы қолдау қызметтері, ерте араласу, әлеуметтік қатер тобындағы ересек адамдарға арналған орталықтар, кризистік орталықтар).
      3) қабылдаушы отбасылар: патронаттық отбасы, асырап алушылар.
      Аталған тізбеде арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілердің барлығы қамтылмаған.

3. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдар санаты

      5. Арнаулы әлеуметтік көмек алатындарға мыналар жатады:
      1) жетiм балалар – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
      2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қажет ететін балалар;
      3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар — медициналық қорытындымен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала;
      4) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi оқыту, тәрбиелеу мекемелері қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;
      5) девиантты мінез-құлықты балалар — мектепке бармайтын немесе мектепте мінез-құлқында проблемалары бар, алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды теріс пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, қылмыстық әрекетке тартылған немесе бейім, психологиялық, дене немесе сексуалды зорлық көрген немесе осындай зорлыққа тап болып отырған және осының салдарынан қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндігі жоқ 18 жасқа дейінгі балалар.
      6) әлеуметтік қатер тобындағы отбасы — 18 жасқа дейінгі балаларды өсіріп отырған және ең болмағанда ата-анасының біреуі алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, әлеуметтік дағдыларының жоқтығынан балаларын тиісті түрде қадағалауды білмейтін немесе қадағалай алмайтын, оларға психологиялық, дене немесе сексуалды зорлық жасайтын, алып отырған мемлекеттік қолдауды отбасының мүддесіне жұмсамайтын, осыған байланысты балалардың дене, ақыл-ой, рухани, адамгершілік дамуына қауіп төнген отбасы.
      Әлеуметтік қатер тобындағы отбасыға "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес балаға уақытша қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген отбасылар да жатады.

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, көлемі және ұсынылу шарттары

      6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер тағайындалуына байланысты төмендегідей бөлінеді:
      1) балаларды тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
      2) баланың жеке жағдайын ескере отырып, денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
      3) балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың психологиялық жағдайын түзеуді қарастыратын әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
      4) дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық түзеуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
      5) балалардың өмір сүру сапасын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
      6) балалардың құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңдық көмек көрсетуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер;
      7. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер тізбесі:
      1) азаматтардың белгілі бір санатының білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін, тұратын орын ұсынатын және/немесе күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдарында ұсынылатын қызметтер:
      әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудегі жеңілдіктер мен басымдықтарды алуға жәрдемдесу;
      тұрғын үй алаңын, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларына арналған 4-6 орындық және 5-11-сынып оқушыларына арналған 2-4 орындық жатын бөлме бір жататын орынға 4 м х 2 м есебінен, ойын бөлмелерінің ауданы бір оқушыға 2 м х 2 м есебінен болуы тиіс.
      қауіпсіз және баланың қажеттілігін қанағаттандыратын ортаны және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын орынды қамтамасыз ету. Кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, орынжай ішінде жүріп-тұруға қолайлы болуы, оңалту, медициналық-әлеуметтік, психологиялық-түзеу іс-шараларын өткізу, демалысты және бос уақытты ұйымдастыру мақсатында қызмет көрсетілетін орынжай жылы, желдетілетін және жарық бөлмелермен, сондай-ақ арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.
      санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкестігі;
      ақыл-ойын, сезімін, рухани және дене бітімін дамытуға ықпал ететін отбасы жағдайына жақындатылған қолайлы жағдай жасау;
      баланың қажеттілігін қамтамасыз ететін және жекешелігіне кепілдік беретін ететін гигиенаға арналған орынжайды қамтамасыз ету;
      тәрбиеленушілердің өзін-өзі кәсіби бағдарлануына және шығармашылық еңбегіне арналған жағдайлар жасау;
      оңалту және емдеу шараларын ұйымдастыруға арналған орынжайды, жиһаздарды, арнайы жабдықтарды, емдеу-еңбек және оқу қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетулерді ұсыну;
      "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 қаулысымен (бұдан әрі — қаулы) бекітілген нормалар бойынша 3-қосымшаға сәйкес тамақ, оның ішінде диеталық тамақтарды ұсыну;
       2-қосымшаға сәйкес жұмсақ мүкәммал ұсыну (киім-кешек, ішкиімдер мен төсектік керек-жарақтар);
      балаларды емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысуға апару кезінде көлік ұсыну;
      баланың қажеттіліктеріне сәйкес келетін салауатты және қауіпсіз ортаны ұйымдастыру және ұсыну;
      күнделікті тұрмыстағы, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну, шешіну, тамақ ішу сияқты іс-әрекеттерді орындауға қабілетсіз балаларға күтім жасау және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету және осы іс-әрекеттерге үйрету;
      балаларды азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиелеуге (шартқа сәйкес), қонақ отбасыларына (каникул, демалыс немесе жұмыс күні емес мейрам күндері) уақытша беруді жүзеге асыру;
      аз қамтылған балаларды қажетті киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ету;
      баланы патронатқа, қонақ отбасына анықтау үшін отбасыларын іріктеу. Отбасында болу мерзімін анықтау кезінде баланың пікірі ескеріледі;
      қажет болған жағдайда (алыс жерде тұруы, кезекші болуы, туыстарының іссапарда болуы) күндіз болатын ұйымдарда баланың бес күндік режимде болуына рұқсат етіледі. Аталған қызмет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың құнына кірмейді;
      2-қосымшаға сәйкес күндіз болатын ұйымдар үшін жұмсақ мүкәммал ұсыну (төсек жабдықтары);
      қабылдаушы отбасылардың өмір сүру жағдайларына зерттеу жүргізу, олардың жеке ерекшеліктерін, тұрмыс салты мен әдет-ғұрыптарын, отбасындағы жеке тұлғалық қарым-қатынасын зерделеу, барлық отбасы мүшелерінің балалардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайындығын бағалау және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жоспарын іске асыру, қабылдаушы отбасылардың өмір сүру жағдайын тексеру актісінде (бұдан әрі – тексеру актісі) көрсету;
      балаларға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қажетті білікті қызметкерлермен және құрылыммен қамтамасыз ету;
      2) отбасы жағдайында:
      бір отбасының мүшесіне және тәрбиелеушіге берілетін тұрғын жайдың жалпы алаңы кемінде 15 шаршы метрді құрайды;
      баланың білім алуы үшін қажетті жағдай жасау, оның денсаулығына, физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық көрсету;
      3-қосымшаға сәйкес диеталық тамақтануды қоса, тамақтануды ұсыну;
      2-қосымшаға сәйкес жұмсақ мүкәммал ұсыну (киім, аяқ киім, ішкиім және төсек жабдықтары);
      8. Мыналар:
      1) азаматтардың белгілі санаттарының білім алу, тұратын орын мен күндіз болуларымен қоса тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:
      әлеуметтік-медициналық қызметтерді алуға көмек көрсету;
      медициналық-әлеуметтік тексеріс жүргізу;
      алғашқы медициналық тексеруді және алғашқы санитарлық тазалауды жүргізу;
      алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
      тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мөлшерін көрсетуге жәрдемдесу;
      емдейтін дәрігердің дәрі белгілеуіне сәйкес медициналық қызмет көрсетуге лицензия болған жағдайда медициналық процедуралар жүргізу;
      денсаулық жағдайын бақылау (дене температурасын өлшеу);
      емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
      ауруханаға жатқызуды жедел ұйымдастыру және денсаулық сақтау ұйымына балаларды жеткізіп тұру;
      сәбиді (баланы) күтіп-бағуды, медициналық ұсыныстар мен сәбидің (баланың) денсаулық жағдайына сәйкес маман дәрігерлерге жүйелі түрде көрсетіп, емдеуді қамтамасыз ету;
      консультативтік көмек көрсету (білікті маман жоқ болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымынан міндетті түрде маман шақыру);
      үйдегі жағдайда оңалту іс-шараларын өткізу үшін отбасы мүшелерін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-медициналық білім негіздеріне отбасы мүшелерін оқыту;
      төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;
      профилактикалық іс-шаралар өткізу;
      тірек қозғалыс қабілеттерінде ауытқушылықтары бар балаларды оңалту;
      2) отбасы жағдайында:
      сәбиді (баланы) күтіп-бағуды, медициналық ұсынымдар мен сәбидің (баланың) денсаулық жағдайына сәйкес маман дәрігерлерге жүйелі түрде көрсетіп, емдеуді қамтамасыз ету;
      жүйелі медициналық тексеруді қамтамасыз ету;
      емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
      оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын өткізу;
      күтіп-бағуды, оның ішінде балалардың жағдайын ескере отырып санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету.
      9. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің тізбесі:
      1) азаматтардың белгілі санаттарының, тұратын орнын ұсынумен және/немесе күндіз болуларымен қоса білім, тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:
      баланы психологиялық диагностикадан өткізу және психологиялық түзеу;
      бала мен ата-ана қарым-қатынасын психологиялық диагностикадан өткізу және психологиялық түзеу;
      психологиялық терапевтік көмек көрсету;
      балаға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі жеке жоспардың қажеттіліктерін бағалау негізінде құрастыру;
      психологиялық тренингтер өткізу;
      баланың денсаулық жағдайына, интеллектуалдық және әлеуметтік деңгейіне сәйкес түзету сабақтарын жоспарлау және іске асыру;
      психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, сөйлесу, тыңдау;
      бала мен қызметкер арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген эмоционалдық ортаны қамтамасыз ету;
      психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;
      мекемеден тыс жерде кең әлеуметтік ортаға тәрбиленушілерді табысты бейімдеу үшін жағдай жасау;
      оқыту, әңгімелесу, жеке дамыту процесінде әлеуметтік-писихологиялық білім беру және белсенді пайдалану үшін жағдай жасау;
      күйзеліс, дау-жанжал жағдайындағы балаларға психологиялық көмек көрсету және қолдау жасау;
      әлеуметтік-психологиялық және психологиялық кеңес беру (балаларға оқуда, әңгімелесуде немесе психикалық көңіл-күйлері нашар кезде көмек көрсету);
      психологиялық тренингтер (күйзеліс, дау-жанжал жағдайындағы балаларға психологиялық көмек көрсету және қолдау жасау);
      ата-аналарды психологиялық ағарту;
      баланы отбасымен қайта қосу үшін баланың туған отбасымен және ұйымдағы баламен жүргізілетін алдын-алу және оңалту жұмыстары;
      бала үшін отбасын сақтау мақсатында қатер тобындағы тұрмысы қолайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік-писихологиялық оңалту және алдын алу жұмыстары;
      баланың қажеттілігіне, өмір сүру жағдайына және бастапқы әлеуметтік ортасына сәйкес оны отбасына орналастырудың ең жақсы түрін ұйымдастыру;
      қолайсыз отбасында тұратын мемлекеттің қорғауына мұқтаж балалармен жүргізілетін әлеуметтік-писихологиялық, оңалту және алдын алу жұмыстары;
      баланы жеке өмір сүруге дайындауда баланың даму мониторингін жүзеге асыру;
      әлеуметтенуде қиындық көріп жүрген интернаттық мекемелердің бітірушілеріне әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
      тәрбиеленушілерді отбасыларына тәрбиелеуге орналастыру, оларды психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық алып жүру;
      2) отбасы жағдайында:
      психологиялық алып жүру;
      тәрбиеленушілерді кең әлеуметтік ортаға табысты бейімдеу үшін жағдай жасау;
      оқыту, әңгімелесу, жеке дамыту процесінде әлеуметтік-писихологиялық білім беру және белсенді пайдалану үшін жағдай жасау;
      психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, сөйлесу, тыңдау.
      10. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету тізбесі:
      1) азаматтардың белгілі санаттарының, тұратын орнын ұсынумен және/немесе күндіз болуларымен қоса білім, тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:
      әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру;
      педагогикалық түзету;
      отбасылық орналасу нысаны және баланы отбасына тәрбиелеуге алу туралы жұртшылықты хабардар ету, арнайы акциялар мен іс-шаралар ұйымдастыру;
      балалардың қызығушылықтарын дамыту үшін клубтық, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
      ұйымдағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыру, олардың қоғамға әлеуметтену, бейімделу және бірігуіне жәрдемдесу;
      балалардың дене мүмкіндіктері мен ойлау қабілеттерін ескере отырып олардың білім алуларына жәрдем жасау;
      баланы отбасына (патронаттық тәрбиелеуге, бала асырап алу) қабылдау процесін кәсіби тұрғыдан дайындауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      қабылдаушы отбасыларына (қонақ отбасылары, патронат тәрбиешілер, бала (қыз бала) асырап алушылар) көмек көрсету, кеңес беру (оқыту, әңгімелесу, тренингтер);
      1-қосымшаға сәйкес балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің қызметкерлерін хабардар етіп отыру, оқыту және уәждеу;
      ұйымдар қызметкерлерін хабардар етіп отыру, уәждеу (1-қосымша);
      мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына көмек көрсету;
      мүгедек балаларды, мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде оқыту;
      2) отбасы жағдайында:
      қабылдаушы балаларды тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыру;
      олардың қоғамға әлеуметтенуіне, бейімделуіне және бірігуіне жәрдемдесу;
      дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой мүмкіндіктерін ескере отырып балалардың білім алуына жәрдем көрсету;
      білім беру мекемесіне асырап алынған баланың (балалардың) баруын және оның үлгеріміне бақылауды қамтамасыз ету. Баланың (балалардың) денсаулық жағдайына байланысты білім беру мекемесіне бару мүмкіндігі болмаған жағдайда "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баланың білім алуын қамтамасыз ету;
      балалардың кәсіптік білім алуы үшін жағдайлар жасауға жәрдем көрсету.
      11. Әлеуметтік-экономикалық қызметтердің тізбесі:
      азаматтардың белгілі санаттарының, тұратын орнын ұсынумен және/немесе күндіз болуларымен қоса білім, тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:
      тиісті жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен зейнетақыларды алуды қамтамасыз ету:
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
      өзін-өзі қамтамасыз ету, отбасылық кәсіпкерлік мәселелері және мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылардың материалдық жағдайларын жақсартудың басқа да мәселелері бойынша консультация беру;
      мониторингті жүзеге асыру және қорғаншылықтан (қамқоршылықтан) шығу процесін жоспарлау мен іске асыруға қолдау көрсету.
      12. Әлеуметтік-құқықтық қызметтердің тізбесі:
      балалардың белгілі санаттарының, тұратын орнын ұсынумен және/немесе күндіз болуларымен қоса білім, тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:
      балалардың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығымен және өздерінің мүддесін қорғаумен байланысты мәселелер бойынша консультация беру;
      арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын, балалардың, олардың ата-аналарының заңды құқығын бұзатын немесе қысым көрсететін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
      құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңды көмек көрсету және жәрдемдесу;
      сенімхат бойынша жәрдемақылар, өтемақылар, алименттер мен жәрдемақыларды алу;
      кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін соттағы өкілдерді қамтамасыз ету;
      жетім балаларды мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтарға асырап алынуға, патронатқа, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) беруде құжаттарды ресімдеуге заңдық көмек көрсету;
      отбасында балаларға немесе олардың отбасы мүшелеріне физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық көрсеткен кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдем көрсету;
      балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті органдарына әлеуметтік оңалтуға, қабылдаушы отбасына, патронаттық тәрбиелеуге, қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмағандарды орналастыруға жәрдем көрсету;
      кәмелетке толмағандардың ісі және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ісі жөніндегі комиссияға балаларды тәрбиелеуден жалтарған ата-аналар бойынша ұсынымдама ресімдеу;
      жұмысқа орналасу, төлқұжат пен заңды күші бар басқа да құжаттарды алу үшін құжаттарды ресімдеуге заңды көмек көрсетуге жәрдемдесу.

Білім саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету
стандартына 1-қосымша

1. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары

Лауазымдардың
атауы

Тәрбиеленушiлер топтарына қарай штаттық бiрлiктер саны

8-ге дейiн

9-14

15-30

31 және одан
да көп

Директор

1

1

1

1

Директордың оқу-
тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары

1

-

-

-

Директордың оқу
жұмысы жөнiндегi орынбасары

-

1

1

1

Директордың тәрбие
жұмысы жөнiндегi
орынбасары

-

1

1

1

Директордың шаруашылық жұмысы жөнiндегi орынбасары

1

1

1

1

Педагог-психолог

1

1

1,5

2

Аға вожатый

1

1

1

1

Дәрiгер

1

1

1

1

Тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн медбике

4

4

4

4

Кiшi медициналық персонал

0,5

0,5

0,5

1

Бас бухгалтер

1

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

1

Iс қағаздарын жүргiзушi (хатшы)

-

1

1

1

Кiтапхана меңгерушiсi

-

1

1

1

Кiтапханашы

0,5

-

-

-

Қоймашы

1

1

1

1

Кастелянша

1

1

1

1

Экспедитор

1

1

1

1

Бас аспаз

-

1

1

1

Аспаз

2

2

2

2

Асхана жұмысшысы

1

1

2

3

Кiр жуу машиналарының операторы

1

2

3

3

Ғимараттарға кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбiр ғимаратқа)

1

1

2

2

Күзетшi

3

3

3

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

1

1

1

Жүк тасушы

1

1

1

2

      Ескертпелер:
      1. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге арналған түзеу ұйымдарында тәрбиешiлердiң саны тәрбиеленушiлердiң әр тобына 2 штат бiрлiгi есебiнен белгiленедi.
      2. Жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбi және мереке күндерi осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы түзеу ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар белгiленедi:
      осындай әрбiр 25 балаға, бiрақ әр ұйымға 0,25 бiрлiктен кем болмайтын тәрбиешi лауазымының 0,25 штат бiрлiгi;
      ұйымда кемiнде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бiрлiгi белгiленедi.
      3. Жүрiп-тұру мүшелерi мен сөйлеу қабiлетi бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында 12-15 балаға 1 штат бiрлiгi есебiнен, кемтарлығы күрделi балаларға арналған балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бiр штат бiрлiгi есебiнен логопед мұғалiм және дефектолог мұғалiм лауазымдары белгiленедi.
      4. Бiр немесе бiрнеше мектепке дейiнгi топтары бар арнаулы түзеу ұйымдарында әрбiр топқа мынадай лауазымдар белгiленедi:
      тәрбиешi - 2 штат бiрлiгi;
      естiмейтiн, нашар еститiн, кейiн саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретiн, ойлау қабiлетi нашар балаларға арналған топтар үшiн дефектолог мұғалiм 1 штат бiрлiгi.
      5. Арнаулы түзеу ұйымдарының көру қабiлетi бұзылған, жүрiп-тұру мүшелерi бұзылған мектепке дейiнгi балалар топтарында 2 штат бiрлiгi есебiнен тәрбиешi көмекшiсiнiң штат лауазымы, сөйлеу қабiлетi өте нашар әрбiр 10 балаға және фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбiр 12 балаға логопед-мұғалiм лауазымының штат бiрлiгi белгiленедi. Егер мектепке дейiнгi топтардың жатын бөлмелерi қатар орналасса, әрбiр 2 топқа 2,5 штат бiрлiгi есебiнен тәрбиешiнiң көмекшiсi, 0,5 штат бiрлiгi есебiнен кiр жуу машинисi лауазымының штат бiрлiгi белгiленедi.
      6. Арнаулы түзеу ұйымдарында екi немесе одан да көп мектепке дейiнгi топтар болған кезде 0,5 бiрлiктен аспаз және көмекшi жұмысшы лауазымдарының штат бiрлiктерi қосымша белгiленедi.
      7. Көру қабiлетi бұзылған балаларға, жүрiп-тұру мүшелерi бұзылған балаларға арнаулы 4-тен 9-ға дейiн топтары бар түзеу ұйымдарында көмекшi жұмысшы лауазымының 1 штат бiрлiгi, ал 9 және одан да көп топтар болған кезде 2 штат бiрлiгi қосымша белгiленедi.
      8. Жүрiп-тұру мүшелерi бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында: осы ұйымдарда саны 100-ге дейiн тәрбиеленушiсi болса 0,5 штат бiрлiгi және саны 100-ден асатын тәрбиеленушi болса - 1 штат бiрлiгi ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөнiндегi техник лауазымының штат бiрлiгi белгiленедi.
      9. Арнаулы түзеу ұйымдарында көру қабiлетi бұзылған балалардың бедерлi қарiптермен жазылған оқулықтары мен әдеби оқулықтарын пайдаланатын саны 4-5 топ болса, кiтапханашы лауазымының 0,5 штат бiрлiгi белгiленедi.
      10. Есту қабiлетi бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында дыбысты күшейту аппаратына қызмет көрсету жөнiндегi техник лауазымы 3-8 сынып болған кезде 1 штат бiрлiгi, осындай 9-16 сынып болса - 1,5 штат бiрлiгi белгiленедi. Сыныптардың санында дыбысты күшейту аппаратурасы орнатылған мектепке дейiнгi топтар да есепке алынады.
      11. Есту қабiлетi бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында есту кабинетiнiң дефектолог мұғалiмi лауазымының 1 штат бiрлiгi белгiленедi.
      12. Тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымы әрбiр жатын корпусына 2 штат бiрлiгi есебiнен енгiзiледi, егер жатын корпусына 100-ден аса тәрбиеленушi орналастырылса, жатын корпустың әрбiр қабатына 2 штат бiрлiгi енгiзiледi.
      13. Арнаулы түзеу ұйымында жатын корпусынан тыс орналасқан изолятор болған жағдайда, қосымша тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымының 2 штат бiрлiгi қосымша енгiзiледi.
      14. Жуылатын бұйымдардың бiр бөлiгi кiр жуатын орындарға тапсырылатын жағдайда 15-ке дейiн топ саны бар арнаулы түзеу ұйымдарында кiр жуу машиналары операторы лауазымының бiр штат бiрлiгi, ал 15 және одан да аса топтары болса - 2 лауазымдық штат бiрлiгi белгiленедi.
      15. Жүрiп-тұру мүшелерi бұзылған балаларға арналған түзеу ұйымдарында әрбiр топқа массаж жасаушы медбике лауазымының 0,5 штат бiрлiгi белгiленедi.
      16. 150-ден астам тәрбиеленушiсi бар арнаулы түзеу ұйымдарында психиатр-дәрiгер лауазымының 1 штат бiрлiгi қосымша енгiзiледi.

2. Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары

Лауазымдардың
атауы

Тәрбиеленушiлер топтарынының санына қарай штат бiрлiктерінің саны

5 топқа дейін

5-9 топтар

10 және одан да көп топтар

Директор

1

1

1

Директордың оқу жұмысы жөнiндегi орынбасары

0,5

1

1

Директордың тәрбие
жұмысы жөнiндегi орынбасары

0,5

1

1

Директордың шаруашылық жұмысы жөнiндегi орынбасары

1

1

1

Әдіскер

0,5

1

1

Педагог-психолог

1

1

1

Әлеуметтік педагог

1

1

1

Бас бухгалтер

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

Кадрлар мәселелерi жөнiндегi инспектор

-

0,5

1

Хатшы

1

1

1

Дәрiгер-педиатр

1

1

1

Тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн медбике

4

4

4

Кiшi медициналық персонал

0,5

0,5

1

Кiтапхана меңгерушiсi

-

-

1

Кiтапханашы

1

1

-

Қоймашы

1

1

1

Кастелянша

1

1

1

Киiм-кешек пен iшкиiмдi жөндейтiн тiгiншi

1

1

1

Экспедитор

0,5

1

1

Бас аспаз

1

1

1

Аспаз

2

4

4

Асхана жұмысшысы

3

3

3

Ыдыс жуушы

1

2

3

Кiр жуу машиналарының операторы

1

2

3

Аяқ киiмшi

1

1

1

Шаштараз

1

1

1

Ғимараттарға кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбiр ғимаратқа)

1

2

2

Күзетшi

3

3

3

Жүк тасушы

1

1

1

Вахтер, әр ғимаратқа

1

1

1

      Ескертпелер:
      1. Балалық шақ үйлерiнде қосымша невропатолог дәрiгерi, физиокабинет медбикесi, патронаждық бикесi, емдәмбикесi, аға медбике, емдiк дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы, массаж жасаушы, сондай-ақ қажет болған жағдайда медбике лауазымының штат бiрлiктерi қосымша енгiзiледi.
      2. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тiс дәрiгерi, физиотерапия жөнiндегi медбике және емдiк дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы лауазымдары 150-ге дейiн тәрбиеленушiлер болған жағдайда 0,5 штат бiрлiгi және 150 және одан астам тәрбиеленушi болған жағдайда 1 штат бiрлiгi есебiнен белгiленедi.
      3. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиешiлер лауазымдары штат бiрлiктерiнiң саны (мектепке дейiнгi жастағы балалар топтарында тәрбиешiлердiң көмекшiлерi лауазымдарының штат бiрлiктерi қосымша белгiленедi) тәрбиеленушiлердiң әрбiр тобына (отбасына) тәрбиешiлердiң түнгi уақыттағы кезекшiлiгiн, демалыс, мереке кезеңiндегi ауыстыруды, сондай-ақ апталық жүктеменi және ұйымдағы жұмыс режимiн ескере отырып белгiленедi.
      4. Аталған ұйымдарда есту, сөйлеу, көру, ойлау қабiлеттерi бұзылған балалар (көру қабiлетi нашарлаған балалардан басқа) болған кезде дефектолог мұғалiм лауазымы есту, сөйлеу, көру, ойлау қабiлетi бұзылған балалардың әрбiр тобына, логопед мұғалiм лауазымы сөйлеу қабiлетi өте нашар (алалия, дизартия, ринолалия, афазия, тұтығу) 12 баладан тұратын әрбiр топқа немесе фонетикалық сөйлеу құрылымы бұзылған 15 баладан тұратын әрбiр топқа штат бiрлiгi белгiленедi.
      5. Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда үйiрмелiк, еңбек, спорт және емдеу iс-шаралары өткiзiлуiне қарай музыка жетекшiсi, қосымша бiлiм беру педагогы, сондай-ақ дене шынықтыру мен еңбекке баулу жөнiндегi нұсқаушы лауазымдарының штат бiрлiктерi белгiленедi.
      6. Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жер учаскесi мен қосалқы шаруашылығы болған кезде бейiн бойынша мамандардың штат бiрлiктерi (агроном, зоотехник және мал дәрігері) қосымша енгiзiледi.
      7. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жанында жалпы бiлiм беретiн мектеп, балалар үйiнен шеткерi орналасқан өзiнiң демалыс аймағы болған жағдайда қосымша штат бiрлiктерi тиiстi бiлiм беру ұйымдарының үлгi штаттарына сәйкес белгiленедi.

3. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсететін арнаулы ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары

Лауазымдардың атауы

Штат бiрлiктерiнiң саны

Басшы

1

Психиатр-дәрiгер

1

Невропатолог-дәрiгер

1

Сурдолог-дәрiгер

1

Офтальмолог-дәрiгер

1

Педагог-психолог

1

Логопед-мұғалiм

1

Дефектолог-мұғалiм

1

Сурдопедагог

1

Тифлопедагог

1

Медициналық статист

1

Бухгалтер

1

      Ескертпе:
      1. Медицина саласының басқа мамандары кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарына жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.

4. Арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

Лауазымдардың
атауы

Тәрбиеленушiлердің топтар санына қарай штат бiрлiктерінің саны

10-ға дейін

10-15

16 және одан да көп

Директор

1

1

1

Директордың оқу жұмысы жөнiндегi орынбасары

1

1

1

Директордың тәрбие
жұмысы жөнiндегi орынбасары

1

1

1

Директордың шаруашылық жұмысы жөнiндегi орынбасары

1

1

1

Директордың режим бойынша орынбасары




Педагог-психолог

1

1

1

Әлеуметтік педагог

1

1

1

Музыка қызметшісі

1

1

1

Ұйымдастырушы педагог

1

1

1

Спорт нұсқаушысы

1

1

1

Бейнелеу өнері үйірмесінің басшысы

1

1

1

Режим бойынша кезекші

3

3

3

Тәрбиешілер

2

3

3

Дәрiгер-педиатр

1

1

1

Тіс дәрігері




Тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн медбике

1

1

1

Аға вожатый

1

1

1

Дәрiгер

1

1

1

Тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн медбике

4

4

4

Кiшi медициналық персонал

1

1

1

Кiтапхана меңгерушiсi

1

1

1

Кiтапханашы

1

1

1

Бас бухгалтер

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

Iс қағаздарын жүргiзушi

0,5

0,5

0,5

Хатшы

1

2

2

Кадрлар мәселелері жөніндегі инспектор

1

1

1

Балалардың құқықтарын қорғау заңгері

1

1

1

Бас аспаз

1

1

1

Аспаз

1

1

2

Асхана жұмысшысы

1

2

2

Ыдыс жуушы

1

1

2

Диетолог

0,5

0,5

0,5

Қоймашы

1

1

1

Кастелянша

1

1

1

Экспедитор

1

1

1

Аяқ киiмшi

1

1

1

Киiм мен iшкиiмдi жөндейтін тiгiншi

1

1

1

Кiр жуу машиналарының операторы

2

2

2

Ғимараттарға кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбiр ғимаратқа)

1

1

2

Күзетшi

3

3

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

1

1

Жүкші

1

1

1

Электр маманы

1

1

1

Жүргізуші

1

1

1

Шаштаразшы

1

1

1

Қызметтік бөлмелерді тазалаушы

1

1

5

Әжетханаларды тазалаушы

1

1

1

Темір ұстасы-санитарлық техник

1

1

1

Дәнекерлеуші

1

1

1

      Ескертпелер:
      1. Бас кезекшілер мен режим бойынша кезекшілердің саны оқушылар санының 10 пайыз есебiнен белгiленедi.
      Бас тәрбиеші лауазымы әрбір төрт сыныпқа (тәрбиелеу топтарына) белгіленеді.
      Еңбек шеберінің немесе өндірістік оқыту шеберінің жоғары немесе орта кәсіптік білімі және тиісті кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі болуы қажет.
      Еңбек шеберінің немесе өндірістік оқыту шеберінің штаттық бірлігі балалардың жас шамасы мен дене дамуын ескере отырып, 2-ден 4 сағатқа дейінгі шекте 8-10 оқушыдан тұратын сынып комплектісіне бір бiрлiк есебiнен есебінен белгіленеді.
      20 және одан көп жұмыс iстеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және комбайндар) болған кезде механик лауазымының штат бiрлiгi енгiзiледi.
      Тәрбиешілер лауазымы бірлігінің штаттық саны түнгі кездегі кезекшілікті, демалыс, мереке күндері және еңбек демалысы кезеңінде, сондай-ақ апталық жүктемені және арнайы білім беру ұйымындағы жұмыс режимін ескере отырып, тәрбиешілер тобының әрбіріне бекітіледі.
      Штат бiрлiктерiн белгiлеген кезде оқу жылының 1 қаңтарындағы оқушылардың тiзiмдiк құрамдағы саны негiзге алынады.

Білім саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету
стандартына 2-қосымша

Мемлекеттік білім беру ұйымдарында (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтарды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Мектеп жасындағы бір тәрбиеленушіге

Мектеп жасына дейінгі бір тәрбиеленушіге

Саны

Киілу мерзімі

Саны

Киілу мерзімі

1

2

3

4

5

6

Киім-кешек






Қысқы пальто, тон

дана

1

2

1

2

Маусымдық пальто, күрте

"

1

2

1

2

Мектеп киімі

жинақ

1

1

-

-

Ер балалардың мақта-матадан тігілген ақ көйлектері

дана

2

2

-

-

Спорттық киім және кедалар

жинақ

1

1

-

-

Ер балалар костюмі

"

3

2

3

1

Қыз балалардың көйлектері (белдемелер, жейделер)

дана

3

2

3

1

Қыз балалардың үйде киетін халаттары

штук

2

2

2

2

Ер балалардың мақта-матадан тігілген сыртқы көйлектері

"

3

1

3

1

Жүннен тоқылған мерекелік көйлектер

"

2

1

2

1

Жүннен тоқылған мерекелік костюм

жинақ

1

1

1

1

Жүннен тоқылған свитерлер (жемпірлер)

дана

1

2

2

2

Жазғы мерекелік көйлектер

"

2

1

2

1

Қыз балалардың бүрмелі іш киімі (гамаждар)

"

2

1

2

1

Жазғы бас киім

"

1

1

1

1

Қысқы бас киім

"

1

2

1

2

Күзгі-көктемгі бас киім

"

1

2

1

2

Іш киім

жинақ

2

1

5

2

Қол орамалдар

дана

4

1

4

1

Ер балалар шалбарының белбеуі

"

1

1

-

-

Жартылай жүнді шарф

"

1

2

1

2

Қолғап (биялай)

жұп

2

1

3

2

Қыз балалардың бюстгальтерлері

дана

3

1

-

-

Майкалар, трусилер

"

3

1

3

1

Мақта-матадан тоқылған колготкилер, шұлық, гольфтар

жұп

3

1

6

1

Жүннен тоқылған колготки, шұлық, гольфтар

"

2

1

2

1

Бәтеңкелер, туфлилер (сандалдар)

"

3

1

3

1

Кроссовкалар

"

1

1

1

1

Үйде киетін аяқ киім

"

2

1

3

1

Етіктер, бәтеңкелер (қысқы)

"

1

1

1

1

Резеңке етіктер

"

1

2

1

1

Спорттық бас киім

"

1

2

1

2

Түнде киетін көйлек, пижамалар

"

2

1

2

1

Колготкилер

"

5

1

6

1

Алжапқыштар (көкірекшелер)

"

2

1



Құмда жату, шомылу, малту іш киімдері

"

1

1

1

1

Жұмыс киімі

жинақ

1

2

1

2

Портфельдер, сөмкелер

дана

2

2

-

-

Шамадан

"

1

5

1

5

Жұмсақ мүкаммал






Ақ жайма

дана

3

2

5

2

Көрпе тысы

"

2

3

3

3

Жастықтың тысы (ішкі)

"

1

4

1

4

Жастықтың тысы (сыртқы)

"

3

2

3

2

Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгі

дана

3

2

3

2

Түкті сүлгі

"

3

3

3

2

Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе

"

1

6

1

6

Бәйкі көрпе

"

1

4

1

4

Матрац

"

1

4

1

3

Мамық қауырсынды жастық

"

1

8

1

8

Төсек жапқыш

"

1

6

1

6

Кереует алдындағы кілемше

"

4

1

1

4

      Ескертпе:
      Білім беру ұйымдарының басшыларына сән мен тәрбиеленушілердің мүдделерін ескере отырып, осы тізбеге жекелеген өзгерістер енгізу құқығы беріледі.

Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа) мүгедек балаларды және мiнез-құлқы ауытқымалы балаларды, көп балалы отбасынан шыққан балаларды арнаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардың балаларын және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы, интернат ұйымдарында тәрбиеленетiн балаларды киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Бір тәрбиеленушіге

Саны

Киілу мерзімі

1

2

3

4

Киім-кешек




Қысқы пальто

дана

1

3

Маусымдық пальто, күрте

"

1

3

Мектеп киiмi

жиынтық

1

2

Ер балалардың мақта-матадан тiгiлген костюмi

"

1

2

Қыз балалардың мақта-матадан тiгiлген көйлектерi (белдемелер, жейделер)

дана

4

3

Ер балалардың мақта-матадан тiгiлген сыртқы көйлектерi

"

4

2

Жүннен тоқылған свитер
(жемпiр)

"

1

2

Қыз балалардың рейтуздары

"

1

1

Қол орамалдар

"

4

1

Ер балалар шалбарының белбеуi

"

1

2

Жазғы бас киiм

"

1

2

Қысқы бас киiм

"

1

3

Жартылай жүннен тоқылған шарф

"

1

3

Қолғап (биялай)

жұп

2

1

Қыз балалардың бюстгальтерлерi

дана

3

2

Tрусилер, майкалар

жұп

2

1

Спорттық киiм

жиынтық

1

2

Кроссовкалар

жұп

1

1

Мақта-матадан тоқылған ұйық, гольфтар

жұп

3

1

Бәтеңкелер, туфлилер

"

2

1

Жүннен тоқылған ұйық,
гольфтар

"

2

1

Шәркейлер

"

1

1

Tүнгi көйлек, пижама

дана

2

2

Колготкилер

"

2

1

Жұмыс костюмдерi

жиынтық

1

1

Жұмсақ мүкәммал




Ақ жайма

дана

3

3

Көрпе тысы

"

3

4

Жастықтың сыртқы тысы

"

3

3

Жастықтың iшкi тысы

"

1

5

Сүлгі (аяқ сүртетiн
сүлгiнi қоса алғанда)

"

3

1

Tүктi сүлгi

"

1

2

Жүннен, мақтадан жасалған көрпе

"

1

6

Бәйкi көрпе

"

1

5

Матрац

"

1

8

Мамық қауырсынды жастық

"

1

8

Төсек жапқыш

"

1

6

Білім саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
3-қосымша

Балалар үйлерiнде және интернат ұйымдарында тәрбиеленуші балалар, орта арнаулы музыка және көркем сурет мектептерінде оқитын балалар, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының студенттерi, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарындағы балалар үшiн тамақтандыру нормалары

Атауы

Бір адамға арналған норма (күніне граммен)

мектепке дейінгі

мектептік

1

2

3

Тағамдар



Қара бидай наны

60

150

Бидай наны

100

200

Бидай ұны

35

35

Картоп ұны

3

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдерi

45

75

Картоп

300

400

Көкөнiс және басқа түрі

400

470

Жас жемістер

260

250

Кептірілген жемістер

10

15

Шырындар

200

200

Кондитерлік өнімдер

25

25

Қант

55

70

Сары май

35

50

Өсімдік майы

12

18

Жұмыртқа (дана)

1

1

Сүт, ашытылған сүт өнiмдерi

500

500

Сүзбе

50

70

Ет

95

100

Құс еті

25

30

Балық және май шабақ

60

100

Шұжық өнімдері

10

25

Қаймақ

10

10

Ірімшік

10

12

Шай

0,2

0,2

Кофе

2

4

Какао

1

2

Тұз

8

8

Дәмдегіш

2

2

Ашытқы

1

1

      Ескертпелер:
      1. Жазғы сауықтыру кезеңiнде (90 күнге дейiн), жексенбi, мереке күндерi, каникул күндерi тамақтандыруға арналған шығыстардың нормасы 10 пайызға көбейтiледi.
      2. Негiзгi тағам өнiмдерi бойынша азық-түлікті ауыстыру кестесiне сәйкес жекелеген тамақ өнiмдерiн алмастыруды жүргiзуге рұқсат етiледi.
      3. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан балалар үйлерi мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерiн бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарына оқуға түсуге жiберген кезде оларға балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарды ұстауға бөлiнетiн қаражаттың есебiнен жолда болу уақытына қызметтiк iссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәулiктік шығыстары төленедi. Бұл ретте осы тәрбиеленушiлер үшiн тамақтандыруға арналған белгiленген шығыстар жүргiзiлмейдi.
      4. Барлық үлгiдегi балалар үйлерiнің, интернаттық ұйымдардың басшыларына жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндерi, жексенбi, мереке күндерi туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру мөлшерiне сәйкес азық-түлiк немесе тағамның құны шегiнде қолма-қол ақша беруге рұқсат етiледi.
      5. Даму мүмкіндіктерi шектеулi балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарында оқитын (тұрмай) оқушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күнiне бiр оқушыға арналған тағам құнының 75 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.