Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі N 305 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4340. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы N 274 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы"  Заңының  25-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" N 281  қаулысына , облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 19 сәуiрдегi қорытындысына сәйкес және Куйбышево ауылы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ қабылдады: 
      Ақсу қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Ақсу қаласы Ақжол ауылдық округiндегi Куйбышев ауылының атауы Ақжол ауылы болып өзгертiлсiн.
      Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

       Сессия төрағасы Р. Ғафуров

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов