Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырат

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 139 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5733 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 121 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Агенттік Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5251 тіркелген, N 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5297 тіркелген, N 10 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қазанда жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 243 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5532 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы N 26 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5625 тіркелген), енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      " 1. Осы қаулы мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы қаржы компаниясы – секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылып отырған заңды тұлға;
      2) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен қаржы тарту болып табылатын заңды тұлға;
      3) борыштық бағалы қағаз – шығарылым шарттарымен белгіленген мөлшер мен мерзімде оның иесінің эмитенттен алатын негізгі борыш сомасы құқығын растайтын бағалы қағаз;
      4) жергілікті атқару органдарының облигациялары – республика дәрежесіндегі қаланың, астананың жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
      6) индекстің өкілдік тізімі – параметрлері қор биржасының сол не басқа индикаторларын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
      7) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым ("Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалғандай);
      8) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – қор биржасының енгізілуі және болуы белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиісті бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің тізімі;
      9) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
      10) маркет-майкер – қор биржасы маркет-майкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
      11) ресми тізім секторы – белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;
      12) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (рұқсат берілетін) эмитент не қор биржасының мүшесі;
      13) сауда алаңы – ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналымға жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі;
      14) үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда мүліктің белгілі бір үлесіне оның иесінің құқығын растайтын бағалы қағаз;
      15) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің қаржылық ахуалын қалпына келтіру және жұмысының сапасын жақсарту үшін эмитентті қайта құрылымдау жоспары негізінде ол ерікті негізде жүзеге асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа іс-шаралардың кешені.";
      4-тармақта:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болғанда, эмитенттің меншікті капиталы айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі.";
      6) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болғанда, жылына айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселі мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес соңғы үш жылдың ең болмағанда екі жылында акциялар эмитентінің таза кірісі бар болуына жол беріледі.";
      5-тармақта:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Акциялар осы санатта болғанда, эмитенттің меншікті капиталы айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жетпіс бір мың еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі.";
      6) тармақшадағы "әрқайсысында" деген сөз "біреуінде" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      бірінші абзацтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші абзацындағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) буферлік санат.";
      11-тармақта:
      7) тармақшадағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3, 13-4, 13-5, 13-6, 13-7, 13-8, 13-9, 13-10, 13-11, 13-12, 13-13, 13-14, 13-15 және 13-16-тармақтармен толықтырылсын:
      "13-1. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздар мен оның эмитенттері осы қаулының 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны төлеу бойынша дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда);
      3) эмитент міндеттемелері қайта құрылымдағанда.
      13-2. Қор биржасы эмитент пен оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.
      13-3. Осы Қаулының 13-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.
      13-4. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.
      13-5. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшасында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қор биржасының атына директорлар кеңесі бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасаудың негіздерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми сайтында орналастырады.
      13-6. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
      13-7. Іс-шараларды қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасының органы қабылдайды және қор биржасының директорлар кеңесі оны бекітеді.
      13-8. Эмитент "буферлік санат" санатына өзінің бағалы қағаздарын аударым жасаудың негіздерін жойған не делистингі және "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған сәтке дейін растайтын құжаттарды берген не бағалы қағаздардың делистингі жағдайында, осы бағалы қағаздар осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасалған сәтте болған қор биржасының ресми тізімінің санатында қалады.
      13-9. Қор биржасының ресми тізімінің "буферлік санат" санатында бағалы қағаздардың болуының барынша ұзақ мерзімі эмитентті және оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.
      13-10. Бағалы қағаздар "буферлік санат" санатында болған кезеңде, эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде сауда-саттықты ұйымдастырушысына мына ақпаратты береді:
      1) қор биржасының ішкі құжаттарында және листинг туралы шартта тізбесі айқындалатын, эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар жөніндегі оның ішінде мәліметтер бар есептілікті және ақпаратты береді;
      2) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді.
      13-11. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда, осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымдары "буферлік санат" санатына аударым жасалады.
      13-12. Осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген негіздер жойылған жағдайда, құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының шешімі негізінде бағалы қағаздар "буферлік санат" санатынан бұдан бұрын олар болған санатқа аударым жасалады.
      Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдаған жағдайда, оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатынан басқа санатқа (шағын санатқа) аударым жасаудың негізі болып құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының эмитент және оның бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің тиісті санатының талаптарына сәйкес келетіні туралы шешімі табылады.
      13-13. Осы қаулының 13-1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген сәйкессіздіктерді осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
      13-14. Егер эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы қаулының 10-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
      13-15. Егер бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, эмитент қайта құрылымдау жөнінде хабарлаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында қалады.
      13-16. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:
      1) эмитенттің қызметі қайта құрылымдау немесе тарату не эмитент мәжбүрлеп тарату процесінде бөлу нәтижесінде тоқтатылғанда ;
      2) өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу жөнінде эмитенттің дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) және эмитент осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      3) бағалы қағаздар және оның эмитенттері осы қаулының 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде және эмитент осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      4) қор биржасы осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;
      5) егер эмитенттің директорлар кеңесі міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолтында;
      6) қор биржасы осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген негіздерді жою мүмкін емес фактісін айқындағанда;
      7) осы қаулының 13-13-тармағының талаптарын ескеріп, осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген негіздерді осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймағанда;
      8) егер эмитенттің директорлар кеңесі міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы қаулының 13-14-тармақтарын ескеріп, осы қаулының 10 және 11-тармақтарының басқа да талаптарына сәйкес келмегенде;
      9) сот эмитентті банкрот деп танығанда;
      10) эмитент мүлігіне осы эмитент активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салынғанда;
      11) эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитент (рұқсатнама бастамашысы) тізбесі осы қаулының 13-10-тармағында көрсетілген ақпаратты бермегенде;
      12) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындамағанда;
      13) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.";
      14-тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) соңғы есептілік күні инвестициялық қордың таза активінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі жүз он бес мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.".
      2. Агенттік Басқармасының " Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5406 тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтарда "Заң газеті" газетінде N 5 (1602) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының " Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 170 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы N 60 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5662 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      24-тармақ алынып тасталсын;
      51-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      " 2-1) эмитенттің директорлар кеңесі бекіткен және эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдаудың тәртібі мен мерзімі, міндеттемелерді қайта құрылымдау аясында өткізілетін іс-шаралар бар, оның ішінде бағалы қағаздардың шығарылымының талаптарын өзгерту, міндеттемелерді қайта құрылымдаудан болатын болжамды қаржылық нәтижелер және эмитенттің қызметінде қабылданатын шектеулер бар қайта құрылымдау жоспарына сәйкес міндеттемелерді қайта құрылымдау процесінде бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттілігі бар болған эмитенттің бағалы қағаздарымен сауда-саттықты; ";
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөлігілерімен толықтырылсын:
      "Эмитент міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуге байланысты бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы уәкілетті органға өтінішті берген күні қор биржасына осындай өтінішті бергені жөніндегі хабарламаны ұсынады.
      Қор биржасы эмитенттен міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуге байланысты, бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі уәкілетті органға өтінішін бергені жөніндегі хабарламасын алған күні бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрады және сауда-саттық тоқтатыла тұрғаннан кейінгі бір сағат ішінде осындай хабарламаны алғанын міндетті растауымен уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электрондық почтамен және (немесе) факсимильді хабарламамен жазбаша ескертеді.";
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған борыштық бағалы қағаздармен сауда-саттық эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелгені туралы хабарламасын алғаннан кейін келесі сауда-саттық сессиясы басталуымен қайта басталады.".
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарының қолданылуы 2012 жылғы 1 шілдеге дейін таралады.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрағаның міндетін
      атқарушы                                       Қ. Қожахметов