Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 124-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 1 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4694 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 68-ө Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен.

Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер
кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы
23 сәуірдегі N 1560  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2005 ж., N 17, 199-құжат; 2006 ж., N 18, 166-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің  құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2007 жылғы 24 сәуірдегі 
N 321 Жарлығына     
1-ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2005 жылғы 23 сәуірдегі 
N 1560 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

  Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер
кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлікті дамыту және оны тиімді мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

      4. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.

  2. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға, нарықтық экономиканы дамытуды ынталандыратын жағдай жасауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін іскер топтардың,
кәсіпкерлік қауымдастықтар мен одақтардың қызметін шоғырландыру;
      3) кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік проблемаларды шешу үшін ұсынымдар дайындау;
      4) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.

  3. Кеңестің құқықтары

      6. Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
      1) кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
      2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.

  4. Кеңестің құрамы және қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері мен шаруашылық жүргізуші субъектілер өкілдерінің қатарынан қалыптасады.

      8. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.

      9. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасары, Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Әділет министрі, Білім және ғылым министрі, Қаржы министрі, Индустрия және сауда министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.

      10. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті
айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды адамдары кіре алады.

      11. Кеңестің дербес құрамын Кеңестің жұмыс органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      12. Кеңестің жалпы отырыстары кемінде жылына бір рет өткізіледі.

      13. Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Кеңес төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен Кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.
      Аралық отырыстарда Кеңестің соңғы жалпы отырысының шешімдерін орындаудың қорытындылары, Кеңестің жұмыс тобы қызметінің нәтижелері, Кеңестің келесі жалпы отырысына дайындық, ағымдағы проблемалар мен өзге де мәселелер талқыланады.

      14. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы
Президентінің тапсырмасы бойынша шақырылады.

      15. Кеңес мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      16. Кеңес отырысқа өз құрамының жартысынан астам мүшесі қатысқан жағдайда шешім қабылдау құқығына ие.

      17. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланған мәселе бойынша дауыстар тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      18. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

      19. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

  5. Кеңестің жұмыс органы

      20. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      2) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде отырыстың күн тәртібінің жобасын түзеді;
      3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
      4) Кеңес мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының орны, өткізілу уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      5) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі адамдарға хаттама көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
      6) Кеңестің құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар әзірлейді.

  6. Кеңестің жұмыс тобы

      21. Кеңестің шешімімен өздерінің алдына қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңестің жұмыс тобы құрылады.

      22. Жұмыс тобының құрамы Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.

      23. Кеңестің жұмыс тобының қызметін басқаруды оның төрағасы жүзеге асырады.
      Кеңестің жұмыс тобының төрағасы министрлік немесе ведомство басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымдағы тұлға бола алады.

      24. Кеңестің жұмыс тобының іс-шаралар жоспарын жұмыс тобының төрағасы бекітеді.

      25. Кеңестің жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары болып табылатын Кеңес мүшелерінің өкілдері кіре алады.

      26. Кеңестің жұмыс тобының жұмысына қатысу ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

  7. Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері мен
шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз өкілдерінің
Кеңеске мүшелікке өтінімдер беруінің
және оларды қараудың тәртібі

      27. Кеңестің мүшесі етіп қабылдау үшін кәсіпкерлердің қоғамдық
бірлестіктері мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері осы Ережеге қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінім береді.

      28. Кеңес мүшелігіне қабылдау үшін негізгі өлшемдер мыналар болып табылады:
      1) кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігі мен шаруашылық жүргізуші
субъектінің тәжірибесі және іскерлік беделі;
      2) Қазақстан Республикасында демеушілік және қайырымдылық
қызметке қатысуы;
      3) Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекет бағдарламаларына қатысу;
      4) экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіптік секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға қатысу;
      5) кәсіпкерлік саласында семинарлар, консультациялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

      29. Өтінімдерді олардың келіп түсу кезектілігінің тәртібімен Кеңестің жұмыс органы қарайды. Олар осы Ереженің 28-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің құрамы бойынша ұсыныс әзірлейді.

                                Қазақстан Республикасы Президентінің
                                  2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560
                                 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
                                Республикасының Президенті жанындағы
                                 Кәсіпкерлер кеңесі туралы ережеге
                                             ҚОСЫМША

                 Кеңеске мүше етіп қабылдау үшін
                           ӨТІНІМ

      1. Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің немесе шаруашылық
жүргізуші субъектінің атауы: _______________________________________
      2. Заңдық мекен-жайы: ________________________________________
____________________________________________________________________
      3. Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің/шаруашылық жүргізуші
субъектінің Ереженің 28-тармағында көзделген өлшемдерге сәйкестігін
растайтын ақпарат пен материалдар.
      4. Қызметкерлер саны: ________________________________________
      5. Үміткердің ТАӘ: ___________________________________________
      6. Лауазымы: _________________________________________________
      7. Кәсіби қызметі: ___________________________________________

                                                      Күні _________
                                                      Қолы _________
                                                      М.О.

                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Президентінің
                                             2007 жылғы 24 сәуірдегі
                                                   N 321 Жарлығына
                                                    2-ҚОСЫМША

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Президентінің
                                             2005 жылғы 23 сәуірдегі
                                                   N 1560 Жарлығымен
                                                    БЕКІТІЛГЕН

               Қазақстан Республикасының Президенті
              жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің
                            ҚҰРАМЫ

Назарбаев               - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы         төраға

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы         Министрі, төрағаның орынбасары

Аханов                  - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
Серік Ахметжанұлы         кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Балиева                 - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Зағипа Яхияқызы

Баталов                 - Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің
Райымбек Әнуарұлы         төрағасы (келісім бойынша)

Бәйкенов                - Инжинирингтік компаниялар одағы кеңесінің
Қадыр Қарқабатұлы         төрағасы - "Қазақстан Республикасы жұмыс
                          берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясы"
                          заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының
                          төрағасы (келісім бойынша)

Беклемишев              - "Белкамит" бірлескен кәсіпорны"
Павел Иннокентьевич       акционерлік қоғамының президенті
                          (келісім бойынша)

Бишімбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қуандық Уәлиханұлы        сауда вице-министрі

Дворецкий               - Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері
Владимир Яковлевич        республикалық одағының төрағасы (келісім
                          бойынша)

Дүйсембаев              - "Бизнес" қауымдастығы" қоғамдық
Бақытриза Күлікбайұлы     бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
 

  Жүсіпов                 - Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының
Шалқар Аманғосұлы         қауымдастығы директорлар кеңесінің
                          төрағасы (келісім бойынша)

Ыдырысов                - "Ордабасы корпорациясы" акционерлік қоғамы
Дінмұхамед Аппасұлы       директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                          бойынша)

Қарағұсова              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы       халықты әлеуметтік қорғау министрі

Келімбетов              - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Қайрат Нематұлы           қоғамы басқармасының төрағасы
                          (келісім бойынша)

Коржова                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Наталья Артемовна

Мәжібаев                - "РесмиГруппЛтд" президенті (келісім
Қайрат Қуанышбайұлы        бойынша)

Мәндиев                 - "Азия - Авто" акционерлік қоғамының
Ержан Оразбекұлы          президенті (келісім бойынша)

Манзоров                - Алматы облысы кәсіпкерлер құқықтарын
Бағдат Сайламбайұлы       қорғау бірлестігінің төрағасы, "Шаған"
                          жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                          бас директоры (келісім бойынша)

Махметов                - "Пенопласт ММ" құрылыс компаниясы
Нұрлан Тұрсынұлы          директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                          бойынша)

Мещеряков               - Қазақстан астық өңдеушілері мен нан
Николай Ильич             пісірушілері одағы құрылтайшылар кеңесінің
                          төрағасы -»"Цесна-Астық" концерні
                          жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
                          басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Мусин                   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Аслан Есболайұлы          орынбасары - Экономика және бюджеттік
                          жоспарлау министрі

Мыңбаев                 - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Сауат Мұхаметбайұлы       жөніндегі қазақстандық холдингі"
                          акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
                          (келісім бойынша)

Оразбақов               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Ізбасарұлы          сауда министрі

Перуашев                - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен
Азат Тұрлыбекұлы          жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы"
                          заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының
                          төрағасы (келісім бойынша)

Попелюшко               - Қазақстан тамақ және қайта өңдеу
Анатолий Висханович       өнеркәсібі тауар өндірушілер одағының
                          президенті (келісім бойынша)

Пішембаев               - Қазақстан машина жасаушылар одағы
Мейрам Құдайбергенұлы     басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Радостовец              - Қазақстан Республикасы тауар өндірушілер
Николай Владимирович      мен экспорттаушылар одағының президенті -
                          Қазақстанның тау-кен өндіру және
                          тау-кен-металлургия кәсіпорындары
                          республикалық қауымдастығының атқарушы
                          директоры (келісім бойынша)

Рақымбаев               - Қазақстан құрылыс салушылар
Айдын Жұмаділұлы          қауымдастығының вице-президенті
                          "БилдИнвестментсГрупп" акционерлік қоғамы
                          директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                          бойынша)

Розинов                 - "Иволга-холдинг" жауапкершілігі шектеулі
Василий Самойлович        серіктестігінің бас директоры, Қазақстан
                          астық одағының мүшесі, Қостанай облыстық
                          кәсіпкерлер қауымдастығы үйлестіру
                          кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Рысбаева                - "Рысбаева & Ко" жауапкершілігі шектеулі
Сәуле Мақшанқызы          серіктестігінің директоры (келісім
                          бойынша)

Сағынтаев               - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бақытжан Әбдірұлы         монополияларды реттеу агенттігінің
                          төрағасы

Смағұлов                - "Астана Моторс" Қазақ мотор компаниясының
Нұрлан Еркебұланұлы       президенті (келісім бойынша)

Смайылов                - "Ақмола құрылыс материалдары" акционерлік
Бауыржан Амангелдіұлы     қоғамының бас директоры, Қазақстан құрылыс
                          салушылар қауымдастығының мүшесі (келісім
                          бойынша)

Сұлтанов                - "Қазақстанның ФармМедИндустриясы"
Серік Егелұлы             қауымдастығының бас директоры (келісім
                          бойынша)

Сырғабаева              - "Әсем" жауапкершілігі шектеулі
Дина Ізбасарқызы          серіктестігінің бас директоры, "Маңғыстау
                          кәсіпкерлер лигасы" қоғамдық бірлестігінің
                          төрайымы (келісім бойынша)

Тілеубаев               - Қазақстан астық одағының президенті
Нұрлан Сақтапбергенұлы    (келісім бойынша)

Түймебаев               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы      министрі

Худова                  - Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Любовь Николаевна         қауымдастығының президенті (келісім
                          бойынша)

Школьник                - Қазақстан Республикасы Президенті
Владимир Сергеевич        Әкімшілігі Басшысының орынбасары