Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2007 жылғы 9 тамыздағы N 02-02/192 бұйрығына өзге

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 02-02/10 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5138 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы N 04.2-44/78 Бұйрығы.

      Күші жойылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009.03.20 N 04.2-44/78 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2007 жылғы 9 тамыздағы N 02-02/192 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 4899 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 12 қыркүйегінде N 139 (1168) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығына келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы Ережесінің:

      3-тармақта:
      4) тармақшадағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел жұмыс күшінің бар болуы туралы мәлімет;
      6) заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар (заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар: жалға алудың, сатып алу-сату шартының, ғимаратқа деген құқықтың тіркелу куәлігі немесе азаматтық заңнамада қарастырылған басқа да құжаттың нотариалды көшірмесі болып саналады. Егер ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде ғимаратты беруге нотариалды расталған келісімі);
      7) бірінші басшымен қол қойылған және брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мөрімен расталған (егер құжаттар оның өкілімен ұсынылған жағдайда), құжаттарды ұсыну және алуға сенімхат.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:
      "3-1. Уәкілетті органға осы Ереженің 3 тармағының 2)-4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бір уақытта олардың төлнұсқалары ұсынылып, салыстырып тексерілгеннен кейін арыз берушіге қайтарылады.";

      4 және 7-тармақтағы "оның орнын басатын тұлға" деген сөздер "оның орынбасары" деген сөздеріне ауыстырылсын;

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Тіркеу Департаментіне:
      1) заң басқармасымен бірге, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, бескүндік мерзім ішінде Агенттіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттіктің, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының және "Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

                                     Қазақстан Республикасы Алматы
                                 қаласының өңірлік қаржы орталығының
                                       қызметін реттеу агенттігі
                                              Төрағасының
                                       2008 жылғы 25 қаңтардағы
                                     N 02-02/10 бұйрығына қосымша

                                     Алматы қаласының өңірлік қаржы
                                     орталығының қатысушысы ретінде
                                     аккредиттеу Ережесіне 3-қосымша

      Шетелдік жұмыс күшінің бары туралы мәліметтер

р/б
N

Заңды
тұлға-
ның
атауы

Аты-
жөні,
әкесі-
нің
аты,
туыл-
ған
күні

Аза-
мат
тығы

Тұ-
рақты
тұра-
тын
елі

Маман-
дығы
және
білімі

Классифи-
каторлық
қызмет
немесе
білікті-
лік анық-
тамаға
сәйкес
ұйымдағы
лауазымы

Еңбек
қызметін
жүзеге
асырудың
басталуы
(еңбек
шартының
жасалған
күні)