Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы 9 тамыздағы N 02-02/192 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4899 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы N 04.2-44/78 Бұйрығы.

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.10 N 1055 Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын
ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 504-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларында:
      "Бір абонент үшін айлық есептік көрсеткішпен төлемнің жылдық ставкалары" деген бағандағы "1,137", "0,568" және "0,568" деген сандар "1,101", "0,550" және "0,550" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі