Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-IV "2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 78/14-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 13 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 534 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 202/31-IV шешімімен

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында белгіленген тетікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2008 жылғы 13 наурыздағы N 17-5/011-07 хаттамасына сәйкес Алматы қаласындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтауды екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру үшін "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 22460000000 (жиырма екі миллиард төрт жүз алпыс миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов