"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 22 шілдеде N 350 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5277 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 653 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.12.23 № 653 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4742 болып тіркелген, 2007 жылғы 27 шілдедегі N 114 (1143) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 183 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сертификаттау жөніндегі ұйымдар оларды аккредиттеуден өткізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) құрылтайшы құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелері:
      қызметінің негізгі түрлерінің бірі бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым ретіндегі қызмет етіп көзделген жарғысының;
      мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік;
      статистикалық карточка;
      3) осы Ережеге 4, 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі ұйымдар жұмыс органдарының құрылымы, бар-жоғы, материалдық-техникалық жарақтарының бар-жоғы туралы мәліметтер;
      4) осы тармақшада көрсетілген пәндер бойынша оқудан тәуелсіз емтихандық жүйесінің бар екендігін растайтын құжаттар, оның ішінде:
      кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже мыналардың көрсетілуімен:
      тест сұрақтары мен ахуалдық міндеттерді қамтитын емтихандық модульдердің құрылымы;
      сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы;
      кәсіби бухгалтерлікке кандидаттардың жұмыстарына тексерулер жүргізу мерзімдерін;
      кандидат нәтижені бекіткен күннен бастап келесі үш жылдың ішінде ғана жарамды деп танылатын "Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша, нәтижені бекіткен күннен бастап келесі бес жылдың ішінде ғана жарамды деп танылатын "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша оң нәтиже алуы;
      жекелеген пәндер бойынша үш жылдың ішінде қатарынан үш реттен астам теріс нәтиже алған кезде қайта толық оқудан өтуі;
      кәсіби бухгалтерлікке кандидаттардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;
      осы Ережеге 4-2-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін және оның құрамын көрсете отырып, комиссия туралы бекітілген ереже;
      комиссияның (кеңестің) арызы мен шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, емтихандардың нәтижелері бойынша апелляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, арыздарды беру мерзімін және арыздарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, ол туралы бекітілген ереже;
      осы Ережеге 4-3-қосымшаға сәйкес оқытушылар туралы мәліметтер;
      кандидаттарды сертификаттау жөніндегі күндізгі оқыту түрі бойынша, осы Ережеге 4-4-қосымшаның талаптарына сәйкес емтихандарды тапсыру үшін қажетті мынадай пәндерді қамтитын бекітілген бағдарламалары:
      "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп",
      "Салық және салық салу",
      "Азаматтық құқық";
      үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткізудің бекітілген кестесі. Емтихандарды өткізу осы Ереженің 10-2-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
      5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасын шолуды қамтитын және мыналардың болуын растайтын:
      "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша кемінде 200 тест сұрақтары мен 100 міндеттен, осы Ережеге 4-5-қосымша бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес әрбір ХҚЕС бойынша кемінде бір міндеттен тұратын емтихандық модульдер; "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша - осы Ережеге 4-6 және 4-7-қосымшалардың тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде 500 міндет және/немесе тест сұрақтары;
      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеріс болған жағдайда емтихандық модульдер мен сертификаттау жөніндегі бағдарламаларды жаңартып отыру;
      6) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау бағдарламасы бойынша дәріс курстары мен практикалық курстарға (есеп жинақтары) шолуларды қамтитын бекітілген материалдар;
      7) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификатының жобасы.
      3)-7) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы 5-абзацпен толықтырылсын:
      "заңсыз, авторлық және сабақтас құқық бұзушылықпен, сертификаттау жөніндегі емтихан модульдерін толық және пәндер бойынша қолдану";

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 10-1, 10-2 және 10-3 тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Кәсіби ұйымдар және кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар емтихандық комиссия мүшелерін қабылдау (кету, шығару) жағдайларында бұл өзгерістер туралы 15 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етулері тиіс.
      4-2. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін кәсіби ұйымдар және кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар аккредиттеу туралы куәлігінің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейінгі 3 ай алдын осы Ережеде белгіленген тәртіппен құжаттарын уәкілетті органға ұсынады.
      10-1. Аккредиттеу туралы куәлігі берілген сәттен бастап, алты ай өткеннен соң сертификаттау жөніндегі ұйым бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимылдары туралы келісімді ұсынады, оның ішінде мынадай мазмұнды қамтитын:
      кәсіби ұйым мүшелерінің емтихандық модульдер мен сертификаттау жөніндегі бағдарламаларды жаңарту кезінде қатысуы;
      кәсіби ұйым мүшелерінің емтихандық процесте, оның ішінде комиссия құрамында, бақылаушы болып қатысуы;
      кәсіби ұйым мүшелерінің апелляциялық комиссия құрамында қатысуы.
      10-2. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөніндегі ұйым бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен келісім жасасқан сәтінен бастап жүзеге асырады.
      10-3. Тестілік сұрақтар және жағдайларға байланысты есептер мерзімдік баспа беттерінде және/немесе сертификаттау жөніндегі ұйымдардың web-сайттарында олардың мерзімдік жаңартылуымен жарияланады.";

      осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларына сәйкес 4-1 4-2 4-3 4-4 4-5 4-6 4-7 7-қосымшалармен толықтырылсын;

      көрсетілген ережеге 5-қосымшада:
      "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының басшысы" деген сөздер "Басшы (уәкілетті тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген ережеге 6-қосымшада:
      "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның басшысы" деген сөздер "Басшы (уәкілетті тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнамалық тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жәмішев

      Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрінің         
2008 жылғы 22 шілдедегі      
N 350 бұйрығына          
1-қосымша             

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын  
және бухгалтерлерді кәсіби    
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу Ережесіне       
4-1-қосымша             

Сертификаттау жөніндегі ұйымның (ұйымның құрылымдық бөлімшесінің) материалдық-техникалық жарақтанғандығының болуы туралы мәлімет

      Дәрістік және семинарлық оқулар үшін үй-жайлар мамандандырылған жиһазбен және иллюстрациялық материалдарды демонстрациялау үшін пайдаланылатын техникалық оқу құралдарымен жинақталады.
      Жабдықтар тыңдаушылардың бір ағымына бір дәрістік аудитория және бір оқу тобына арналған семинарлық сабақтар үшін бір аудитория есептен анықталады (ағымдардың санын, ұйым, тыңдаушылар саны мен сабақтардың өткізілу ерекшелігіне қарай белгілейді).
      Сертификаттау жөніндегі ұйым (ұйымның құрылымдық бөлімшесі) кестеде келтірілген үлгілік жабдықпен немесе функционалдық тағайындалуы және техникалық параметрлері бойынша соған ұқсас жабдықпен жинақталады.

N
р/с

Атауы

1 тыңдаушыға
тиістілігі
(дана/кв.м)

Оқытушылар/
тыңдаушылар,
адам саны

Жалпы
қажеттілік

1

2

3

4

5=3*4

1

Тыңдаушылардың ағыны
бойынша дәрістік
сабақтар жүргізу
үшін оқу аудитория-
лары, жарақталған:




1.1

Техникалық оқу
құралдарымен




1.1.1

Экран




1.1.2

Проектор




1.1.3

Экранға және
проекторға қызмет
көрсету үшін қажет
болған кезде,
компьютер




1.2

Арнайы жиһазбен және
ұйымдастыру құралда-
рымен




1.2.1

Бормен немесе
фломастермен жазуға
арналған аудитория-
лық тақта




1.2.2

Кафедра-мінбе




1.2.3

Лектор үшін үстел




1.2.4

Лектор үшін орындық




1.2.5

Аудиториялық үстел




1.2.6

Аудиториялық орындық




2.

бір топ тыңдаушылар-
ға семинар сабақта-
рын жүргізу үшін
оқу аудиториялары,
жарақталған:




2.1

Техникалық оқу
құралдарымен




2.1.1

Экран




2.1.2

Проектор




2.1.3

(есептеу міндеттері
бар сабақтар үшін)
және оның ішінде
экранға және
проекторға қызмет
көрсету үшін қажет
болған кезде,
компьютер




2.2

Арнайы жиһазбен және
ұйымдастыру
құралдарымен




2.2.1

Бормен немесе
фломастермен жазуға
арналған аудиториялық тақта




2.2.2

Кафедра-мінбе




2.2.3

Оқытушы үшін үстел




2.2.4

Оқытушы үшін орындық




2.2.5

Аудиториялық үстел




2.2.6

Аудиториялық орындық




                                          Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 22 шілдедегі
                                             N 350 бұйрығына
                                                2-қосымша

                                    Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
                                       және бухгалтерлерді кәсіби
                                   сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
                                          аккредиттеу Ережесіне
                                                4-2-қосымша

               Емтихандық комиссияның құрамы*

N
р/с
Тегі,
аты-жөні
Негізгі
жұмыс орны,
лауазымы
Мекен-жайы,
телефоны,
электрондық
мекен-жайы
бухгалтерлік
есеп және/
немесе
қаржылық
есептілік
және/немесе
аудит
саласындағы
соңғы 7
(жеті) жылдан
кемінде
5(бес) жыл
еңбек өтілі
Кәсіби
білімдерін
растайтын
құжаттар,
(атауы,
кім
берген,
берілген
күні,
нөмірі)**

1

2

3

4

5

6


Төраға






Комиссия
мүшелері:






Хатшы***











       Ескертпе:
      *кемінде бес мүше
      ** жұмыс өтілін растайтын, жұмыс берушінің, күні және оның тоқтатылу негіздемесін белгілеген жазуы бар еңбек кітапшасының және/немесе шарттың нотариалдық расталған көшірмесі; кәсіби білімдерін растайтын дипломның және/немесе сертификаттың, және/немесе куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі
      *** дауыс беру құқығынсыз

      Бухгалтерлерді
      кәсіби сертификаттау
      жөніндегі ұйымның басшысы  ___________  ___________________
                                   (қолы)       (тегі, аты-жөні)
      М.О.   ________________
                  (күні)

                                        Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 22 шілдедегі
                                            N 350 бұйрығына
                                               3-қосымша

                                    Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
                                       және бухгалтерлерді кәсіби
                                   сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
                                          аккредиттеу Ережесіне
                                                4-3-қосымша

                    Оқытушылар туралы мәліметтер

N
р/с
Оқыту-
шының
тегі,
аты-
жөні
Дипломы, сертифи-
каты,
куәлігі
(атауы,
кім
берген,
берілген
күні,
нөмірі)
Негізгі
жұмыс
орны
лауазымы Жұмыс
өтілі
Емти-
хандық
пәннің
атауы
Мекен-
жайы,
телефон,
элект-
рондық
мекен-
жайы

1

2

3

4

5

6

7

8

















       Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
      жөніндегі ұйымның басшысы  ___________  ___________________
                                   (қолы)       (тегі, аты-жөні)
      М.О.   ________________
                  (күні)

                                        Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 22 шілдедегі
                                            N 350 бұйрығына
                                               4-қосымша

                                    Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
                                       және бухгалтерлерді кәсіби
                                   сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
                                          аккредиттеу Ережесіне
                                                4-4-қосымша

"Бекітемін"
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымның басшысы
_____________________________
   (тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні

Емтихандық пән бойынша оқу бағдарламасы
___________________________
(пәннің атауы)

      1. Емтихандық пән бойынша бағдарламаның автор(лар)ы.
      2. Мақсаты және міндеттері.
      3. Бағдарламаның мазмұны:
      а) кіріспе бөлім;
      б) тақырыптар*: құрылымы және мазмұны;
      в) пайдаланылған әдебиет;
      г) таратылатын материалдар тізбесі.
      4. Сағаттардың тақырыптық есептелуі:

Тақырып N тақы-
рыптың
атауы
Дәрістер
(сағат-
тар)
Семи-
нарлар
(са-
ғат-
тар)
Сағаттар-
дың бар-
лығы (ке-
мінде 80
академ.
сағ.
(3-топ+4-
топ)
өзіндік
жұмыс
(кемін-
де 40
академ.
сағ.)
Жиыны
(кемінде
120
академ.
сағ.)

1

2

3

4

5

6

7

1-тақырып, 2-тақырып, 3-тақырып және т.б.







       Бағдарлама автор(лар)ының қолы______________

      Ескертпе:
      * "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Азаматтық құқық", "Салық және салық салу" пәндері бойынша тақырыптар Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 4-5, 4-6 және 4-7 қосымшаларға сәйкес.

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 22 шілдедегі
                                           N 350 бұйрығына
                                              5-қосымша

                                    Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
                                       және бухгалтерлерді кәсіби
                                   сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
                                          аккредиттеу Ережесіне
                                               4-5-қосымша

       "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары"
            пәні бойынша тақырыптар тізбесі*

1

1 (IAS) "Қаржылық есептілікті ұсыну" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

2

2 (IAS) "Қорлар" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

3

7 (IAS) "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер"
Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

4

8 (IAS) "Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалардағы өзгерістер мен қателер" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

5

10 (IAS) "Есепті күннен кейінгі оқиғалар" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

6

11 (IAS) "Құрылысқа шарттар" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

7

12 (IAS) "Табысқа салынатын салықтар" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

8

16 (IAS) "Негізгі құралдар" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

9

17 (IAS) "Жалдау" Халықаралық қаржылық есептілік
стандарты

10

18 (IAS) "Түсім" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

11

19 (IAS) "Қызметкерлерге сыйақы" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

12

20 (IAS) "Мемлекеттік көмекті есепке алу және мемлекеттік
көмек туралы ақпаратты ашу" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

13

21 (IAS) "Валюталардың айырбастау бағамдарының әсері"
Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

14

23 (IAS) "Қарыздар бойынша шығындар" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

15

24 (IAS) "Байланысқан тараптар туралы ақпаратты ашу"
Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

16

26 (IAS) "Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және
есептілік" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

17

27 (IAS) "Біріктірілген және жеке қаржылық есептілік"
Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

18

28 (IAS) "Ассоцияланған кәсіпорындарға инвестициялар"
Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

19

29 (IAS) "Гиперинфляциялық экономикадағы қаржылық
есептілік" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

20

31 (IAS) "Бірлескен кәсіпкерлікте қатысу" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

21

32 (IAS) "Қаржылық құралдар: ақпарат ұсыну" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

22

33 (IAS) "Акцияға табыс" Халықаралық қаржылық есептілік
стандарты

23

34 (IAS) "Арадағы қаржылық есептілік" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

24

36 (IAS) "Активтердің құнсыздануы" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

25

37 (IAS) "Бағалау резервтері, шартты міндеттер және
шартты активтер" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

26

38 (IAS) "Материалдық емес активтер" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

27

39 (IAS) "Қаржылық құралдар: тану және өлшеу"
Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

28

40 (IAS) "Инвестициялық мүлік" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

29

41 (IAS) "Ауыл шаруашылығы" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

30

1 (IFRS) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының
бірінші қолданылуы" Халықаралық қаржылық есептілік
стандарты

31

2 (IFRS) "Акцияларға негізделген төлем" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

32

3 (IFRS) "Бизнес бірлестіктері" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

33

4 (IFRS) "Сақтандыру шарттары" Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

34

5 (IFRS) "Сату үшін тағайындалған ұзақ мерзімді активтер
және тоқтатылған қызмет" Халықаралық қаржылық есептілік
стандарты

35

6 (IFRS) "Пайдалы қазбалардың қорларын барлау және
бағалау" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

36

7 (IFRS) "Қаржылық құралдар: ақпарат ашу" Халықаралық
қаржылық есептілік стандарты

37

8 (IFRS) "Операциялық сегменттер" халықаралық қаржылық
есептілік стандарты

      Ескертпе:
      * тізім уәкілетті органмен мерзімді түрде жаңартылып отырады,
      ** осы пән бойынша білім тексеру есептік және дискуссиялық бөлімдерді қамтитын бес сұрақтан тұратын үш сағаттық жазбаша емтихан жолымен жүргізіледі. Топты біріктірілген қаржылық есептілікті дайындау бойынша сұрақ міндетті болып табылады.
      Сұрақтардың есеп бөлімдері кәсіби бухгалтерлікке кандидаттың есептілікті дайындау қағидаттарын, ХҚЕС стандарттарының маңызды элементтерін түсінетінін анықтау мақсатында құрылуы тиіс.

      Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрінің       
2008 жылғы 22 шілдедегі     
N 350 бұйрығына       
6-қосымша          

                                  Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын 
                                     және бухгалтерлерді кәсіби   
                                 сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
                                        аккредиттеу Ережесіне    

4-6-қосымша           

"Салық және салық салу" оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар тізбесі

      1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдер жүйесі
      2-тақырып. Салықтық қарым-қатынастардың субъектілері
      3-тақырып. Салықтық міндеттеме және оның орындалуы
      4-тақырып. Салықтық бақылау
      5-тақырып. Салықтық заңнаманы бұзушылық және оларды жасағаны үшін жауапкершілік
      6-тақырып. Корпоративтік табыс салығы
      7-тақырып. Жеке табыс салығы
      8-тақырып. Қосылған құн салығы (ҚҚС)
      9-тақырып. Акциздер
      10-тақырып. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына ренталық салық
      11-тақырып. Жер қойнауын пайдаланушылардың салық және арнаулы төлемдері
      12-тақырып. Әлеуметтік салық
      13-тақырып. Жер салығы
      14-тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық
      15-тақырып. Мүлік салығы
      16-тақырып. Ойын бизнесіне салынатын салық
      17-тақырып. Алымдар
      18-тақырып. Төлемақылар
      19-тақырып. Мемлекеттік баж
      20-тақырып. Кеден төлемдері
      21-тақырып. Зейнеттілік қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрінің        
2008 жылғы 22 шілдедегі      
N 350 бұйрығына         
7-қосымша            

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын  
және бухгалтерлерді кәсіби    
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу Ережесіне       
4-7-қосымша           

"Азаматтық құқық" оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар тізбесі

      1-тақырып. Жалпы ережелер
      2-тақырып. Азаматтық қарым-қатынастардың субъектілері
      3-тақырып. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары
      4-тақырып. Азаматтық құқықтар объектілері
      5-тақырып. Мәмілелер
      6-тақырып. Өкілдік. Сенімхат.
      7-тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер
      8-тақырып. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар
      9-тақырып. Міндеттемелер
      10-тақырып. Шарт
      11-тақырып. Еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеу
      12-тақырып. Зияткерлік меншігі
      13-тақырып. Банк ісі
      14-тақырып. Сақтандыру
      15-тақырып. Зейнеткерлік қамтамасыз ету.

                                        Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 22 шілдедегі
                                           N 350 бұйрығына
                                              8-қосымша

                                    Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
                                       және бухгалтерлерді кәсіби
                                   сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
                                          аккредиттеу Ережесіне
                                                   7-қосымша

                                                   КЕЛІСІЛДІ:
                                           Қазақстан Республикасының
                                                 Қаржы министрлігі
                                           _________________________
                                               (уәкілетті тұлға)

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі аккредиттелген ұйымның атауы (логотип)

              Кәсіби бухгалтердің сертификаты N ___

                       ____________N_____
        Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның
                    аккредиттелгені туралы куәлікті
          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі берді

Кәсіби бухгалтердің осы сертификаты _________ ______________________
                                     (күні)     (Тегі, аты-жөні) мырзаға (ханымға) берілді.

Емтихандық комиссияның төрағасы __________________ (Тегі, аты-жөні)

Бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі
ұйымның басшысы             ______________________ (Тегі, аты-жөні)

      М.О.

                     қаланың атауы