Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 653 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4742 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 27 шілдеде № 114 (1143) жарияланған.
      2) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 350 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5277 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2008 ж., № 9, «Заң газеті» газеті 2008 жылғы 22 тамызда № 128 (1354), жарияланған.
      3) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 370 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6409 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 360-361 (26204) санында жарияланған.
      2. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет
әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) бір апталық мерзімде осы бұйрық күшіне енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұйрықтың көшірмесін жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                       Б. Жәмішев