Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына өзге

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 30 маусымдағы N 97 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5274 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 128 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88  қаулысына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 14-1-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-3-жолмен толықтырылсын:
 
  "17-  Қазақстан         ТСМ    Қаңтар   Ақпан   Маусым   Қ.А.
3.    Республикасының                                    Өскенбаев
      кейбір заңнамалық
      актілеріне ойын
      бизнесі мәселелері
      бойынша
      өзгерістер мен
      толықтырулар
      енгізу туралы                                              ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов