Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына толы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 219 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4435 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 128 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 128 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329  қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3348 тіркелген) "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310  қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 16  қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4044 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінде:
      1-тармақтағы ""Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына" деген сөздерден кейін ", "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары" деген сөздерден кейін ", оның ішінде өзара сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның лицензиясынсыз осы ереженің 13, 16, 23 және 24-қосымшаларына сәйкес есептерді ай сайын, есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей береді.";

      6-тармақтағы "4" деген саннан кейін ", 4-1-тармағына" деген сандармен және сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

      Төраға