"Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 421 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5045 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 89 Бұйрығымен.

       Ескерту. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 4-баптан қараңыз.

      Осы Заң республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2008-2010 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көлемін айқындайды.

       1-бап. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы
              бар қала, астана бюджеттерінен республикалық
              бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың
              көлемі

      1. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2008 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 81 752 134 мың теңге, оның ішінде:
      Атырау облысынан - 15 467 703 мың теңге;
      Маңғыстау облысынан - 4 249 313 мың теңге;
      Алматы қаласынан - 52 400 834 мың теңге;
      Астана қаласынан - 9 634 284 мың теңге сомасында белгіленсін.

      2. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2009 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 89 922 302 мың теңге, оның ішінде:
      Атырау облысынан - 20 192 716 мың теңге;
      Маңғыстау облысынан - 5 342 114 мың теңге;
      Алматы қаласынан - 55 811 279 мың теңге;
      Астана қаласынан - 8 576 193 мың теңге сомасында белгіленсін.

      3. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2010 арналған бюджеттік алып қоюлар 77 663 111 мың теңге, оның ішінде:
      Атырау облысынан - 18 739 180 мың теңге;
      Маңғыстау облысынан - 2 431 287 мың теңге;
      Алматы қаласынан - 54 999 926 мың теңге;
      Астана қаласынан - 1 492 718 мың теңге сомасында белгіленсін.

       2-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге
              берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі

      1. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2008 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 449 066 155 мың теңге, оның ішінде:
      Ақмола облысына - 31 498 056 мың теңге;
      Ақтөбе облысына - 15 722 690 мың теңге;
      Алматы облысына - 48 921 656 мың теңге;
      Шығыс Қазақстан облысына - 46 936 313 мың теңге;
      Жамбыл облысына - 44 196 691 мың теңге;
      Батыс Қазақстан облысына - 20 212 610 мың теңге;
      Қарағанды облысына - 35 715 079 мың теңге;
      Қостанай облысына - 33 661 004 мың теңге;
      Қызылорда облысына - 36 160 661 мың теңге;
      Павлодар облысына - 14 677 917 мың теңге;
      Солтүстік Қазақстан облысына - 31 031 953 мың теңге;
      Оңтүстік Қазақстан облысына 90 331 525 мың теңге сомасында белгіленсін.

      2. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2009 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 526 926 835 мың теңге, оның ішінде:
      Ақмола облысына - 35 399 399 мың теңге;
      Ақтөбе облысына - 17 544 081 мың теңге;
      Алматы облысына - 60 034 569 мың теңге;
      Шығыс Қазақстан облысына - 54 083 302 мың теңге;
      Жамбыл облысына - 52 049 283 мың теңге;
      Батыс Қазақстан облысына - 21 712 022 мың теңге;
      Қарағанды облысына - 40 621 386 мың теңге;
      Қостанай облысына - 37 721 866 мың теңге;
      Қызылорда облысына - 42 159 181 мың теңге;
      Павлодар облысына - 16 370 560 мың теңге;
      Солтүстік Қазақстан облысына - 34 097 487 мың теңге;
      Оңтүстік Қазақстан облысына - 115 133 699 мың теңге сомасында белгіленсін.

      3. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2010 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 645 354 441 мың теңге, оның ішінде:
      Ақмола облысына - 42 771 759 мың теңге;
      Ақтөбе облысына - 23 691 835 мың теңге;
      Алматы облысына - 73 799 997 мың теңге;
      Шығыс Қазақстан облысына - 64 659 125 мың теңге;
      Жамбыл облысына - 62 677 573 мың теңге;
      Батыс Қазақстан облысына - 26 545 434 мың теңге;
      Қарағанды облысына - 50 337 692 мың теңге;
      Қостанай облысына - 45 264 059 мың теңге;
      Қызылорда облысына - 51 506 999 мың теңге;
      Павлодар облысына - 21 736 991 мың теңге;
      Солтүстік Қазақстан облысына - 40 432 203 мың теңге;
      Оңтүстік Қазақстан облысына 141 930 774 мың теңге сомасында белгіленсін.

       3-бап. Жергілікті бюджеттерде көзделетін шығыстардың
              көлемі

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттердің шығыстарында:
      азаматтық қызметшілерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен лауазымдық айлықақысы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы кемінде күнтізбелік отыз күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беруге қатысты 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
      мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық темір жол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі жағдайын жасауға қатысты және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бастауыш білім берудің педагог қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін аптасына 20 сағаттан 18 сағатқа дейін азайту бөлігінде "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға арналған қаражатты ескеретін болсын.

       4-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті