"Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 108 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4631 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 89 Бұйрығымен.

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 89 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3293 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. тамыз, N 17, 135-құжат, 2005 ж. қыркүйек, N 18, 144-құжат, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 341 бұйрығымен өзгерістер енгізілді, "Заң" газетінде 2005 жылғы 4 қарашада N 152 (766) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 14) тармақшасына және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесінде:
      1-тармақта "есептілігінің" деген сөзден кейін "көлемі," деген сөзбен толықтырылсын;

      5-тармақта:
      екінші абзацта "және Аумақтық қазынашылық органында сақталатын есептіліктің данасына" деген сөздер алынып тасталсын;

      үшінші абзацтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;

      2-бөлімнің атауында "нысандарының" деген сөз алынып тасталсын;

      12-тармақта:
      бірінші абзацта "нысандарының" деген сөз алынып тасталсын;

      алтыншы абзацта "депозит қаражаттары" деген сөздер "жеке немесе заңды тұлға оларды қайтару шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацта "валюта қаражаттарының" деген сөздер"шетел валютасындағы қаражаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тоғызыншы, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырма бесінші абзацтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "есеп айырысудың аккредитивтік нысанын пайдалана отырып, бюджет қаражатын пайдалану туралы есеп -N 19 нысан (осы Ережеге 27-қосымша);";

      13-тармақта:
      бірінші абзацта "бюджет қаражатының жете игерілмеу" деген сөздер "қаржыландыру жоспарларының орындалмау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "игерілген" деген сөз "пайдаланылған" деген сөзбен ауыстырылсын, "игерілмеу" деген сөз "пайдаланылмау немесе ішінара пайдаланылмау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын;

      17-тармақта "тиiстi Аумақтық қазынашылық органдарына және" деген сөздер алынып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Мемлекеттік мекемелер есептілікті нысандардың толық көлемінде екі данада жасайды, оның біреуі жоғары тұрған органға жіберіледі. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден есептілікті қабылдауы және тексеруі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.";

      25-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бюджеттік қаражаттардан басқа өзінің иелігінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен, алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға беретін, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілген ақшаны (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы), шетел валютасындағы қаражатты, сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарында және шоттардағы шетел валютасынан түсетiн ақшаны иелене алады";

      27-тармақтың алтыншы абзацында:
      236 "Балалар мекемелерін ұстау үшін ата-аналарының қаражаттары" және 238 "Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған өзге де қаражаттар" қосалқы шоттарына" деген сөздер" 238 "Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған өзге де қаражаттар" қосалқы шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "осы қосалқы шоттардағы" деген сөздер "осы қосалқы шоттағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Балансқа мемлекеттік мекеме мынадай шоттар бойынша: бюджеттік шот, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер және олар бойынша жүргізілген төлемдер бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша (бұдан әрі - ақылы қызметтер жөніндегі ҚБШ), алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға беретін, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілген ақша бойынша (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), оларға қызмет көрсету және тағайындау орнына қарай шетел валютасындағы шот бойынша және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары бойынша операцияларды енгізуі тиіс.";

      35-тармақта "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша, депозит шоттардағы, шетел валютасындағы шоттардағы" деген сөздер "ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-тармақта"депозиттік шоттан" деген сөздер алынып тасталсын;

      40-тармақта:
      бірінші абзацта "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетiн, депозиттік шоттағы," деген сөздер "ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац алынып тасталсын;

      он бірінші абзац алынып тасталсын;

      бесінші абзацта "ресми" деген сөз алынып тасталсын;

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "190 "қайырымдылық, демеушілік көмектің ҚБШ" (110) жолы бойынша мемлекеттік мекемелердің қайырымдылық, демеушілік көмектен алған ақшасының қалдығы көрсетіледі.";

      он екінші абзацта "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаны есепке алуға арналған шот" деген сөздер "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын.
      "210 "Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастырудың ҚБШ" (112) жолы бойынша жеке немесе заңды тұлға қайтарымдылық шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның қалдығы көрсетіледі.";

      41-тармақта:
      "мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі балаларды ұстауға," деген сөздер алынып тасталсын;

      он төртінші абзацта ", сондай-ақ жатақхананы пайдаланғаны үшін оқу орындарының студенттері мен оқушыларының берешек сомасы" деген сөздер алынып тасталсын;

      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "324 "Нысаналы трансферттер бойынша есептеулер" (194) жолы бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне бөлінген жете пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің сомасын көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
      "327 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есептеулер" (195) жолы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына мемлекеттік мекеме артық аударған міндетті әлеуметтік аударымдардың сомасы, пассивте 684-жол бойынша - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік мекеменің берешек сомасы көрсетіледі.";

      42-тармақтың он екінші абзацында "валюталық қаражаттар" деген сөздер "шетел валютасындағы қаражаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;

      48-тармақта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "534 "Шетел валютасындағы қаражаттың қоры" (273) жолы бойынша шетел валютасындағы қор қаражатының қалдығы көрсетіледі";

      49-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "610 "Жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы бойынша есептеулер" (174) жолы бойынша жеке немесе заңды тұлға мемлекеттік мекемеге қайтарымдылық шарттарында берген ақшаның сомасы көрсетіледі.";

      54-тармақта:
      он алтыншы абзац алынып тасталсын;
      жиырмасыншы абзацта "валюталық шотқа есептелген" деген сөздер алынып тасталсын;

      жиырма төртінші абзацта "жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеу" деген сөздер "қаржыландырудың қосалқы шоттарын арттыруға жатқызылған басқа сома" деген сөздермен ауыстырылсын;

      55-тармақтың сегізінші абзацы алынып тасталсын;

      58-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "N 4 нысаны бойынша жеке немесе заңды тұлға қайтарымдылық шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша жөніндегі есепте жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының қозғалысы көрсетіледі";

      үшінші абзацта "депозит қаражатының" деген сөздер "жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60-тармақта:
      бірінші абзацта "Валюталық қаражат", "валюталық қаражаттары" деген сөздер тиісінше "Шетел валютасындағы қаражат", "шетел валютасындағы қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші, үшінші және жетінші абзацтардағы:
      "валюталық қаражат" деген сөздер "шетел валютасындағы қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Валюталық қаражат қорлары" деген сөздер "Шетел валютасындағы қаражат қоры" деген сөздермен ауыстырылсын,

      61-тармақ алынып тасталсын,

      65-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын.
      "1 және 4-жолдар бойынша жылдың басындағы және есепті кезеңнің аяғындағы бюджет қаражатының қалдықтары көрсетіледі.
      2-жол бойынша есепті кезеңде бөлінген, оның ішінде Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік нысыптамасына сәйкес төлемдердің түрлеріне бөле отырып, төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі.
      3-жол бойынша 4 және 5-бағандарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қайтарылған және есепті кезеңде бюджеттің кірісіне есептелген сома көрсетіледі.";

      70 және 71-тармақтар алынып тасталсын;

      72 және 74-тармақтарда:
      "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік мекемелердің" деген сөздердің алдынан "ведомстволық бағынысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
      "75-1. N 19 нысан бойынша есеп айырысудың аккредитивтік нысанын қолдана отырып бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес аккредитив ашылған мемлекеттік мекемелер береді.
      1, 2, 3, 4 және 5-бағандарда бюджет шығыстары функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары мен атауы көрсетіледі.
      6-бағанда - негізінде аккредитив ашу жүргізілетін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің нөмірі мен күні;
      7-бағанда - аккредитивтің ашылған күні.
      8-бағанда - аккредитивтің қолданылу мерзімі.
      9-бағанда - ашылған аккредитивтің жалпы сомасы, оның ішінде:
      10-бағанда - есепті жылдың басына өткен жылдар аккредитивінің қалдығы;
      11-бағанда - есепте кезеңде ашылған аккредитивтің сомасы.
      12-бағанда - есепті кезеңде игерілген аккредитивтің сомасы.
      13-бағанда - бюджеттің кірісіне аударылған сома.
      14-бағанда - есепті күнге пайдаланылмаған аккредитивтің қалдығы (9-баған шегеру 12-баған шегеру 13-баған).
      15-бағанда - аккредитивтің жабылған күні көрсетіледі.
      19 нысан тоқсандық және жылдық есептілік болып табылады.";

      76-тармақта:
      бірінші абзацта "және салыстырады", деген сөздер алынып тасталсын, "алынған рұқсаттар мен кассалық шығыстар туралы ай сайын деректерді" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "қабылданған" деген сөз "тіркелген" деген сөзбен ауыстырылсын, "кассалық шығыстар" деген сөздер "бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелер" деген сөздермен, "орындалмаған" деген сөз "төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тоқсан сайын Қазынашылық комитетінен N 4-20 нысан бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есепті алады.";

      үшінші абзацта "тиісті қазынашылық органының" деген сөздер алынып тасталсын;

      77-тармақ алынып тасталсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 1-қосымшада:
      1 "Жылдық және тоқсандық" деген бағанда "4-ф" деген сөздер алынып тасталсын;

      2 "Жылдық" деген бағанда "13, 14, 3" деген сандар алынып тасталсын;

      3 "Нысандардың атауы" деген бағанда:
      "Депозиттік қаражаттар" деген сөздер "Жеке немесе заңды тұлға қайтарымдылық шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Валюталық қаражат" деген сөздер "Шетел валютасындағы қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республикалық бюджеттен алынған қаражат туралы тізімдеме", "Республикалық бюджеттен алынған қаражат туралы жиынтық тізімдеме", "Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатты жұмсауы туралы ақпарат" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

19


Есеп айырысудың аккредитивтік нысанын қолдана отырып бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есеп

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 2-қосымшада:
      реттік нөмірі 10-жолдың 1-бағанында"141-жол 4-баған алу" деген сөздер алынып тасталсын;

      1 және 2-бағандарда:
      "Бюджеттен тыс қорлар бойынша есеп N 4-ф-нысаны" деген сөздер алынып тасталсын;

      реттік нөмірлері 21, 22, 23 және 48-жолдар алынып тасталсын;
      "Депозиттік қаражаттар" деген сөздер "Жеке немесе заңды тұлға қайтарымдылық шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Валюталық қаражат" деген сөздер "Шетел валютасындағы қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 41-жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:


N 19 нысан Есеп айырысудың аккредитивтік нысанын қолдана отырып бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есеп

41-1. 3 және 4-бағандардың 230-жолы

41-1. Тиісінше 10 және 14-бағандардың "Барлығы" жолы

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 3-қосымшада:
      "Баланс" бөлімінде:
      "Жолдағы рұқсаттар (091) 141" деген жол алынып тасталсын;

      мынадай жолдар:
      "Демеулік және қайырымдылық көмек бойынша шот" (110) 190,
      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша есебі үшін шот (111) 200,
      Депозиттік шот (112) 210,
      Облыстық бюджеттер, республикалық мағынадағы қала, астана бюджеттерінің мақсатты трансферттері бойынша есеп айырысу (194) 324,
      Валюталық қаражаттар есебінен шығыстар (220) 375"

      мынадай редакцияда жазылсын:
      "Демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ (110) 190,
      Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ (111) 200,
      Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ (112) 210,
      Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысулар (194) 324,
      Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар (220) 375";

      VІ "Есеп айырысу" кіші бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу (195) 327";

      1 "Пассив" бағанында:
      "Балалар мекемелерін ұстауға арналған ата-аналардың қаражаттары (236) 470" деген жол алынып тасталсын;

      "Валюталық қаражат қоры (273) 534" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Шетел валютасындағы қаражаттың қоры (273) 534";

      ІІІ "Есеп-айырысулар" кіші бөлімінде:
      "Депозиттік сома бойынша есеп айырысулар (174) 610" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Жеке және заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы бойынша есеп айырысулар (174) 610";

      "Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналар бойынша есеп айырысулар (198) 683" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысулар (195) 684";

      "Бюджеттен 230; 231; 239 (140; 143) қосалқы шоттар бойынша қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтама" деген бөлімде:

      5-бағанда "о.і. жолдағы рұқсаттар" деген сөздер алынып тасталсын,

      6-бағанда "901" деген сан алынып тасталсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 4-қосымшада:
      "Кассалық шығыстар" деген сөздер "Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 "Шығыстар ерекшелігінің атауы" бағанында:
      "Оқу орнында оқығандардан түсетін жатақхана үшін төлем,  Балаларды ұстауға арналған ата-ана төлемі, Ата-аналардың берешегі" деген жолдар алынып тасталсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 7-қосымшада:
      "депозиттік қаражаттар", "депозиттік қаражаттың" деген сөздер тиісінше "жеке немесе заңды тұлға қайтарымдылық шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша", "жеке немесе заңды тұлға қайтарымдылық шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 9-қосымшада:
      "валюталық қаражат" деген сөздер "шетел валютасындағы қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 10-қосымша алынып тасталсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 14-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне  19 және 20-қосымшалар алынып тасталсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 25-қосымшада:
      "қабылданған" деген сөз "тіркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Кассалық шығыстар (атқарылған міндеттер)" деген сөздер "Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Атқарылмаған" деген сөздер "Ақысы төленбеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне 26-қосымша алынып тасталсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 27-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М. Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

                            Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
                              2007 жылғы 4 сәуірдегі N 108 бұйрығына
                                               1-қосымша

                                Мемлекеттік мекемелердің есептілігін
                                    жасау мен ұсынудың ережесіне
                                               14-қосымша

        Зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды,
        жерлеуге және басқа жәрдемақыларды төлеу туралы есеп
                                                  ____________
                      N 8-тм нысаны              | Коды        |
                                    ҚҰЖЖ бойынша |____________|

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ____________________
                         ____________ 200 __ ж. арналған
Мерзімділігі: ______________________________________
                      (жылдық, тоқсандық)
Өлшем бірлігі: _____________________________________

N
р/р

Көрсеткіштер

Рұқсат етілген

МЗТО

Банк

Алушының дербес шотына аударылғаны

1

2

3

4

5

6

1.

Жыл басындағы бюджет қалдығы

х




2

Есепті кезеңде барлық бөлінгені:
оның ішінде:
................................................





3.

Бюджеттің кірісіне енгізілгені





4.

Есептік кезең аяғындағы бюджет қаражатының қалдығы

х



х

Басшы _____________________  ______________
               (қолы)          (аты-жөні)
МП

Бас бухгалтер _____________   _____________
               (қолы)          (аты-жөні)

"___" ________ 200 __ ж.

                            Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
                              2007 жылғы 4 сәуірдегі N 108 бұйрығына
                                              2-қосымша

                                Мемлекеттік мекемелердің есептілігін
                                        жасау мен ұсынудың ережесіне
                                              27-қосымша

         Есеп айырысудың аккредитивтік нысанын қолдана отырып
             бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есеп

                                           N 19 нысан
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі_____________       __________
                                                      |   Коды    |
Мемлекеттік мекеме_________________      ҚҰЖЖ бойынша |__________|
          ___________________арналған    ҚҰЖЖ бойынша |__________|
Мерзімділігі: жылдық, тоқсандық ______________
Өлшем бірлігі: _______________________________

Әкімші

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшелік

ББС кодтарының атауы

Аккредитивті ашу негізі (НҚА N және күні)

1

2

3

4

5

6


Барлығы














кестенің жалғасы

Аккредитивтің ашылған күні

Аккредитивтің қолданылу мерзімі

Аккредитив сомасы

барлығы

есепті жылдың басына өткен жылдар аккредитивтінің қалдығы

есепті кезең

7

8

9

10

11











  кестенің жалғасы

Есепті кезеңде аккредитив игерілді

Бюджеттің кірісіне аударылды

Есепті күнге аккредитивтің қалдығы (9-бағ. - 12-бағ. - 13-бағ.)

Аккредитивтің жабылған күні

12

13

14

15









  Басшы _____________________  _________________
              (қолы)             (аты-жөні)

Бас бухгалтер _____________   ________________
                  (қолы)          (аты-жөні)