Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі есептерді беру ережесін, мерзімін және нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 тамыздағы N 282 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4910 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 306 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен алаңы 6,4 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қарағанды облысындағы N 2-3 алаңның VII учаскесінде барлау және көмір өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған 2006 жылғы 10 ақпандағы N 1953 келісім-шартқа сәйкес барлау және тас көмір өндіру үшін "ГШО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі