"Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі есептерді беру ережесін, мерзімін және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 тамыздағы N 282 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 ақпандағы N 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5167 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 306 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесі мен көлемінде:
      "Болжамды сақтау көлемі (тонна)" бағанында "(тонна)" деген сөз алынып тасталсын;
      "DDР ИНКОТЕРМС 2000 шартындағы бағасы (теңге/тонна)" бағанындағы "тонна" деген сөз "өлш. бірл." деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1-жолдың "Өлш. бірл" бағанындағы "тн" деген аббревиатура "мың л." деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2-жолдың "Өндіруші ел" бағанындағы "импорт" деген сөз алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі