"Аурулар түрлерінің және амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар мен арнайы емдік тағам рецепт бойынша тегін немесе жеңілдікті жағдайда берілетін халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 659 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4507 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкiмiне  мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 63-жолдың 5-бағанында:
      3), 9) тармақшалардағы "2006 жылғы желтоқсан" деген сөздер "2007 жылғы шiлде" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министрдің
      міндетін атқарушы