Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 7 маусымдағы N 375 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2007 жылғы 29 маусымда N 4770 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Грузиядағы Дипломатиялық
миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Грузиямен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Грузиядағы Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын
қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті