Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы" 2005 жылғы 11 ақпандағы N 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3661. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң "Еуразия мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 2005 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар орталық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiн шетелде оқытуды ұйымдастыру жөнiндегі қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiне (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорынмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасу;
      жасалатын шарттарды қаржыландыруды 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелдерде бiлiктiлiгiн арттыру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде жүргiзу;
      осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатын сақтау;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі