Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шаттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 57-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4647 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 136 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабының 6-тармағына сәйкес және "зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237-ІІІ Заңын іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тауар таңбасына өтінімді құрастыру, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Патент агенттігі 1996 жылғы 8 қазанда бекіткен Тауар таңбаларын тіркеуге өтінімдер құрастыру және беру ережелерінің  (Нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 296 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Патент агенттігі 1996 жылғы 8 қазанда бекітілген Тауар таңбасын тіркеуге өтінімдерді қарау ережесінің (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 6 мамырда N 297 болып тіркелген)  күштері жойылды деп танылсын

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы  комитетінің Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы (Баржақсы Н.Б.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Бекеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Әділет  
министрлігі Зияткерлік меншік  
құқығы жөніндегі комитеті төрағасының
2007 жылғы 24 сәуірдегі      
N 55-н.қ. бұйрығымен бекітілген   

Тауар таңбаларына арналған өтінімді құрастыру,
ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге арналған өтінімді құрастыру тәртібін, оны ресімдеу және қарау тәртібін, сондай-ақ тауар таңбасына, қызмет көрсету белгісіне арналған куәлікті беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер пайдаланылады:
      1) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрі - тауар таңбасы) - заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшіне тіркелмей қорғалатын, заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (қызмет көрсетулерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарларынан (қызмет көрсетулерінен) айыру үшін қызмет ететін белгілер;
      2) ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар, олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы;
      3) жалпыға танымал тауар таңбасы - тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге орай мүдделi тұлғалардың айғақтарына негiзделген құзыретті органның немесе соттың шешiмiмен жалпыға бірдей танылған тауар таңбасы;
      4) тауар шығарылған жердiң атауы - өндірістегі негізгі қасиеттері оны шығаратын жерімен, соның ішінде ерекше табиғи жағдайларымен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшiн пайдаланылатын географиялық көрсеткiш;
      5) өтініш беруші  -  тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға;
      6)  сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополия саласына кіретін (тауар таңбаларын қорғау саласында қызмет көрсету, қызмет көрсету белгілері, тауар шығарылған жердің атауы) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
      7) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және тауар таңбаларын қорғау, қызмет көрсету белгілері, тауар шығарылған жердің атауы саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      8) тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі - ТҚХС)  -  1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданып, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жіктеме;
      9) Мадрид келісімі - өзгерістер мен толықтырулар енгізілген таңбаларды халықаралық тіркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Мадрид келісімі.

  2-тарау. Тауар таңбаларына арналған өтінімді
құрастыру және ресімдеу 

      3.   Заңның   5-бабының 1-тармағына сәйкес тауар таңбасы ретiнде сөзді бейнелеуді, әрiпті, цифрлі, көлемді және өзге де белгiлері немесе осы тектес амалдар бiр тұлғаның тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.
      Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.
      1) Сөзді белгілерге сөздер; сөздік сипатқа ие дыбыс тіркестері; сөз тіркестері; сөйлемдер; тілдің басқа да бірліктері, сондай-ақ олардың тіркестері жатады.
      2) Бейнелеулі белгілеріне жазықтықтағы графикалық бейнелер, соның ішінде әр түрлі тіршіліктің, заттардың, өзге де объектілердің, фигуралардың бейнелері, көркем орындалған шрифтік элементтер, сондай-ақ жоғарыда аталған элементтердің әр түрлі композициялары жатады.
      3) Көлемді белгілеріне нысаны бірегей және ерекше тауар функциясымен байланыспайтын үш өлшемді объектілер жатады.
      4) Аралас түрлер белгілеріне сөзді, бейнелеулі, көлем элементтерінің әр түрлі амалдары жатады.
      5) Заңның 5-бабында көзделген өзге белгілерге дыбыстық белгілер жатады.

      4.  Өтінім сараптама жасау ұйымына беріледі немесе пошта не факсимильді байланыс арқылы жіберіледі. Егер өтінім факсимильді байланыс арқылы берілсе, ол факс арқылы келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаз жеткізгішімен расталуы қажет. Егер өтінім құжаттары сараптама жасау ұйымына көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түссе немесе факс арқылы ұсынылғандардан ерекшеленетін мәліметтерді қамтыса, онда олардың түпнұсқалары келіп түскен күн құжаттардың келіп түскен күні болып есептелінеді.
      Өтінім сараптама ұйымына үш данадан беріледі.

      5. Өтінім осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес ТЗ-1 нысанындағы бланкіде ұсынылады және ол бір тауар таңбасына тиісті болып, онда мыналар:
      1) егер өтінім ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге берілсе, онда ұжымдық тауар таңбасын қорғауын сұратылуын көрсетеді;
      2) заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ  пошта индексі және елдің атауы, телефон нөмірі, сондай-ақ  факс нөмірі мен электрондық пошта адресі (егер олар бар болса) көрсетілген мекен-жайы немесе тұрғылықты жері;
      3) заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсетілуі;
      4) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі туралы (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін) мәліметті;
      5) егер өкіл немесе патенттік сенімді өкіл тағайындалған болса, оның аты, тегі, әкесінің аты (егер олар бар болса) немесе атауы, сондай-ақ пошта индексін қоса алғандағы хат алмасуға арналған мекен-жайы, телефон нөмірі, факс нөмірі мен электрондық поштаның мекен-жайын (егер ол бар болса);
      6) Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының (ДСМҰ) ST.3 стандарты бойынша өтінімді беру күні, елдің коды және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын өтінім нөмірін;
      7) егер Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес көрмелік басымдық сұратылса, тауар таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар объектіні ресми танымал халықаралық көрмеге қойып ашық көрсетудің басталған күнін;
      8) бланкіде төртбұрышпен белгіленген жерде орналастырылатын мәлімделген белгіні;
      9) егер қалыпты шрифтпен орындалған белгі мәлімделсе, тауар таңбасын қорғаудың стандартты шрифтік орындалуын сұратылуының көрсетуін;
      10) егер белгі басқа тілде ұсынылған болса, онда сөз белгісінің аудармасы, яғни транслитерацияны;
      11) егер көлемді белгі мәлімделсе, көлемді тауар таңбасын қорғаудың сұратылуына көрсету;
      12) егер түстегі белгі мәлімделсе, түрлі-түсті орындаудағы қорғаудың сұратылуын көрсетуін;
      13) тауарларды (қызмет көрсетулерді) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін дәл терминдермен белгіленген ТҚХС-тың сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбасына тіркеу сұратылған тауарлардың және (немесе) қызмет көрсетулердің тізімін;
      14) жүргізілген төлемдер туралы мәліметтерін;
      15) Қазақстан Республикасындағы бұрын тіркелгенін (қажет болғанда) көрсетуін;
      16) мәлімделген белгіні тіркеу үшінші тұлғаның авторлық құқықтарын бұзбайтындығын көрсетуін;
      17) өтінім берушінің немесе оның патенттік сенімді өкілінің қолын қамтуы керек.
      Егер өтінім заңды тұлғаның атынан берілсе, лауазымы және қол қойған адамның аты-жөні көрсетілген уәкілетті лауазымды тұлға;
      егер өтінімді жеке кәсіпкер берсе, өтінім беруші;
      егер өтінім патенттік сенімді өкіл арқылы берілсе, патенттік сенімді өкіл өтінімге қол қояды.
      Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Мадрид келісімінде көрсетілген нысан бойынша өтініш ұсынылуы мүмкін.
      Тіркелген өтінімді қайтаруға болмайды.

      6. Өтінішке мыналар:
      1) тауар таңбасы (қызмет көрсету) ретінде белгіні тіркеу және сараптама жүргізу туралы өтініші;
      2) мәлімделетін белгінің он бес репродукциясы. Мәлімделетін белгі 8х8 см форматымен ұсынылады. Тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері егер 20х20 см мөлшерден аспаса, олар толық көлемде ұсыныла алады. Көрсетілген мөлшерлер асқан жағдайда бейнелеу кішірейтілген түрде ұсынылуы керек.
      Бейнелеу анық, қарама-қарсы болып тұруы, репродукциялау үшін жарамды болуы керек.
      Тіркеуге мәлімделетін белгінің бейнесі тауар таңбасына тіркеу сұратылған түсте немесе түс үйлесімінде ұсынылады. Өтінімде түстер немесе түс үйлесімі көрсетілу тиіс, түсті кескіндемелер қосымша беріледі, бірақ оны ұсыну мерзімі өтінім берген күннен бір айдан аспау керек.
      Егер көлемді тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегі бейнелеуден басқа, мәлімделетін белгі туралы түсініктің толықтығын қамтамасыз ететін ракустардағы көлемді тауар таңбасының әр түрлі бейнелері ұсынылуы мүмкін.
      Егер дыбыстық тауар белгісінің қорғалуы сұратылса, онда өтінімге оның ноталық жазбасы және фонограмма қоса беріледі. Егер тіркеуге музыкалық шығарманың бөлігі мәлімделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;
      3) мәлімделетін белгінің сипаттамасын қамтитын белгіні суреттеу (егер өтінім беруші оның мағыналық маңызын түсіндіруді қажет деп санаған жағдайда) және құрамдас элементтерді көрсету, белгінің мағыналық маңызы жалпы алғанда және/немесе оның элементтері.
      Суреттеу-мәлімделетін белгінің мәнін идентификациясын түсіндіру үшін қызмет етеді;
      4) өтінім беру төлемін растайтын құжат. Төлем өтінім беру кезінде немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде төленуі мүмкін. Төлем туралы құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде өтінім берілмеген болып танылады;
      5) егер ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге өтінім берілсе, Заңның  2-бабының 2-тармағына сәйкес ассоциацияға немесе өзге де бірлестікке қатысушылардың ұжымдық тауар таңбасын пайдалануы туралы келісім. Келісімде осы бірлестіктің атауы, тауар таңбасын пайдалану құқығы бар кәсіп орындардың орналасқан мекен-жайы көрсетілген, олардың тізімі, ұжымдық тауар таңбасын тіркеудің мақсаты, ұжымдық тауар таңбасын тіркелетін тауарлардың (қызмет көрсетулердің) тізімі мен бірыңғай сапалық немесе өзге де жалпы сипаттамалары, оны пайдалану шарттары мен оны пайдаланудың бақылау тәртібі;
      6) тауар таңбасын тіркеу бойынша уәкілетті органмен немесе сараптама жасау ұйымымен өкіл арқылы іс жүргізу жағдайындағы қажет сенімхат. Сенімхат өтініммен бірге немесе іс жүргізу процесінде ұсынылады және өтінімнің құжаттарына тігіледі.
      Өтінім берілгенге дейін өкіл тағайындалған болса, сараптама ұйымына өтінім түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей оған сенімхат ұсынылады;
      7) егер конвенциялық басымдық сұратылса, бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесі және оның мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қажет. Көшірме конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап үш айдан кешіктірілмей ұсынылады.
      Конвенциялық басымдықты белгілеу туралы өтініш өтінімді беру кезінде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін;
      8) егер көрмелік басымдық сұратылса, көрменің халықаралық мәртебесін, оның өткізу, тауар таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар көрмеге қою объектісінің уақыты мен орнын көрсете отырып, көрмелік басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын куәландырылған құжат қажет.
      Құжат көрменің ұйымдастыру комитеті немесе әкімшілікпен өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
      Құжат көрменің халықаралық дәрежесін растауы және оның өткізілетін уақыты мен орны туралы мәліметті, тауар таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар көрмеге қою объектісінің атауын қамтуы керек;
      9) тауар таңбасында мемлекеттік рәміздердің, елтаңбаның, тудың және эмблемалардың элементтерін, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық атауларын; ресми, бақылау, кепілдік және таңбалық белгілерді, мөрлерді, марапаттар мен басқа да ерекшелік белгілерін пайдалануға рұқсат беру;
      10) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін);
      11) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін).
      Нұсқаулықтың осы тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармалары өтінім келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылуы керек. Тиісті құжаттар белгіленген мерзімде келіп түспесе, өтінім берілмеген болып есептеледі және ол бойынша іс жүргізу қалпына келтірілмейді.
      Осы тармақтың 7)-тармақшасына сәйкес бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ осы тармақтың 8)-тармақшасына сәйкес көрмелік басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын құжат өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап үш айдан кешіктірілмей ұсынылуы керек.    

  3. Алдын ала сараптама жасау 

      7. Алдына ала сараптама жасау барысында ұсынылған өтінім құжаттарының және оларда қамтылған мәліметтердің жинақтылығы мен осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкестігі анықталады. Өтінім беру төлемі осы Нұсқаулықтың 6-тармағы 4)-тармақшасына  сәйкес тексеріледі. Тауарлардың және қызмет көрсетулердің тізбесін тексеру мен түзету ТҚХЖ-тың қолданыстағы редакциясына сәйкес жүргізіледі.
      Алдын ала сараптама жасау өтінімі сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Өтінім берушіге сұрау салу жіберілген кезде бұл мерзім сәйкесінше ұзартылады. Өтінім факс арқылы келіп түскен кезде алдын ала сараптама жасауды жүргізу мерзімі өтінімнің түпнұсқасы келіп түскен күннен бастап есептеледі.
      Алдын ала сараптама жасаудың нәтижелері бойынша оның аяқталған сәтінен бастап он күн ішінде өтінім беруші не болмаса өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы, не болмаса өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарландырылады.

      8. Өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарлама өтінім осы Нұсқаулықтың 2-тарауында белгіленген талаптарға толық сәйкес болған жағдайда жіберіледі. Мынадай мәліметтер қамтылады:
      өтінімнің нөмірі, оның берілген күні;
      өтінім берушінің атауы немесе аты;
      мәлімделген белгінің бейнесі;
      ТҚХЖ-тың сыныптарын көрсету;
      сондай-ақ басымдық сұратылған кезде - басымдық күні, конвенциялық басымдық сұратылған өтінімдер үшін бірінші өтінімнің нөмірі, оның берілген күні мен ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды.

      9. Өтінілетін кескіндемені тіркеуге және тауарлар мен қызмет көрсетулер тізбесін, өтінім берушінің аты-жөнін/атауын атап отырып, тауар таңбасы тіркеу туралы өтінішінің түскен күні немесе соңғысының түскен күні, егер олар біруақытта берілмеген болмаса, тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімді беру күні болып танылады.

      10. Егер алдын ала сараптама жасау сатысында өтінім осы Нұсқаулықта белгіленген оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып, ресімделгені анықталса, өтінім берушіге тәртіп бұзушылықтар көрсетілген және жеткіліксіз немесе түзетілген мәліметтерді және/немесе құжаттарды сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде беру ұсынылған сұрау салу жіберіледі.
      11. Сараптаманың сұрау салуына жауап оның жіберілген күнінен бастап үш айдан кешіктірілмей ұсынылуы керек. Бұл мерзім өтінім берушінің өтініші бойынша тиісті төлем төленген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда өтінім берушіге қайта сұрау салу жіберілуі мүмкін. Өтінімнің алдын ала сараптамасы сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатылады.
      Сұратылған мәліметтер және (немесе) сараптаманың талаптарын қанағаттандыратын құжаттар дер кезінде ұсынылған жағдайда өтінім берушіге өтінімнің берілген күнін белгілей отырып, өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

      12. Сараптаманың сұрау салуына жауап болмаған кезде немесе сұрау салуға жауапта барлық жеткілікті мәліметтер және (немесе) құжаттар болмаған кезде, сондай-ақ жауаптың заңнамада белгіленген мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтінішті ұсынбай өтінім беруші оны бұзған кезде өтінім қайтарылып алынған деп есептелінеді. Ол туралы өтінім берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап төрт ай өткенге дейін хабарландырылады.

      13. Сараптама жасау ұйымы өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны өтінім берушіге өтінімде осы Нұсқаулықта көзделген мәліметтер мен өтінімге қоса берілетін құжаттар болмаған жағдайда, оның ішінде өтінімді беру төлемінің дер кезінде төленгенін және өкіл арқылы іс жүргізген кезде сенімхаттың бар болуын растайтын құжат сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылмаған жағдайда жіберіледі.    

  4. Толық сараптама

      14. Мәлімделген белгінің толық сараптамасы қарауға қабылданған өтінімдер бойынша алдын ала сараптама аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

      15. Толық сараптама жүргізу барысында, алдын ала сараптама жасау сатысында тексеру жүргізілгендерді қоспағанда, өтінім құжаттарының осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген өтінімнің мазмұны мен ресімделуіне және оған қоса берілетін құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
      Толық сараптама өтінім берілген күннен бастап он екі ай ішінде жүргізіледі. Өтінім берушіге сұрау салуды жіберу кезінде өтінім сараптамасы, сұрау салуға жауап алынғанға дейін тоқтатылады.
      Егер мәлімделген белгіге сараптама жасау барысында ұқсас немесе мәлімделгенмен араласу дәрежесіне дейін үйлес және тым бұрынғы басымдығы бар басқа белгі анықталса, онда өтінім бойынша іс-жүргізу бұрын басымдығы бар өтінім бойынша шешім қабылдағанға дейін тоқтатылады.
      Толық сараптама нәтижесінде сараптама жасау ұйымы мәлімделген белгіні тауар таңбасы ретінде тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Егер сараптаманың нәтижесінде белгі  Заңның 6 және   7-баптарында   белгіленген талаптардың ең болмағанда біреуіне сәйкес еместігі анықталса, сараптама жасау ұйымы тауарлар мен қызмет көрсетулердің барлық тізіміне қатысты тауар таңбасын тіркеуден бас тарту туралы негізделген сараптамалық қорытынды шығарады.
      Сараптамалық қорытындының негізінде уәкілетті орган бір ай мерзім ішінде мәлімделген белгіні тауар таңбасы ретінде тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      16. Уәкілетті орган тіркеу туралы шешімді мәлімделетін белгінің Заңның 6 және 7-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде қабылдайды.
      Егер мәлімделген белгі тек ұсынылған тауар тізбесі бөлігінде ғана белгіленген талаптарға сәйкес келсе, тауардың осы бөлігіне қатысты тауар таңбасын тіркеу туралы шешім шығарылады.
      Егер тауар таңбасы Заңның  6-бабының 1-тармағында көрсетілген белгілерді қамтыса және олар басым жағдайға ие болмаса - дискламациямен дербес құқықтық қорғау берілмейтін элементтер көрсетіле отырып, шешім шығарылады.
      Тауар белгісін тіркеу мүмкіндігі туралы сараптама қорытындысы мынадай мәліметтерді қамтиды:
      - тауар таңбасы ретінде тіркелетін белгі;
      - тауар таңбасын иеленушінің атауы немесе аты, ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды;
      - өтінімнің нөмірі;
      - берілген күні;
      - егер конвенциялық басымдық сұратылатын болса, негізінде конвенциялық басымдық белгіленген өтінімнің нөмірі, берілген күні және берген елдің коды;
      - егер көрмелік басымдық сұратылса, көрмелік басымдықтың күні;
      - ТҚХС-тың сыныптамасы бойынша топтастырылған тауарлар мен қызмет көрсетулердің тізбесі;
      - қорғаудан шығарылған элементтер;
      - егер ұжымдық тауар таңбасы тіркелсе, тауар таңбасының ұжымдық болып табылатындығын көрсету;
      - егер тауар таңбасы түсте тіркелген болса, түсті немесе түс үйлесімін көрсету.

      17. Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысына қарсылық оның жіберілген күнінен бастап үш ай ішінде тиісті төлем төленген жағдайда қабылданады. Төлемді растайтын құжат болмаған кезде қарсылық назарға алынбайды. Қарсылықты ұсыну мерзімі өтінім берушінің өтініші бойынша тиісті төлем төленген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      18.  Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысына арналған қарсылықты қарағаннан кейін, уәкілетті орган тауар таңбасын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      19. Егер теріс қорытындысына арналған қарсылықта өтінім беруші келтірген дәлелдер оны өтінім берушінің пайдасына өзгерту үшін жеткіліксіз болған жағдайда, уәкілетті орган тауар таңбасын тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      20. Заңның  6-бабы ережелері негізінде, тауар таңбасының тіркелуін жоққа шығаратын абсолютті негіздемелері бойынша тексеріс жүргізіледі.
      Тауар таңбасын тіркеуден бас тартуда негіздемелердің бірі ретінде белгінің айырма қабілеттілігінің жоқтығы болып табылады.
      Айырмашылықты білдіретін қабілет тауарларымен немесе қызмет көрсетулерімен тікелей суреттеуші және/немесе қауымдастық байланысы жоқ, оларды белгілеу үшін пайдаланылатын таңбаларға тән.
      Егер:
      1) белгіде бүтіндей графикалық бейнелеуді құрамаса;
      2) сөздік сипаттамасы жоқ белгілер кемінде тілдің үш жеке бірлігі амалынан тұрса (әріптер және/немесе сандар);
      3) белгі қорғау сұралатын тауарлардың табиғи немесе нобайлық кесіндері болып табылса;
      4) белгі нысаны ерекше функциялық міндетпен негізделген үш өлшемді объектіні білдірсе;
      5) белгі мәлімделген тауарларға және/немесе қызмет көрсетулерге байланысты көпшілік мақұлдаған рәміз немесе термин болып табылса;
      6) белгі тауардың атауы болып табылса, тауардың тегін, түрін, сапасын, санын, қасиетін, міндетін, құндылығын, сондай-ақ оның өндірілу орны мен уақытын көрсетсе;
      7) белгі халықаралық патенттелмейтін дәрі-дәрмектің атауын білдірсе, айырмашылықты білдіретін қабілеттің болмауы белгіленеді.
      Мақтау сипаты бар белгілерде айырмашылықты білдіретін қабілет болмайды.
      Қиын құрамды жасанды түрде құралған сөздерде, егер бөліктің әрқайсысында айырмашылықты білдіретін қабілет болмаса, ал жасанда сөз құру қосымша мағыналық жүктемеге ие болмаса айырмашылықты білдіретін қабілет болмайды.
      Егер осы тармақта көрсетілген белгілер мағыналық және кеңістіктік мағынадан шыға отырып, онда басым жағдайды иеленбесе, олар тауар таңбасына қорғалмайтын элементтер ретінде енгізілуі мүмкін.
      Егер олар белгіде басым жағдайды иеленсе, онда тауар таңбасын тіркеудің мүмкін еместігі туралы қорытынды жасалады.

      21. Тұтынушының ойында шындыққа үйлеспейтін тауардың белгілі бір сапасы, оны әзірлеуші немесе шығарылған жері туралы түсінікті туындататын белгілер жалған немесе тауарға немесе оны әзірлеушіге қатысты тұтынушыны адастыруға қабілетті белгілер болып танылады.
      Егер оның элементтерінің ең болмағанда біреуі жалған немесе адастыратын болып табылса, белгі жалған немесе адастыратын болып танылады.

      22. Өтінім берушінің тұратын жеріне қатысты тұтынушыны адастыруға қабілетті географиялық атаулар не болмаса географиялық атауларды білдіретін белгілер, сондай-ақ егер бір иеленушінің атына атауды тіркеу үшінші тұлғалардың құқығын шеттейтін жағдайда тауар белгілері ретінде тіркелмейді.
      Тауар шығарылған немесе сатылған және әзірлеушінің тұратын жерге көрсету ретінде қабылдануы мүмкін тек қана географиялық атаулардан тұратын белгілер тіркелмейді.
      Егер тауар шығарылған жерге көрсету ретінде қабылдануы мүмкін географиялық атау мәлімделген белгінің құрамына енсе, тіркеу оны қорғалмайтын элемент ретінде көрсете отырып, жүргізіледі.
      Егер тіркеуге тауар шығарылған немесе сатылған және әзірлеушінің тұратын жерге көрсететін атағы онша жайылмаған географиялық атау мәлімделсе, бірақ ақпарат көздерінде ол туралы мәлімет болмаса, онда осы географиялық атауға құқықтық қорғалу ұсынылуы мүмкін.

      23. Әдепсіз мазмұндағы, адамгершілікке қарсы сипаттағы, адамның қадір-қасиетін, ұлттық немесе діни сенімін қорлайтын белгілер қоғамдық мүддеге, адамгершілік қағидаларына және моральға қарсы болып танылады.
      Егер мәлімделген белгі осы Нұсқаулықтың 21 және 23 тармақтарында көрсетілген белгілердің ең болмағанда біреуін оның элементтері ретінде қамтыса немесе тек қана Заңның  6-бабының 1)-13)-тармақтарында көрсетілген белгілерден тұрса, онда сараптама оны тауар таңбасы ретінде тіркеудің мүмкін еместігі туралы қорытынды жасайды.
      Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген белгілер тауар таңбасында тиісті құзыретті органдардың немесе иеленушілердің келісімімен, егер онда басым жағдайды иеленбесе қорғалмайтын элементтер ретінде пайдалануы мүмкін.

      24. Белгінің зияткерлік меншік объектілеріне арналған бұрынғы құқықтарды иеленушілермен ұқсастығы мен сәйкестігін тексеру Заңның  7-бабының 1 және 2-тармақтарының негізінде жүзеге асырылады.
      Барлық элементтерінде бір-біріне дәл келетін белгілер ұқсас болып танылады.

      25. Сараптама жаңашылдыққа іздестіру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
      Іздестіру:
      - Қазақстан Республикасында бұрын тіркелген тауар таңбалары және тым бұрынғы басымдығы бар тауар таңбалары ретінде тіркеуге мәлімделген белгілері арасында;
     - жалпыға бірдей белгілі тауар таңбалары арасында;
     - бұрын тіркелген және тіркеуге арналған басымдық күніне дейін мәлімделген тауар шығарылған жердің атаулары арасында;
     - бұрын тіркелген не болмаса сараптама жасау ұйымына үшінші тұлғалардың атына тіркеуге мәлімделген, бұрынғы басымдығы бар өнеркәсіп үлгілері арасында жүзеге асырылады.
      Іздестіру кезінде үшінші тұлғалардың халықаралық шарттардың күшіне тіркелмеген Қазақстанда қорғалатын тауар таңбалары ескеріледі.

      26. Ұқсастығы мен үйлестігін тексеру кезінде мына әрекеттер жүзеге асырылады:
      ұқсас және үйлес белгілерді іздестіру жүргізіледі;
      мәлімделген және анықталған белгілердің үйлестік дәрежесі айқындалады;
      мәлімделген тауарлардың анықталған ұқсас және үйлес белгілер тіркелген (мәлімделген) тауарлардың біртектестігі айқындалады.
      Бұл ретте Заңның  17-бабына сәйкес тіркеу іс-әрекеті тоқтатылған күннен бастап бір жыл мерзім аяқталмаған тауар таңбалары, сондай-ақ тіркеуден бас тартылған және шешімді қорғау мерзімі аяқталмаған тауар таңбалары назарға алынады.
      1) Құрамдастырылған белгілер жалпы құрамдастырылған белгілермен сияқты құрамдастырылған белгілердің құрамына енетін белгілері түрлерінің үйлестігі зерттеледі.
      2) Сөз белгілерінің үйлестігі:
      сөз белгілерімен;
      құрамына сөз элементтері енетін құрамдастырылған белгілермен салыстыру жолымен айқындалады.
      Сөз белгілерінің үйлестігі олардың фонетикасы (дыбыстық үйлестік), графикасы (көзбен көру үйлестігі) және семантикасы (мәні бойынша үйлестік) жоспары бойынша айқындалады.
      3) Мынадай белгілердің:
      буын санының;
      дыбысталуы бойынша жақын және дәл келетін әріптер мен дыбыстардың болуының;
      белгіні құрайтын дыбыстардың жақындығының;
      дәл келетін буындардың болуы және олардың орналасуының;
      белгі құрамындағы дәл келетін дыбыс тіркестерінің орнының;
      дауысты дыбыстар құрамының жақындығының;
      дауыссыз дыбыстар құрамының жақындығының;
      белгілердің дәл келетін бөліктерінің сипатының;
      бір белгінің басқа белгіге кіруінің;
      екпін және тағы басқаларының негізінде дыбыстық (фонетикалық) үйлестік айқындалады.
      Бұл сипаттамалар жеке алғандағы кез келгені сияқты дыбыстық бейнені құру кезінде және тұтынушының қабылдауы кезінде олардың білдіретін мағынасына байланысты әр түрлі тіркестерде де ескеріле алады.
      4) Сөз белгілерінің графикалық (көзбен шолу) үйлестігі мыналардың:
      жалпы көрермен әсерінің;
      шрифт түрінің;
      жазылу амалының, оның ішінде әріптер мен алфавит орналасуының;
      түстің және түс үйлесімдігінің негізінде анықталады.
      Іздестіру сөз және сөздік сипаты бар графикалық белгілер арасында жүзеге асырылады.
      5) Мағыналық (семантикалық) үйлестік, атап айтқанда тауар таңбасының қазақстандық тұтынушының мынадай:
      түсініктің, ойдың қатар келуі;
      түсініктің, ойдың қарама-қайшылығы сияқты өлшемдері бойынша қабылдауы ескеріле отырып айқындалады.
      Логикалық екпін түсетін және дербес мағынасы бар белгілер элементтерінен біреуінің дәл келуі ескеріледі.
      6) Бейнелеу және көлемді белгілердің үйлестігі, атап айтқанда мынадай белгілердің негізінде айқындалады:
      сыртқы пішіні;
      симметрияның болуы немесе болмауы;
      бейненің түрі мен сипаты;
      түс үйлесімі.

      27. Түс пен түс үйлесімі тауар таңбасының жалғыз белгілері бола алмайды, тек оның мәнді қосымша белгілері болып есептеле алады.

      28. Тауарлардың біртектестігін анықтау тұтынушыда бұл тауарлардың бір өндірушіге қатысты екендігі туралы ойдың туындау мүмкіндігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      Бір текке (түрге) жататын олардың ұқсас немесе үйлес белгілерін таңбалау кезінде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиістілігі туралы түсінікті туындатуы мүмкін бір функцияны атқаратын тауарлар біртектес тауарлар болып табылады.
      Тауарлардың біртектестігі мынадай белгілердің негізінде айқындалады: тегі (түрі), мақсаты, сату шарттары, тұтынушылар шеңбері.
      Тауарлардың біртектестігін айқындау кезінде өтінімдегі тауарлар тізбесін ұқсас немесе үйлес тауар таңбалары тіркелген немесе мәлімделген тауарлар тізбесімен салыстырылады.
      Тауарлар ТҚХС-тың бір сыныбына жатықызылғанының негізінде оларды үйлес ретінде бағалауға болмайды, әр түрлі сыныптарға жатқызылуы олардың біртектестігінің дәлелі бола алмайды.
      Заңның  7-бабы 1-тармағында көрсетілген, тауар белгісімен араласу дәрежесіне дейін ұқсас, біртекті тауарлар белгісін тіркеу, құқық иеленушінің келісімімен жүргізіледі.

      29. Мәлімделген белгі немесе оның элементтері мыналардың:
      өтінімді беру күнінен бұрын сатып алынған авторлық құқықты бұза отырып, Қазақстан Республикасында белгілі әдеби туындылар, ғылым мен өнер, белгілі өнер туындылары мен олардың үзінділері атауларының;
      осы адамдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұза отырып, сондай-ақ егер осы белгілер Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени дәулеті болып табылса, тектердің, аттардың, лақап аттардың және олардың туындыларының, сондай-ақ портреттер мен факсимилесінің көшірмелері емес пе екенін айқындау мақсатында сараптама рәсімінде өтінім берушіге сұрау салу жіберілуі мүмкін.
      Сұрау салуға жауап болмаған кезде сараптама мәлімделген белгіні тауар таңбасы ретінде тіркеудің мүмкін еместігі туралы қорытынды жасайды.
      Белгінің Заңның  7-бабының 2-тармағы 3) және 4)-тармақшаларының талаптарына сәйкестігін тексеру сараптама жүргізу кезеңінде көпшілік қол жеткізген болып табылатын мәліметтер көлемінен шыға отырып, жүзеге асырылады.

      30. Тауар таңбаларында авторлық және бір-бірімен байланысты құқықтарды, жалпыға мәлім адамдардың аттарын, тектерін, лақап аттарын, портреттерін және өзге белгілерді жеке мүліктік емес құқықтарды бұзуды болдырмас үшін осы адамдардың не болмаса олардың құқықтық мирасқорларының жазбаша келісімімен ғана пайдалануға болады.
      Егер осы белгілер Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени дәулеті болып табылса, олардың тауар таңбасы ретінде пайдалануға арналған Үкімет шешімі міндетті.
      Тауар таңбасы ретінде текті пайдалану кезінде соңғыны телефон анықтамасында 20-дан астам рет ескеру жеке мүліктік емес құқықтардың бұзылмауы болып табылады.

      31. Егер өнеркәсіптік үлгілерді өндіретін белгілер Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік үлгілер ретінде қорғалатын болса, үшінші тұлғалардың атына не болмаса үшінші тұлғалардың атынан сараптама жасау ұйымына бұрынғы басымдығы бар өнеркәсіптік үлгіге арналған ұқсас өтінім берілсе, олар тауар таңбалары ретінде тіркелмейді.
      Іздестіру Қазақстан Республикасында мәлімделген және тіркелген өнеркәсіптік үлгілердің қоры бойынша жүргізіледі.

      32.   Қазақстанда үшінші тұлғалардың атына тауар шығарылған жердің атауларымен тіркелген ұқсас не болмаса араласу дәрежесіне дейін үйлес белгілер тауарлардың кез келген сыныптарына қатысты тіркелмейді.
      Іздестіру Қазақстан Республикасында тіркелген тауар шығарылған жерлер атауларының қоры бойынша жүргізіледі.

      33. Белгіленген тәртіппен тіркелген сертификациялық белгілер, сапаға сәйкестік белгілері тауар таңбалары ретінде тіркеуге жатпайды.

      34. Тиісті әрекеттердің төлемін тексеру алдын ала және толық сараптама кезеңдерінде:
      төлемді растайтын құжаттың бар болуы мен болмысын тексеру;
      төлем сомасын және оларды төлеу мерзімдерін тексеру;
      төлемді растайтын құжаттағы реквизиттердің дұрыстығын тексеру жолымен жүзеге асырылады.
      Толық сараптама жүргізгені үшін төлемді растайтын құжат өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
      Төлемді растайтын құжат болмаған немесе мерзімінде келіп түспеген кезде өтінім қайтарып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім беруші жазбаша нысанда хабарландырылады.
      Өтінімді бергені үшін төленген соманың жетіспеушілігі анықталған кезде өтінім берушіге қосымша төлем төлеу ұсыныла отырып, тиісті сұрау салу жіберіледі.
      Тауар белгісіне арналған куәлікті беруге дайындау және куәліктің берілгені туралы мәліметті жариялау үшін төлемді растайтын құжат куәлікті беру туралы хабарлама жіберілген күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады. Өтінім беруші өткізіп алған мерзім тиісті төлем төленген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге қалпына келтірілуі мүмкін.      

  5. Тауар таңбасын тіркеу

      35. Тауар таңбасын тіркеу туралы шешімнің негізінде және куәлікті беруге дайындау үшін тиісті төлем және мемлекеттік баж төлемі расталған кезде сараптама жасау ұйымы тауар таңбасын (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) оған реттік нөмір (бұдан әрі - тіркеу нөмірі) бере отырып және мәліметтердің енгізілген күнін (бұдан әрі - тіркеу күні) көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне тіркейді.
      Мемлекеттік тізілімге тауар таңбасын тіркеу кезінде мынадай мәліметтер:
      тауар таңбасын тіркеу нөмірі (куәліктің нөмірі);
      тауар таңбасын тіркеу күні;
      тауар таңбасының кескіні;
      ТҚХЖ-тың индексі;
      иеленуші: тегі, аты, әкесінің аты (толық), заңды тұлғаның толық атауы және елдің коды көрсетілген оның тұрғылықты жерінің немесе тұратын жерінің мекен-жайы (заңды мекен-жайы);
      өтінімнің нөмірі және сараптама жасау ұйымына берілген күні;
      тауар таңбасы тіркелген тауарлар мен қызмет көрсетулердің тізбесі;
      елі, нөмірі және егер конвенциялық басымдық анықталса, бірінші өтінімнің берілген күні;
      хат алмасуға арналған мекен-жайы;
      өкіл туралы мәлімет (патенттік сенімді өкіл туралы);
      куәліктің берілгені туралы мәліметті жариялау күні және ресми бюллетеннің нөмірі;
      тауар таңбасын тіркеуге қатысты басқа да мәліметтер енгізіледі.
      Көрсетілген мәліметтерді енгізу олардың алдында тиісті ИНИД (Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының - ДЗМҰ-ның стандарты бойынша) коды қойыла отырып, қоса беріледі және жариялау кезінде пайдаланылады. Елдің коды тиісті ДЗМҰ-ның стандартына сәйкес қойылады.

      36. Сараптама жасау ұйымы мемлекеттік тізілімге уәкілетті органның, апелляциялық кеңесін, сот органдарының шешімдері және иеленушілердің (олардың құқықтық мирасқорларының немесе өкілдерінің) өтінішхаттары (өтініштері) негізінде тауар таңбасын тіркеудің құқықтық мәртебесінің кейінгі өзгерістері мен толықтырулары туралы мынадай:
      қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы тіркелген шарт туралы;
      тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы тіркелген лицензиялық шарт туралы;
      тауар таңбасының толық және/немесе бөлігін тіркеуге жарамсыз деп танылуы туралы;
      ашық лицензияға құқықтың ұсынылуы туралы;
      иеленушінің бастамасы бойынша тауар таңбасын тіркеу әрекетінің тоқтатылуы туралы;
      тауар таңбасын тіркеу әрекеті мерзімінің ұзартылуы туралы;
      иеленуші атауының оның қайта құрылуына (құқықтық мирасқорлығына) байланысты өзгертілуі туралы және/немесе оның тұратын жері мекен-жайының өзгертілуі туралы;
      иеленуші тегінің, атының, әкесі атының өзгеруі туралы және/немесе тұрғылықты жері мекен-жайының өзгертілуі туралы;
      хат алмасуға арналған мекен-жайдың өзгертілуі туралы;
      анық және техникалық қателіктердің түзетілуі туралы, сондай-ақ тауар таңбасын тіркеуге қатысты басқа да өзгерістер туралы мәліметтерді енгізеді.

      37. Заңының  3-бабына сәйкес уәкілетті орган тауар таңбасына арналған куәлікті береді. Куәлік мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады. Куәлік иеленушінің заңды мекен-жайына немесе өкілге (патенттік сенімді өкілге) берілген сенімхатқа сәйкес не болмаса өтініш бойынша (жазбаша түрде) өтінім беруші (иеленуші) көрсеткен өзге мекен-жайға тапсырысты пошта жіберуші арқылы жіберіледі. Өтінім беруші куәлік берілгенге дейін пошта жіберілімін жіберу үшін уәкілетті органға немесе сараптама жасау органына тұрғылықты жерінің немесе тұратын жерінің (заңды мекен-жайының) мекен-жайының өзгеруі туралы хабарлауға міндетті.
      Тауар таңбасын тіркеуге қатысты кейінгі өзгерістер (тіркелген шарттар туралы мәліметті қосқандағы), толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер туралы және тауар таңбасын тіркеу әрекетінің ұзартылуы туралы Мемлекеттік тізілімде жазылғаннан кейін уәкілетті орган куәліктің айырылмас бөлігі болып табылатын Куәлікке қосымшаны береді. Қосымша сонымен қатар мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

      38. Куәліктің түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз болған жағдайда тауар таңбасына арналған куәліктің көшірмесі куәлікті иеленушінің, иеленушінің (құқықтық мирасқордың) сенімхаты бойынша оның құқықтық мирасқорының, уәкілетті өкілдің (патенттік сенімді өкілдің) өтінішхаты (өтініші) бойынша беріледі. Өтінішхатқа (өтінішке) куәліктің көшірмесін беруге дайындағаны үшін белгіленген тарифтерге сәйкес төлемді растайтын құжат қоса берілуі керек. Төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтінішхат (өтініш) берілмеген болып есептеледі.
      Куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда өтінішхатқа куәліктің осы түпнұсқасының жоғалғанын растайтын құжат, атап айтқанда осы куәлік жарамсыз болып есептелетіндігі келтірілген бұқаралық ақпарат құралдарынан немесе басқа да қайнар көздің хабарламасы қоса беріледі.
      Көшірме тауар таңбасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде тіркелуі туралы жазу болған кезде ғана берілуі мүмкін.
      Көшірме онда көрсетілген мәліметтердің құрамы бойынша куәліктің түпнұсқасына сәйкес келеді, онымен бірдей заңды күші бар және куәліктің тиісті нысаны бойынша "Көшірмені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті берді" деген мөртаңба қойылып беріледі. Көшірме берілген жағдайда көшірменің берілгені туралы мәлімет жарияланған күннен бастап куәлік түпнұсқасының заңды күші жоқ деп есептеледі.
      Сараптама жасау ұйымы ресми бюллетенде куәлік дубликаттың және куәліктің берілгені туралы мәліметті жариялайды.

      39. Куәлікке және Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізу.
      Иеленушінің - заңды тұлғаның атауына және/немесе тұратын жерінің мекен-жайына, иеленушінің - жеке тұлғаның тегінің, атының, (және әкесінің атының, егер ол өзгертілсе) және/немесе иеленушінің тұрғылықты жерінің мекен-жайының өзгертілуі туралы өзгеруі туралы өзгерістер енгізіледі.
      Өзгерістер тиісті өзгерістерді енгізу туралы куәліктің нөмірі, заңды тұлғаның ресми атауы, тегі, аты, (және әкесінің атын, егер болса) тұрғылықты жерінің және/немесе тұратын жерінің мекен-жайы көрсетіле отырып, өтінішхатты беру жолымен енгізіледі. Өтінішхатқа иеленуші немесе сенімхат бойынша оның патенттік сенімді өкілі қол қоюы керек.
      Иеленушінің атауына заңды тұлғаны қайта құру және/немесе тарату салдарынан өзгерістер енгізу кезінде өтінішхатқа қол қойылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі. Бұл ретте мүдделі тарап тиісті өзгерістерді (қайта құру кезінде) растайтын және/немесе заңды тұлғаның таратылу фактісін дәлелдейтін құжаттарды ұсынады.
      Шетелдік өтінім берушінің (иеленушінің) өкілдері ұсынатын ресми құжаттар тиісті құжаттарда апостилді қою жолымен куәландырылады.
      Өтінішхатқа өзгерістер енгізу үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
      Егер құжаттар болмаса және/немесе ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес келмесе, иеленушіге хабарлама жіберілген күннен бастап екі ай ішінде жоқ немесе талаптарға сәйкес ресімделген құжаттарды беру ұсынылады.
      Сұратылған құжаттар және тиісті төлемді растайтын құжат белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде, өтінішхат берілмеген болып есептеледі, өзгерістер енгізілмейді, бұл туралы иеленуші хабарландырылады.
      Тауар таңбасына арналған құқық өзге тұлғаға табыстау жағдайында (тауар таңбасына арналған құқықты беруден басқа) өзгерістер тауар таңбасы құқықтық мирасқорының куәліктің нөмірі көрсетілген және төлем туралы құжат қоса берілген өтінішхаты бойынша енгізіледі. Өтінішхатта құқықтық мирасқор туралы мәліметтер көрсетілуі керек. Өтінішхатқа тауар таңбасына арналған құқықтың табысталуын растайтын құжаттардың куәландырылған көшірмелері қоса берілуі керек.
      Тауар таңбасына арналған құқық табысталған жағдайда өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі.

      40. Өтінімдегі немесе тауар таңбасын иеленуші ұсынған басқа да құжаттағы, Мемлекеттік тізілімде және (немесе) мәліметтерде көрсетілген, бюллетенде жарияланған қателіктер тауар таңбасын иеленушінің өтінішхаты бойынша тиісті төлем төленген жағдайда түзетіледі.

      41. Тауар таңбаларын тіркеуге қатысты, мемлекеттік тізілімге енгізілген мәліметтер, сондай-ақ тіркеуге қатысты одан кейінгі барлық өзгерістер ресми бюллетенде жарияланады.

      42. Мүдделі адамдардың өтінішхаты бойынша сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімнен үзіндіні ұсынады. 

                                 Тауар таңбаларына арналған өтінімді
                                   құрастыру, ресімдеу және қарау
                                   жөніндегі нұсқаулыққа қосымша

                   ҰЗМИ РМКҚ толтырады

Түскен күні

Берілген күні 

өтінім N 

    Тауар таңбасын тіркеуге

ӨТІНІМ

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" 
Республикалық Мемлекеттік қазыналық
кәсіпорыны
 
  Қазақстан Республикасы Әділет
Министрлігі Зияткерлік меншік
құқықтары жөніндегі комитеті
 
  Қазақстан Республикасы, 010000
Астана қ., Сол жақ жағалауы, N 35
көшесі, Министрліктер үйі, 8 үйі,
блогы, 5 кіреберіс,
Қазақстан 480002, Алматы қ.,
Абдуллиндер көшесі 6, 1 корпус

Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету
таңбасы) ретінде ұсынылған белгінің тіркелуі сұралады
                                    _
                                  |_|   ұжымдық тауар таңбасы

Ұйымдастыру - құқықтық қалпын белгілеп,
өтініш берушінің толық атауы
(егер өтініш беруші - жеке тұлға болса,
аты-жөні және әкесінің аты)*

ДЗМҰ ST.3
Стандарт бойынша елдің коды
(егер белгілі болса)

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі
туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының өтініш
берушілеріне)

Өтініш берушінің мекен-жайы**, телефоны, телефаксі, E-mail

Патент сенімді өкілі немесе басқа өкілі 

Хат алмасуға мекен-жайы (адресаттың белгілеп, толық пошталық
мекен-жайы), телефоны, телефаксі, E-mail

_
|_| Ерте берілген өтінім (өтінімдер) бойынша конвенциялық
    басымдығы сұралады

Бірінші өтінім нөмірі
 

Сұралатын басымдық
күні  

ST.3 стандарт
бойынша елдің
коды

_
|_| көрмелік басымдығы      Ашық көрсетілімнің басталу күні 
    сұралады 

  Мәлімденген белгі:


_
|_| Стандартты шрифтық орындаудағы тауар
    таңбасы
_
|_| Транслитерациясы
_
|_| Аудармасы
_
|_| Көлемді тауар таңбасы
_
|_| Түстік орындаудағы тауар белгісі
    Түстерді атау 

      * Қазақстан Республикасының өтніші берушілеріне қазақ және
орыс тілдерінде толтырылады
      Шетел өтініш берушілері үшін латын әріптерімен қазақ (немесе
орыс) транслитерациясында,
      ** шетел өтініш берушілеріне  латын әріптерімен
       _ 
      | v | керегін белгілеу керек
 
         ТҚХС сыныптары бойынша топталған, тауар белгісін қорғауға сұралатын, тауарлар мен қызмет көрсетулер

    Мәлімденген белгі Қазақстанда бұдан ерте тіркеуден өткен.
                        Тіркеу N ______
______________________________________________________________

      Қосымша құжаттар тізбесі:
        _
      |_| Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік
          тіркеуін растайтын, құжат
        _
      |_| Мәлімденген белгінің кескіні: ақ-қара ____ данасында,
          түсті _____ данасында
        _
      |_| Белгіні суреттеу
        _
      |_| Тауарлар/қызмет көрсетулер тізбесі (егер бланкіге сыймаса)
        _
      |_| Өтініш берушілер тізбесі (егер бірнешеу болса)
        _
      |_| Төлем туралы құжат: шоты/төлем қағазы N _________ жылғы
        _
      |_| Сенімхат
        _
      |_| Ерте берілген өтінімнің (дер) куәландырылған көшірмесі
        _
      |_| Ерте берілген өтінімнің көшірмесі
        _
      |_| Ұжымдық белгі туралы келісім
        _
      |_| басқа да құжаттар (атап өту), соның ішінде белгіленбеген-
          дер _______                                барлығы -
____________________________________________________________________

       Осымен, мәлімденген белгіні тіркеуге беруі, басқа тұлғалардың
зияткерлік меншіктің құқықтарын бұзбайтынын растаймын.

      Қолы
      МО

      Күні