Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 31 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1678. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 57-НҚ Бұйрығымен.

      Ақмола облысының коммуналдық шаруашылығының қысқы жағдайлардағы жұмысқа уақытылы дайындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ақмола облысының әкіміне коммуналдық меншіктегі жылу көздерінің, жылу жолдары мен су құбырларының-канализациялық желілерінің авариялық жай-күйіне және оларды жөндеуге байланысты жұмыстарды орындауға, сондай-ақ жылумен жабдықтаушы ұйымдар үшін отын сатып алуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 100000000 (жүз миллион) теңге бөлінсін.

 

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 442          

              қаулысымен. 


P020442_
 


     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге

асыруды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.