"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 45 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4557 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 370-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағанында:
      1-тармақтағы "құрылысы", "салу" деген сөздер "құрылысына нысаналы трансферттер аудару", "салуға нысаналы трансферттер аудару" деген сөздермен ауыстырылсын;      
      2-тармақтағы "өтеу" деген сөз "өтеуге нысаналы трансферттер аудару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-баған "комитетi" деген сөзден кейiн ", Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі