Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 5/989 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 8 тамызда N 709 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 5/803 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1103 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      l. "Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасарын қаржылай қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 шiлдедегi N 686 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мәскеу қаласындағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасарына 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй-жайды жалдағаны үшiн айына 1300 (бiр мың үш жүз) АҚШ доллары мөлшерiндегi сома бекiтiлсiн.";
      2-тармақтағы "036 "Елдiң қорғаныс саласындағы саяси мүдделерiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша" деген сөздер "002 "Қарулы Күштер қызметiнiң негiзгi түрлерiн қамтамасыз ету" бағдарламасының 106 "Сыртқы саясат мyдделерiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі