Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 108 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4484 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 100 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды алу бойынша оңтайлы жұмыс iстеуге қол жеткiзу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 301  қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1232 тiркелген; Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1671 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 301 қаулысымен бекiтiлген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiне өзгерiстi бекiту туралы" 2001 жылғы 29 қыркүйектегi  N 376 қаулысы; Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2457 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 301 қаулысымен бекiтiлген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiне өзгерiс енгiзу туралы" 2003 жылғы 25 шiлдедегi  N 234 қаулысы; Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3392 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 301 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2004 жылғы 29 желтоқсандағы  N 202 қаулысы; Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4343 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі  N 69 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде:
      11-тармақтың 1) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке және заңды тұлғаларға банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді қосқанда өз кассаларынан ескі үлгідегі ақша белгілерін беруді жаңа үлгідегі ақша белгілері айналысқа енгізілген уақыттан (күннен) бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде тоқтатады;";

      үшінші абзац алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет   министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы