Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 108 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4484 болып енгізілді

Қолданыстағы

      " Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы " және " Секъюритилендіру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, арнайы қаржы компанияларына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

        Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2006 жылғы 27 қазандағы  
N 108 қаулысымен     
бекітілген        

  Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі
жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық " Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы " және " Секьюритилендіру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілігінің стандарттарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуін нақтылайды.

      3. Арнайы қаржы компаниялары жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебі халықаралық қаржылық есептілігінің стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінде , " Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы " және " Секьюритилендіру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарында, өзге нормативтік құқықтық актілерде және халықаралық қаржылық есептілігінің стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.

  2-тарау. Бөлінген активтерді есепке алу

       5. Қолданылып жүрген немесе болашақтағы талап ету құқықтары арнайы қаржы компаниясына көшкен кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 334 90    Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері
Кт 687 90    Оригинатор алдындағы міндеттемелер.

  3-тарау. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын
есепке алу

      6. Облигацияларды орналастыру күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) облигацияларды сату сомасына (олардың номиналдық құнынан аспайтын сомаға):
Дт 441 02    Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша
Кт 603 90    Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар;
      2) дисконт сомасына:
Дт 603 91    Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар
             бойынша дисконт
Кт 603 90    Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар;
      3) сыйлықақы сомасына:
Дт 441 02    Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша
Кт 603 92    Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар
             бойынша сыйлықақы.

      7. Бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны оригинаторға өткізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 687 90    Оригинатор алдындағы міндеттемелер
Кт 441 92    Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша.

      8. Дисконтты (сыйлық ақыны) амортизациялауды қоса алғанда айналысқа шығарылған облигациялар бойынша шығыстарды есептеу мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру арқылы әрбір есепті күні жүргізіледі:
      1) есептелген сыйақы сомасына:
Дт 831 90    Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар
             бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
Кт 684 01    Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
             түріндегі есептелген шығыстар;
      2) дисконтты амортизациялау сомасына:
Дт 831 91    Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар
             бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстар
Кт 603 91    Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар
             бойынша дисконт;
      3) сыйлықақыны амортизациялау сомасына:
Дт 603 92    Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар
             бойынша сыйлықақы
Кт 724 90    Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар
             бойынша сыйлық ақыны амортизациялауға байланысты
             кірістер.

      9. Есептелген сыйақыны төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 684 01    Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
             түріндегі есептелген шығыстар
Кт 441 02    Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша.

      10. Басқаға берілген құқықтар бойынша төлемдерді жинауды жүзеге асыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 441 90    Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы
             шоттардағы ұлттық валютадағы бөлінген активтері
Кт 334 90    Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері.

      11. Шығарылған облигацияларды олардың номиналдық құнына өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 603 90    Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар
Кт 441 90    Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы
             шоттардағы ұлттық валютадағы бөлінген активтері.

  4-тарау. Бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді
инвестициялау бойынша операцияларды есепке алу

      12. Бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді борыштық бағалы қағаздарға инвестициялау бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3735 тіркелген » "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 6 маусымдағы  N 65  қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 401 01    Саудаға арналған бағалы қағаздар
   401 02    Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар
Кт 441 90    Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы
             шоттардағы ұлттық валютадағы бөлінген активтері.

      14. Әділ құны бойынша сатып алынған акцияларды қайта бағалау мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру арқылы жүргізіледі:
      1) саудаға арналған акциялар бойынша:
      егер бағалы қағаздардың әділ құны олардың есепке алу құнынан жоғары болса:
Дт 401 05    Бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету
Кт 727 03    Саудаға арналған бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған кірістер;
      егер бағалы қағаздардың есепке алу құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт 845 03    Саудаға арналған бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
             іске асырылмаған кірістер
Кт 401 06    Бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету;
      бағалы қағаздардың әділ құнының есепке алынған оң немесе теріс түзету сомасына:
Кт 401 06    Бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету;
Дт 401 05    Бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету
      2) сату үшін қолда бар акциялар бойынша:
      егер бағалы қағаздардың әділ құны олардың есепке алу құнынан жоғары болса:
Дт 401 05    Бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету
Кт 542 01    Сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құнын қайта
             бағалаудан қосымша төленбеген капитал;
      егер бағалы қағаздардың есепке алу құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт 542 01    Сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құнын қайта
             бағалаудан қосымша төленбеген капитал
Кт 401 06    Бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету;
      бағалы қағаздардың әділ құнының есепке алынған оң немесе теріс түзету сомасына:
Кт 401 06    Бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету;
Дт 401 05    Бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету.

      15. Акцияларды сату кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
Кт 441 90    Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы
             шоттардағы ұлттық валютадағы бөлінген активтері
Дт 401 01    Саудаға арналған бағалы қағаздар
   401 02    Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар.

      16. Бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға инвестициялау кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 403 01    Бір түнге орналастырылған салымдар,
   403 02    Талап ету бойынша салымдар,
   403 03    Қысқа мерзімді салымдар,
   403 04    Ұзақ мерзімді салымдар,
   403 05    Шартты салымдар,
   403 06    Басқа да салымдар
Кт 441 90    Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы
             шоттардағы ұлттық валютадағы бөлінген активтері.

      17. Орналастырылған салымдар бойынша сыйақы есептеу ай сайын айдың соңғы жұмыс күні немесе банктік салым шартының талаптарында көзделген ставка бойынша салымды жабу күні жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 332 22    Банктерде орналастырылған талап ету бойынша салымдар
             бойынша сыйақы түріндегі есептелген кірістер,
   332 23    Банктерде орналастырылған мерзімді салымдар бойынша
             сыйақы түріндегі есептелген кірістер,
   332 24    Банктерде орналастырылған шартты салымдар бойынша
             сыйақы түріндегі есептелген кірістер,
Кт 724 22    Талап ету бойынша салымдар бойынша сыйақы алуға
             байланысты кірістер,
   724 23    Мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты
             кірістер,
   724 24    Шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты
             кірістер.

      18. Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар бойынша есептелген сыйақы алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 441 90    Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы
             шоттардағы ұлттық валютадағы бөлінген активтері,
   441 02    Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша,
Кт 332 22    Банктерде орналастырылған талап ету бойынша салымдар
             бойынша сыйақы түріндегі есептелген кірістер,
   332 23    Банктерде орналастырылған мерзімді салымдар бойынша
             сыйақы түріндегі есептелген кірістер,
   332 24    Банктерде орналастырылған шартты салымдар бойынша
             сыйақы түріндегі есептелген кірістер.

      19. Салым сомасын алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Кт 441 90    Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы
             шоттардағы ұлттық валютадағы бөлінген активтері
Дт 403 01    Бір түнге орналастырылған салымдар,
   403 02    Талап ету бойынша салымдар,
   403 03    Қысқа мерзімді салымдар,
   403 04    Ұзақ мерзімді салымдар,
   403 05    Шартты салымдар,
   403 06    Басқа да салымдар.

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      20. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген тәртіппен шешіледі.