Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" және Қаз

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 226 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4478 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 119 Қаулысымен. 

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының пайдасына шығарылған 2004 жылғы 18 мамырдағы шешiмiн орындау үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 38155326 (отыз сегіз миллион бiр жүз елу бес мың үш жүз жиырма алты) теңге бөлiнсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі