27.10.2006

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" және Қаз

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 119 қаулысымен

      ------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 45-бабының 4-тармағына, 49-бабына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. ...
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. ...
      5. ...
      6. ...
      7. ...

      Төрайым                                    Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы   
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының  
2008 жылғы 22 тамыздағы  
N 119 қаулысына қосымша  

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

      1. ...
      2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 226 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4478 тіркелген).
      3. ...
      4. ...

       Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарды пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4299 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      3-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор), зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - Ұйым)" деген сөздер алып тасталсын;

      6), 14), 16) тармақшалардағы "Қорға, Ұйымға" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) Алматы қаласының Өңірлік Қаржы Орталығының арнаулы сауда алаңында листинг рәсімінен өткен негізгі борыш сомасын және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып, ықтимал шығын резервтерін қоспағанда борыштық бағалы қағаздар;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) Брокерге және (немесе) дилерге және Басқарушыға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын (ықтимал шығын резервін шегере отырып), қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі ұйымның дебиторлық берешегі, оның ішінде:
      Брокерге және (немесе) дилерге және Басқарушыға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын, баланс бойынша активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі шарт талаптары бойынша дебиторлық берешекті шегергендегі жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірген дебиторлық берешек (ықтимал шығын резервін шегере отырып);
      Брокерге және (немесе) дилерге және Басқарушыға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын, Брокердің және (немесе) дилердің және Басқарушының балансы бойынша жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірген елу процентке кемітілген активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі дебиторлық берешек (ықтимал шығын резервін шегере отырып).";

      4-тармақтағы "Қордың, Ұйымның" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры үшін (бұдан әрі - Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым үшін (бұдан әрі - Ұйым) өтімді және басқа активтер тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27-қазандағы N 223 қаулысымен анықталады.";

      2 және 3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-тарау. Қор үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібі
      6. Қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру барысында меншікті капиталының, сондай-ақ Қор зейнетақы активтері мен брокерлік және дилерлік қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығынсыз инвестициялық басқару жөніндегі қызметті қоса атқарған кезде жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептелінеді:
      К 1 =(ӨА - М)/ МЗА, мұнда
      ӨА - осы ереженің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген Қор активтері;
      М - Қордың жиынтық міндеттемелері;
      МЗА - мына формула бойынша есептелетін тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Қордың инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының құны:
      МЗА = Е(К*Кт)+(( Жпт + Епт) + ЕАк*0,08 + Вт)) + ОЖК, мұнда Е(К*Кт) - кредиттік тәуекел, мұнда
      К - қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес өтелгенге дейін ұсталынатын санатқа енгізілген борыштық бағалы қағаздардың, сондай-ақ үш жылдан астам портфелдегі борыштық бағалы қағаздардың, депозиттердің, аффилиирленген бағалы металдардың ағымдағы құны;
      Кт - осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының тәуекел деңгейі;
      (Жпт + Епт) + ЕАк*0,08 + Вт - рыноктық тәуекел, мұнда
      (Жпт + Епт) - осы ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес есептелген ерекше пайыздық тәуекелдің және осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес есептелген жалпы пайыздық тәуекелдің кредиттік тәуекелдің есебіне қабылданбаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сомасын көрсететін пайыздық тәуекел,
      ЕАк*0,08 - қор тәуекелі, мұнда
      Ак - акциялардың ағымдағы құны,
      Вт - В*0,08 ретінде анықталатын валюталық тәуекел, мұнда
      В - шетел валютасында және бағалы металдарда номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны;
      ОЖК - формула бойынша есептелетін орташа алынған жалпы кіріс:
             Е соңғы үш қаржы жылында алынған жалпы кіріс
      ОЖК = _____________________________________________
                              З
      ОЖК мөлшері қаржылық есеп беруге сәйкес есепті жылдың бірінші айының бірінші күнгі жағдай бойынша жыл сайын есептеледі және қажет болғанда жыл сайынғы аудиттен кейін түзетіледі.

      7. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын мынадай болу тиіс:
      1) 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 0,01 кем емес;
      2) 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 0,04 кем емес;
      3) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 0,06 кем емес.    

      3-тарау. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібі

      8. Ұйым инвестициялық портфельді басқару қызметімен (басқаруында активтер болса) қоса атқарғанда, сондай-ақ Ұйым клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті қоса атқарғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      К 1 = (ҰА - М)/МЗА, мұнда
      ҰА - осы ереженің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың активтері;
      М - Ұйымның жиынтық міндеттемелері;
      МЗА - қордың инвестициялық портфеліндегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының құны мына формула бойынша есептелінеді:
      МЗА = Е(К*Кт) + (( Жпт + Епт) + ЕАк*0,08 + Вт)) + ОЖК, мұнда
      Е(К*Кт) - кредиттік тәуекел, мұнда
      К - қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес өтелгенге дейін ұсталынатын санатқа енгізілген борыштық бағалы қағаздардың, сондай-ақ үш жылдан астам портфелдегі борыштық бағалы қағаздардың, депозиттердің, аффинирленген бағалы металдардың ағымдағы құны;
      Кт - осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының тәуекел деңгейі;
      (Жпт + Епт)+ ЕАк*0,08 + Вр - рыноктық тәуекел, мұнда
      (Жпт + Епт) - осы ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес есептелген ерекше пайыздық тәуекелдің және осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес есептелген жалпы пайыздық тәуекелдің кредиттік тәуекелдің есебіне қабылданбаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сомасын көрсететін пайыздық тәуекел,
      ЕАк*0,08 - қор тәуекелі, мұнда
      Ак - акциялардың ағымдық құны,
      Вт - В*0,08 ретінде анықталатын валюталық тәуекел, мұнда
      В - шетел валютасында және бағалы металдарда номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны;
      ОЖК - формула бойынша есептелетін орташа алынған жалпы кіріс:
                Е соңғы үш қаржы жылында алынған жалпы кіріс
      ОЖК = ________________________________________________
                               З

      ОЖК мөлшері қаржылық есеп беруге сәйкес есепті жылдың бірінші айының бірінші күнгі жағдай бойынша жыл сайын есептеледі және қажет болғанда жыл сайынғы аудиттен кейін түзетіледі.

      9. Ұйым номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті қоса атқарғанда, меншік капиталдың жеткіліктілік коэффиценті мына формула бойынша есептеледі:
      К 1 =(ҰА - М)/ МЗА, мұнда
      ҰА - осы ереженің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың активтері;
      М - Ұйымның жиынтық міндеттемелері;
      МЗА - қордың инвестициялық портфеліндегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының құны мына формула бойынша есептелінеді:
      МЗА = Е(К*Кт) + (( Жпт + Епт) + ЕАк*0,08 + Вт)) + ОЖК, мұнда
      Е(К*Кт) - кредиттік тәуекел, мұнда
      К - қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес өтелгенге дейін ұсталынатын санатқа енгізілген борыштық бағалы қағаздардың, сондай-ақ үш жылдан астам портфелдегі борыштық бағалы қағаздардың, депозиттердің, аффинирленген бағалы металдардың ағымдағы құны;
      Кт - осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының тәуекел деңгейі;
      (Жпт + Епт) + ЕАк*0,08 + Вр - рыноктық тәуекел, мұнда
      (Жпт + Епт) - осы ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес есептелген ерекше пайыздық тәуекелдің және осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес есептелген жалпы пайыздық тәуекелдің кредиттік тәуекелдің есебіне қабылданбаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сомасын көрсететін пайыздық тәуекел,
      ЕАк*0,08 - қор тәуекелі, мұнда
      Ак - акциялардың ағымдық құны,
      Вт - В*0,08 ретінде анықталатын валюталық тәуекел, мұнда
      В - шетел валютасында және бағалы металдарда номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны;
      ОЖК - формула бойынша есептелетін орташа алынған жалпы кіріс:
             Е соңғы үш қаржы жылында алынған жалпы кіріс,
      ОЖК = ______________________________________________
                             З
      ОЖК мөлшері қаржылық есеп беруге сәйкес есепті жылдың бірінші айының бірінші күнгі жағдай бойынша жыл сайын есептеледі және қажет болғанда жыл сайынғы аудиттен кейін түзетіледі.

      10. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын мынадай болу тиіс:
      1) 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 0,01 кем емес;
      2) 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 0,04 кем емес;
      3) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 0,06 кем емес";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Қор, Ұйым, Брокер және (немесе) дилер және Басқарушы осы Ереженің 31, 32-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Ереженің 7, 8-қосымшаларына сәйкес нысанда осының алдындағы жұмысы күнінің соңындағы, сондай-ақ ағымдағы тікелей жұмыс күнінің алдындағы әр демалыс күнінің соңындағы жағдай бойынша әр жұмыс күні үшін пруденциалдық нормативтерінің есебін жасайды.
      Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 142 қаулысының талаптарын сақтаумен осының алдындағы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша әр жұмыс күнінің пруденциалдық нормативтерінің есебін жасайды.
      Қағаз тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтердің есебіне бірінші басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ Қордың, Ұйымның, Брокер мен (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарына сәйкес аталған ақпаратқа қол қою құқығы бар өзге тұлғалар қол қояды Қор, Ұйым, Брокер және (немесе) дилер және Басқарушының мөрімен расталады және Қорда, Ұйымда, Брокер мен (немесе) дилерде, Басқарушыда сақталады.
      Уәкілетті органның талап етуі бойынша Қор, Ұйым, Брокер және (немесе) дилер және Басқарушы сұрату алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей пруденциалдық нормативтер есебінің қағаз тасымалдағыштағы нұсқасын береді.";

      Ереженің 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ереженің 1-1 және 1-2 қосымшалармен толықтырылсын;

      Ереженің 5-қосымшада:
      кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      _______________________________________________
              (Ұйымның, Қордың толық атауы)
              "___жылғы "__" жағдай бойынша
      "Ұйым мен Қорға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті" (К 1 ) пруденциалдық нормативінің есебі үшін қосымша мәліметтер";

      8013 жол мынадай редакцияда жазылсын:

"8013

Standard & Рооr's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар, немесе шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарындағы айналыстағы  Standard & Рооr's-нің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ-дан төмен емес рейтингі бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларының акциялары, және Standard & Рооr's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі шет мемлекеттердің немесе
Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарындағы айналыстағы Standard & Рооr's-нің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ" -дан төмен емес рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының борыштық бағалы қағаздары

             ";

      8017-жолдағы ""А" ("Standard & Рооr's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) санатынан" деген сөздер "Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Ереженің 7-қосымшада:
      Кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      __________________________________________
           (Ұйымның, Қордың толық атауы)
      "20__ жылғы "___" жағдай бойынша

      "Ұйым мен Қорға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті"(К 1 ) пруденциалдық нормативінің есебі";

      "Ескерілген көлем" және "Есеп айырысу құны" бағандары алып тасталсын;
      1-жолдағы "Ақша" деген сөзден кейін "және ақша эквиваленттері" деген сөздермен толықтырылсын;

      1.1-жолдағы ", баланс бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"3.

Аса жоғары листинг санаты бойынша қор  биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі негізгі борыш сомасын және есептелген сыйақыны ескергендегі резидент емес сабақтас банктерінің Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, дербес   рейтингі бар немесе басқа рейтинг    бағасы бар агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі    бар, немесе халықаралық шәкіл бойынша Standard & Рооr's-нің ВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе Standard & Рооr's-нің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ"-дан төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтинг  агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар еншілес резидент банктер болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші    деңгейдегі банктеріндегі салымдар


                              ";

      4-жолдағы ""А" санатынан ("Standard & Рооr's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша)" деген сөздер ""Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-жолдағы ""ВВВ" ("Standard & Рооr's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша)" деген сөздер "Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-жолдағы ""ВВВ" ("Standard & Рооr's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша)" деген сөздер "Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"12.

Мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі  Standard & Рооr's-нің халықаралық шәкілі  бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің  бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі   бар шетел эмитенттерінің акциялары


 
 
 
 
 

     ";

       14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"14.

Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-дан төмен емес рейтинг
бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктердің бірінің осыған ұқсас
деңгейіндегі рейтингі бар, немесе шет мемлекеттердің немесе Қазақстан     Республикасының ұйымдасқан рыноктарындағы айналыстағы Standard & Рооr's-нің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ-дан төмен емес рейтинг бағасы бар, және Standard & Рооr's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарындағы айналыстағы Standard & Рооr's-нің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ-дан төмен емес рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


 
 
 

            ";

      16-жолдағы ", елу пайызға кемітілген" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1-жолмен толықтырылсын:

"16-1.

Болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі негізгі борыш және есептелген сыйақы сомасын ескерген Алматы қаласындағы Өңірлік Қаржы Орталығының арнайы сауда алаңындағы листинг рәсімінен өткен борыштық бағалы қағаздар

            ";

      18-жолдағы "елу процентке азайтылған" деген сөздер алып тасталсын;
      20-жолдағы "баланстық активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі" деген сөздер алып тасталсын;

      21-жолдағы "ұйымның, Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын, елу процентке кемітілген мөлшердегі" деген сөздер алып тасталсын;

      23-жолдағы "Ұйымның (Қордың) балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі" деген сөздер алып тасталсын;

      24-жолдағы "Ұйымның (Қордың) балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі" деген сөздер алып тасталсын;

      25-жолдағы "Ұйымның (Қордың) балансы бойынша активтер сомасының бес процентінен аспайтын мөлшердегі" деген сөздер алып тасталсын;

      26-жолдағы "Ұйымның (Қордың) балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі" деген сөздер алып тасталсын;

      29 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Тәуекел деңгейі бойынша есептелген қаржы
           құралдарының құны (МЗА)";

      31, 34, 35 жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтер көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

                                  2006 жылғы 27-қазандағы Қазақстан
                                   Республикасы Қаржы нарығын және
                                     қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                  қадағалау агенттігі Басқармасының
                                       226 қаулысына 1-қосымша

                                  "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби
                                   қызмет түрлерін қоса атқаратын
                                  ұйымдарға арналған пруденциалдық
                                   нормативтерді есептеу ережесіне
                                               1-қосымша"

                        Кредит тәуекелділігі

Баптардың атауы

Есеп айырысу Сомасы

тәуекелділік деңгейінің пайыздық көрсеткіші

Есептік Сомасы

І-топ

Қолма-қол теңге


0


Standard & Рооr's   агенттігінің "АА"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдің шетелдік қолма-қол валютасы


0


Қазақстан Республикасының     мемлекеттік бағалы қағаздары


0


Қазақстан Республика Ұлттық Банктегі салымдар


0


Standard & Рооr's агенттігінің "АА"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


0


Мынадай халықаралық қаржы ұйымдарымен шығарылған бағалы қағаздар:
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Америка аралық даму банкі;
Халықаралық есеп-айырысу банкі;
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық қаржы  корпорациясы;
Ислам даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі.


0


Standard & Рооr's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес халықаралық рейтингісін иеленген немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар соның ішінде, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде тазартылған қымбат металдар мен металл депозиттер


0


І-тәуекел тобына енгізілген активтер болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


0


І-тәуекел тобына енгізілген  активтер бойынша есептелген сыйақы


0


II топ

Standard & Рооr's агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар және елдердің рейтингтік бағасына сәйкестігі жоқ елдердің шетелдік қолма-қол валютасы


20


Standard & Рооr's  агенттігінің "А+"-дан "А-" дейін тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


20


Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздар


20


Standard & Рооr's   агенттігінің "А"-дан төмен  емес халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді кредит рейтингісін иеленген немесе  басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Рооr's агенттігінің "kzААА" төмен емес ұлттық шәкіл бойынша рейтингі бағасы бар, Standard & Рооr's агенттігінің "АА"-дан төмен емес халықаралық шәкіл бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар ұзақ мерзімді кредит рейтингісін иеленетін еншілес банк резиденттерде, сабақтас банк резиденттерде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің салымдары


20


Standard & Рооr's   агенттігінің "АА-" төмен емес халықаралық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетелдік ұйымдары шығарған Мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


20


Standard & Рооr's  агенттігінің "А"-дан төмен емес халықаралық рейтингі бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Рооr's агенттігінің "kzААА" төмен емес ұлттық шәкілде рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


20


"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар


20


"Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар


20


Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған  инфрақұрылымдық облигациясы


20


Халықаралық рейтингісі бар "Standard & Рооr's рrіnсіраl stability fund ratings" төмен емес "Ааm-" немесе  Standard & Рооr's Fund сrеdit gualit ratings" төмен емес "Ааf-" иивестициялық қорлардың пайы


20


Standard & Рооr's  агенттігінің "A+"-дан "А-" дейін төмен емес халықаралық рейтингі бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар ұйымдар шығарған Prіnсіраl рrоtесtеd nоtеs


20


ІІ-тәуекел тобына енгізілген активтер болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


20


Индекс болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


20


ІІ-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


20


III топ

Standard & Рооr's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейін тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


50


Standard & Рооr's  агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді кредит рейтингісін иеленген немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard &  Рооr's агенттігінің "kzААА"-дан "kzАА-" дейінгі ұлттық шәкіл бойынша рейтингі бағасы бар, Standard & Рооr's агенттігінің "А+"-дан "А-" дейінгі халықаралық шәкіл бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар ұзақ мерзімді кредит рейтингісін иеленетін еншілес банк резиденттерде, сабақтас банк резиденттерде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің салымдары


50


Standard & Рооr's агенттігінің "А+"-дан "А-"дейін халықаралық рейтингі бар немесе басқа рейтинг  агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетелдік ұйымдары шығарған Мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


50


Standard & Рооr's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейін халықаралық рейтингі бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Рооr's агенттігінің "kzАА+"-дан "kzАА-" дейін ұлттық шәкілде рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


50


халықаралық рейтингі бағасы бар Standard & Рооr's рrіпсіраl stailiny fund ratings "Аm+" дан "Аm-" дейін немесе "Standard & Рооr's Fund credit ratings" "Аf+" дан "Аf-" дейін инвестициялық қорлардың пайы


50


Standard & Рооr's  агенттігінің "А+"-дан "А-"дейін халықаралық рейтингі бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар ұйымдар шығарған Prіnсіраl рrоtесtеd nоtеs


50


Қазақстан Республикасының    ұйымдары шығарған ипотекалық облигациясы


50


ІІІ-тәуекел тобына енгізілген активтер болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


50


Индекс болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


50


Ш-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


50


IV топ

Standard & Рооr's  агенттігінің "ВВ+"-дан "ВВ-" дейінгі халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді кредит рейтингісін иеленген немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Рооr's  агенттігінің "kzА+"-дан "kzВВВ" дейінгі ұлттық шәкіл бойынша рейтингі бағасы бар, Standard & Рооr's агенттігінің" ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі халықаралық шәкіл бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар ұзақ мерзімді кредит рейтингісін иеленетін еншілес банк резиденттерде, сабақтас банк резиденттерде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің салымдары


100


Standard & Рооr's  агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


100


Standard & Рооr's  агенттігінің "ВВ+"-дан "ВВ-" дейін халықаралық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Рооr's агенттігінің "kzВВВ" дан төмен емес ұлттық шәкілде рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


100


халықаралық рейтингі бағасы бар Standard & Рооr's рrіпсіраl stailiny fund  ratings "ВВВm+" дан "BBBm-"дейін немесе  "Standard & Рооr's Fund credit guality ratings" "ВВВf+" дан "BBBf-"дейін  инвестициялық қорлардың пайы


100


Standard & Рооr's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейін рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар ұйымдар шығарған Prіnсіраl рrоtесtеd nоtеs


100


IV-тәуекел тобына енгізілген активтер болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


100


Индекс болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


100


IV-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


100


V топ

Standard & Рооr's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді кредит рейтингісін иеленген немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Рооr's агенттігінің "kzВВВ -дан төмен ұлттық шәкіл бойынша рейтингі бағасы бар,  Standard & Рооr's агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен халықаралық шәкіл бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе рейтингке сәйкестігі жоқ ұзақ мерзімді кредит рейтингісі бар еншілес банк резиденттерде, сабақтас банк резиденттерде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің салымдары


130


Standard & Рооr's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен халықаралық рейтингі бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Рооr's агенттігінің "kzВВВ"-дан төмен рейтингі бағасы бар немесе листингтің ең жоғарғы санаты бойынша сауда-саттық  ұйымдастырушыларының ресми тізімінде, көрсетілген осы бағалы қағаздарды болу талабындағы рейтингі сәйкестігі жоқ Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан  Республикасының ұйымдары шығарған Мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


130


листингтің ең жоғарғы санаты бойынша сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми   тізімінде енгізілген Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын басқарма компаниясы инвестициялық қорының пайлық аралық пайы


130


V-тәуекел тобына енгізілген активтер болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


130


Индекс болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


130


V-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


130


VI топ

листингтің ең жоғарғы санаты бойынша сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми тізімінде, жоғарыда көрсетілген бағалы қағаздарды болу талабындағы рейтингі сәйкестігі жоқ Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


250


листингтің ең жоғарғы санаты бойынша сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми   тізімінде енгізілген Қазақстан Республикасының резиденті  болып табылатын басқарма компаниясы инвестициялық қорының аралық пайы


250


Арнайы Алматы қаласы Орталық Аймақтық Қаржылық сауда-саттық алаңына листингтің өткен процедурасы және жоғарыда көрсетілген тәуекел тобының біреуіне де сәйкеспейтін борыштық бағалы қағаздар


250


Standard & Рооr's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен халықаралық рейтингі бағасы бар немесе сауда-саттық делистинг ұйымдастырушылары ұсынған рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар


250


VІ-тәуекел тобына енгізілген активтер болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


250


Индекс болып табылатын базалық активтері фьючерс, опцион, своп, форвард


250


VІ-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


250


Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша өлшем активтердің қорытынды сомасы


X


        Басшы: _______________________      ________________
              (фамилиясы, аты-жөні)         (қолы)
      Бас бухгалтер:_____________________ ________________
                    (фамилиясы, аты-жөні)   (қолы)

      Мөр орны

      Кестені толтыру жөніндегі түсіндірме:

      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша зейнетақы активтерін өлшеу
кезінде, егер борыштық бағалы қағазда арнайы борыш рейтингі бар
болған жағдайда, онда осы бағалы қағаз осы рейтинг бойынша
ескеріледі.
      Егер Қазақстан Республикасының заң тұлғаларымен шыққан
мемлекеттік емес борыштық бағалы қағазда арнайы рейтинг болмаса,
онда осы борыштық бағалы қағаз рейтингтік эмитент бойынша
ескеріледі.
      Егер қаржылық құралдардың тәуелсіз ағымдағы құнының
құрамындағы қаржылық құралдар бойынша есептелген тәуелсіз сыйақы
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша активтер есебінде енгізілген
болса, онда бұдан әрі ол жеке ескерілмейді.
      Осы қосымшада көрсетілген контрагент санатына сәйкес олар
бойынша тәуекел дәрежесіне кредиттік тәуекел және қаржылық
құралдарда көрсетілген нарықтық бағаның сомасының көбею жолымен
своптар, фьючерстар, опционтар, форвардтар кредиттік тәуекелдің
есебімен өлшем талаптың есебіне және ықтимал талаптар мен
міндеттерге енгізіледі.

                                 2006 жылғы 27-қазандағы Қазақстан
                                  Республикасы Қаржы нарығын және
                                қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                      агенттігі Басқармасының
                                     N 226 қаулысына 2-қосымша

                                     "Бағалы қағаздар рыногында
                                     кәсіби қызмет түрлерін қоса
                                     атқаратын ұйымдарға арналған
                                      пруденциалдық нормативтерді
                                     есептеу ережесіне 1-1-қосымша"

                     Ерекше пайыздық тәуекел

р/с
N

Атауы

Сомасы

Ерекше
тәуекел коэффициенті (%)

Есепке
арналған сома

1

Standard & Рооr's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтерімен шет мемлекеттердің Орталық үкіметтері мен орталық банктері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі сыйақы мөлшерлеме өзгеруіне байланысты рынок тәуекелімен қаржы құралдарының құны.


0


2

Қазақстан Республикасы сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми тізіміне және Қазақстаннан тыс қара жердегі сауда-саттық ұйымдастырушыларының тізіміне кіргізілген бағалы қағаздар түріндегі, халықаралық қаржылық ұйымдар шығарған бағалы қағаздар, Standard & Рооr's агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтерімен шет мемлекеттердің Орталық үкіметтері мен орталық банктері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасы жергілікті өкімет органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі 6 айдан кем емес өтеу мерзімімен сыйақы мөлшерлеме өзгеруіне байланысты рынок тәуекелімен қаржы құралдарының құны.


0,25


3

Қазақстан Республикасы сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми тізіміне және Қазақстаннан тыс қара жердегі сауда-саттық ұйымдастырушыларының тізіміне кіргізілген бағалы қағаздар түріндегі, халықаралық қаржылық ұйымдар шығарған бағалы қағаздар, Standard & Рооr's агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтерімен шет мемлекеттердің Орталық үкіметтері мен орталық банктері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасы жергілікті өкімет органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі 6 айдан 24 айға дейін өтеу мерзімімен сыйақы мөлшерлеме өзгеруіне байланысты рынок тәуекелімен қаржы құралдарының құны.


1


4

Қазақстан Республикасы сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми тізіміне және Қазақстаннан тыс қара жердегі сауда-саттық ұйымдастырушыларының тізіміне кіргізілген бағалы қағаздар түріндегі, халықаралық қаржылық ұйымдар шығарған бағалы    қағаздар, Standard & Рооr's агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік   агенттіктердің бірінің   осындай деңгейдегі   рейтингтерімен шет мемлекеттердің Орталық  үкіметтері мен орталық банктері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасы жергілікті үкімет органдары шығарған   Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы   қағаздар түріндегі 24 айдан астам өтеу мерзімімен сыйақы мөлшерлеме өзгеруіне байланысты рынок
тәуекелімен қаржы құралдарының құны


1,6


5

1-қосымшаның алтыншы     тобында көрсетілген сыйақы  мөлшерлеме өзгеруіне  байланысты рынок тәуекелімен қаржы құралдарының құны


8.00


Ерекше тәуекел жиынтығы


X


        Басшы __________________________ ______________________
              (фамилиясы, аты-жөні)           (қолы)
      Бас бухгалтер ______________________ ______________________
                     (фамилиясы, аты-жөні)        (қолы)

      Мөр орны

                                     "Бағалы қағаздар рыногында
                                     кәсіби қызмет түрлерін қоса
                                     атқаратын ұйымдарға арналған
                                      пруденциалдық нормативтерді
                                     есептеу ережесіне 1-2-қосымша"

                       Жалпы пайыздық тәуекел

          1-кесте. Уақыт аралық бойынша қордың портфелінде
           инвестициялық орналасқан қаржы құралдарын бөлу

Ай мақ тар

Уақытша
уақыт аралығы

Қаржы құралдардың құны

Өлшем
коэффициенті

Қаржы құралдардың өлшем құны

Қаржы құралдардың өлшем және ағымдағы құны арасындағы айырмасы

1

2

3

4

5

6

1

1 айдан төмен


0,00



1-3 ай


0,002



3-6 ай


0,004



6-12 ай


0,007



1 аймақ жиынтығы



2

1-2 жыл


0,0125



2-3 жыл


0,0175



3-4 жыл


0,0225



2 аймақ жиынтығы



3

4-5 жыл


0,0275



5-7 жыл


0,0325



7-10 жыл


0,0375



10-15 жыл


0,045



15-20 жыл


0,0585



20 жылдан астам


0,06



3 аймақ жиынтығы



  2-кесте. Жалпы пайыздық тәуекел есебі

N№

Көрсеткіш атауы

Сомасы

Есептік сомасы

1

1 аймақ жиынтығы



2

1 аймақ бойынша өлшем және ағымдағы құн арасындағы айырмасының жиынтығы



3

2 аймақ жиынтығы



4

2 аймақ бойынша өлшем және ағымдағы құн арасындағы айырмасының жиынтығы



5

3 аймақ жиынтығы



6

3 аймақ бойынша өлшем және ағымдағы құн арасындағы айырмасының жиынтығы



7

1 және 3 жолдың айырмашылығы



8

3 және 5 жолдың айырмашылығы



9

1 және 5 жолдың айырмашылығы



10

1, 3, 5 жолдың сомасы



11

(2, 4, 6)* 10% жолдың сомасы



12

2*40% жол



13

4*30% жол



14

6*30% жол



15

7*40% жол



16

8*40% жол



17

9*100% жол



18

10*100% жол



19

Жалпы пайыздық тәуекел жиынтығы (11 - 18 жолдың сомасы)

х


        Басшы:________________________________ __________________
              (фамилиясы, аты-жөні)                (қолы)

       Бас бухгалтер: ______________________ __________________
                      (фамилиясы, аты-жөні)        (қолы)

Мөр орны

      Кестені толтыру бойынша түсіндірме:

      1-кестені толтыру кезінде уақытша уақыт аралық деп борыштық
бағалы қағаздар өтелген сәтке дейін қалған уақыт кезеңі түсіндіріледі.


Дата вступления в силу:  08.12.2006
Дата изменения акта:  22.08.2008
Дата принятия акта:  27.10.2006
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  109000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  30575
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  226
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006007000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz