Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.27 № 519-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-бап. Бреттон-Вудсте 1944 жылғы 22 шілдеде жасалған Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі келісімінің баптары, Бреттон-Вудсте 1944 жылғы 22 шілдеде жасалған Халықаралық Валюта Қоры келісімінің баптары, Вашингтонда 1956 жылғы 20 шілдеде жасалған Халықаралық Қаржы Корпорациясы келісімінің баптары, Вашингтонда 1960 жылғы 15 қыркүйекте жасалған Халықаралық Даму Қауымдастығы келісімінің баптары, Вашингтонда 1965 жылғы 18 наурызда жасалған Мемлекеттер мен басқа да мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенция, Манилада 1965 жылғы 4 желтоқсанда жасалған Азия Даму Банкінің Құрылтай шарты, Вашингтонда 1985 жылғы 11 қазанда жасалған Инвестиция Кепілдіктерінің Көпжақты Агенттігін құру туралы конвенция, Парижде 1990 жылғы 29 мамырда жасалған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісім ратификациялансын.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.27 № 519-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Заң 2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.27 № 519-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті