"Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына N 3 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 118 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 тамызда тіркелген. Тіркеу N 4353. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008.12.22 N 265 Бұйрығымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді -----------------

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                 М. Құсайынов

                                  Қазақстан Республикасы Экономика
                                және бюджеттік жоспарлау министрінің
                                    2008 жылғы 22 желтоқсандағы
                                     N 265 бұйрығына 3-қосымша

      1. ...
      .........
       4. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына N 3 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің      2006 жылғы 15 тамыздағы N 118 Бұйрығы.
      .........
      8. ...

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69 бұйрығымен N 3662 болып, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 1 бұйрығымен N 4039 болып тіркелген енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3310 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      310 "Заңды тұлғаларға ағымдағы трансферттер" ішкі сыныбында:

      "Атауы" деген бағандағы 311 "Заңды тұлғаларға берілетін субсидиялар" деген ерекшеліктің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "311 Шаруа (фермер) қожалықтарына және заңды тұлғаларға берілетін субсидиялар";

      "Анықтама" деген бағанда:
      "Заңды тұлғаларға" деген сөзден кейін "және шаруа (фермер) қожалықтарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      470 "Шетелге күрделi трансферттер" деген ішкі сынып 472 ерекшелікпен мынадай редакцияда толықтырылсын:

"

472

Шетелде стипендиаттарға оқу төлеу күрделі трансферттер

Стипендиаттарды шет елдерде оқытуға ақы төлеуге арналған күрделі трансферттерді шет елдерде мамандар даярлаудың халықаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге аудару

               ".

      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (М. Боранғалиева) Заң басқармасымен (Д.Ешімова) бірлесіп осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі