Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың ақша-кредиттік және қаржылық шолуын жасау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беретін есебінің тізбесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 5 маусымдағы N 51 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4269. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.28 № 361 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1010  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 354-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесiнде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн.";

      8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Аумақтық iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығудан бас тарту негiздерiнiң жоқтығына тексеру жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға қатысты iшкi iстер органдарының сұрау салуларын мүдделi мемлекеттiк органдар он күн мерзiмде қарайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі