Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы
N 110
қаулысымен
бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы
28 сәуірдегі N 162
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3659 болып тіркелген, N 3856 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 5 қыркүйектегі
N 330
, N 4081 болып тіркелген 2006 жылғы 28 қаңтардағы
N 34
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесінде:
1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
1 "Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығындар" сыныбында:
140 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" ішкі сыныбында:
149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігінде:
"Ескерту" бағанында:
"бюджеттік бағдарламасы" деген сөздерден кейін "және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу" бюджеттік бағдарламасы" деген сөздермен толықтырылсын.
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр