Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 93 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы";
      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.".
      3) Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2012 жылғы 22 ақпандағы
  № 255 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 25 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен    
бекітілген     

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына
шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан
төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше
жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін
отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім
алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау
бағыты мен оларды есепке алу қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі - білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.
      2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстар сомасының кемінде бір пайыз мөлшеріндегі аударымдар есебінен қалыптастырылады.
      3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат:
      1) киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға;
      2) оқитын жерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға;
      3) қаржылай көмек көрсетуге;
      4) санаторий-курорт ұйымдары мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға;
      5) білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуына жұмсалады.
      4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші негізінде бөлінеді. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшының атына білім беру ұйымына беріледі. Өтінішті алқалы орган өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды.
      Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне төмендегі растау құжаттары қоса беріледі:
      1) осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;
      2) осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін алынған табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс);
      3) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттағы адамдар үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
      4) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарды отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде алқалы орган айқындайды. Көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін алқалы орган қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды сұратады.
      Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат тағайындауға (өтініш берген айды қоса алғанда) өтініш берген сәтке дейінгі табыс сомасын жыл басынан айлар санына және отбасы мүшелерінің санына да бөлу жолымен анықталады.
      Отбасы құрамындағы орташа жан басына шаққандағы табысты есептеу кезінде ата-аналар (асырап алушылар) және олардың асырауындағы жасы 18-ге толмаған балалар ескеріледі.
      5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың жұмсалуын білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайды және білім беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келісім бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
      6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.
      7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсімдерін және пайдаланылуын есепке алуды білім беру ұйымының қаржы қызметі жүзеге асырады.
      Білім беру ұйымы жыл сайын жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 шілдеге және 20 қаңтарға дейінгі мерзімде жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша есептілікті жергілікті атқарушы органға еркін нысанда ұсынады.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын,
жан басына шаққандағы табысы ең төменгі
күнкөріс деңгейінің шамасынан
төмен отбасылардан шыққан білім алушылары
мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға, төтенше
жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді
талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және
өзге де санаттағы білім алушылар мен
тәрбиеленушілерге қаржылай және
материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты мен
оларды есепке алу қағидаларына
қосымша

_______________________________
ұйымының басшысы ______________
_______________________________
(Т.А.Ә.)         
_______________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)   
_______________________________
(мекенжайы)         

Өтініш

Сізден ____________ сынып оқушысы ___________________________________
_____________________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.)
жалпыға міндетті оқу қорынан ________________________________________
_____________________________________________________________ түрінде
материалдық көмек беруіңізді сұраймын.
      Себебі, _______________________________________________________
                              (себебі көрсетіледі)

20____ жылғы "___" ___________               ________________________
                                                (күні, Т.А.Ә., қолы)