Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 58

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 114 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4744 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 22/01 (оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2 тармақшасының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Занының 31 бабының 1 тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес және мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осакаров ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш проценты мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.И. Плотникова) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осакаров ауданының әкімі О. Қаппасов