"Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылы 14 қазандағы N 596 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 29 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4045. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 222 бұйрығымен.

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2000.04.14 N 222 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылы 14 қазандағы N 596 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3965 тіркелген, "Заң" газетінде жарияланған, 21 желтоқсан 2005 ж., N 173-174 (798)) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      3-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық басқармалары" деген сөздер "облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

      3-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық басқармалары" деген сөздер "облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

      3-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық басқармалары" деген сөздер "облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық алаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау вице-министрі,
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер
2006 жылғы 21 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрі
2006 жылғы 27 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрі
2006 жылғы 27 қаңтар