Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылдған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 222 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген өсімдіктерді қорғау құралдарын тіркеулік сынауларын жүргізудің, мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 11 шілдедегі N 182 бұйрық (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2000 жылы 2 тамызда N 1209 тіркелді);
      2) "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 14 қазандағы N 596 бұйрық (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2005 жылы 8 желтоқсанда N 3965 тіркелді, "Заң газетінде" 2005 жылы 21 желтоқсанда N 237-238 (971-972) жарияланған);
      3) "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылы 14 қазандағы N 596 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 29 бұйрық (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2006 жылы 27 қаңтарда N 4045 тіркелді, "Заң газетінде" 2006 жылы 24 ақпанда N 33-34 (1013-1014) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                            А. Евниев