"Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы комитеті төрайымы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 66-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4012. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.12 № 81 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Патент  заңын және "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы N 69  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1712 тіркелген, 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 55-б  бұйрықпен енгізілген өзгерістер және толықтыруларды қамтитын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2004 жылғы N 41-44 бюллетенінде, 1032-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Осы бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережеде:
      24, 25, 26, 27, 28, 33, 37-тармақтар алып тасталсын.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төрайым