"Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 1712 тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеттің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 55-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3100. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабы 2 тармағына және 8-бабы 8) тармақшаларына сәйкес, бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырғандары бекітілсін:
      1) күйісті жануарлардың дикроцелиоз ауруын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі;
      2) құстардың кокцидиозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі.
      2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада анықталған тәртіп бойынша, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу, Ветеринария департаментінің директоры Қожамұратов А.Ә. жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2004 жылғы 22 қыркүйектегі    
"Жануарлардың және құстардың   
кейбір инвазиялық ауруларын   
алдын алу және жою жөніндегі  
ветеринариялық ережелерін    
бекіту туралы" N 511       
бұйрығымен бекітілген      

Күйісті жануарлардың дикроцелиоз ауруын алдын алу
және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі

      Осы Жануарлардың дикроцелиоз ауруын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелері

      1. Дикроцелиоз - үй және жабайы күйіс малдарының өт жолдарында паразиттік тіршілік ететін, Dіcrocelіum lanceatum трематодасы туғызатын кең таралған созылмалы ауру. Мал организмінің әлсіреуімен, ас қорыту қызметінің бұзылуымен (іш өту, іш қатуымен алмасып отырады), кеуде және жақ асты қуысының домбығып ісінуімен сипатталады.
      Аурудың қоздырғышы - пішіні ланцет тәріздес, трематода, ұзындығы 1 см. дейін, ені 2 мм дейін, жұмыртқалары ұсақ, қара қоңыр қалың қабыршақты ассиметриялы және бір ұшында қақпашасы бар. Паразит үш иелерінде дамиды: дефинитивті иесі - үй және жабайы күйіс малдары, аралық иелері - жер үстіндегі моллюскалар, қосымша иелері - құмырсқалар. Дикроцелий жұмыртқалары сыртқы ортаның әсеріне төзімді, дикроцелийдің жұмыртқалары өзінің инвазивтілігін сақтай отырып, моллюскелердің және құмырсқалардың денесінде сақталып қыстап қалуы мүмкін.
 

      2. Өмірлік диагнозы эпизоотологиялық, клиникалық мәліметтерді ескере отырып, нәжіс сынамасынан гельминтокопрологиялық тәсілмен дикроцелий жұмыртқасын анықтау негізінде қойылады.
      Өлгеннен кейінгі диагноз бауырдағы патологоанатомиялық өзгерістер мен дикроцелидің табылуы нәтижесінде қойылады.

2. Жануарлардың дикроцелиозінен таза
аумақта жүргізілетін алдын алу шаралары

      3. Жануарлардың дикроцелиозын алдын алу үшін келесі шаралар жүргізіледі:
      1) эпизоотологиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгі-жазғы кезеңде гельминтокапрологиялық әдістермен таңдамалы түрде жануарлар дикроцелиозге тексеріледі, жайылымда жер үстіңгі моллюскалар және құмырсқалардың болуына және олардың орналасу тығыздығы, олардың дикроцелиидің жұмыртқаларымен жұқтырылғандығын анықтаумен жүргізіледі, ауру анықталған жағдайда мал бастарының барлығына гельминтокапрологиялық зерттеу және ауру малдарға дегельминтизация жүргізіледі;
      2) жануарларды ашық кепкен жер телімдерінде жаю және таза суаттардан суару, қоздырушының сыртқы ортада дамуын ескере отырып, өз уақытында жайылымдарды ауыстыру қамтамасыз етіледі.
 

      4. Жануарлар шаруашылық субъектілеріне тасымалдап әкелінер алдында немесе олардан тасымалдап шығарылар алдында дикроцелиозге гельминтокопрологиялық әдіспен тексеріледі, гельминттер табылған жағдайда малдарға дегельминтизация жүргізіледі және толық жазылғанға дейін бақылап отырады.
 

      5. Қи-нәжісті тазарту оны залалсыздандыру, мал қораларына және серуендеу-азықтандыру аулаларына және малдардың экскременттерімен жанасатын сыртқы ортаның басқа объектілеріне дезинвазия жүргізіледі.

3. Жануарлардың дикроцелиозінен таза емес
аумақта жүргізілетін жою шаралары

      6. Малдардың дикроцелиозінен қолайсыз шаруашылық субъектілерінде келесі шаралар жүргізіледі:
      1) малдарды байлауда немесе байлаулы-серуенді бағып ұстау ұйымдастырылады;
      2) эпизоотологиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгі-жазғы кезеңде жайылым, жер үстіңгі моллюскалар және құмырсқалардың болуына және олардың орналасу тығыздығына тексеріледі, дикроцелиидің жұмыртқаларымен жұқтырылғандығы анықталған жағдайда, жайылымға сау малдарды жаюға тиым салынады;
      3) моллюскалардың санын азайту үшін (дикроцелийлердің аралық иелері) жайылым бұталардан және тастардан тазартылады, дақылдық шөптер егіледі немесе инсектицидтік препараттармен моллюскаларға қарсы өңдеу жүргізіледі;
      4) жыл-сайын қараша-желтоқсан айларында емдік-сақтандыру дегельминтизациясы жүргізіледі;
      5) дегельминтизация жүргізу үшін Қазақстан Республикасында тіркелген антигельминтиктер қолданылады.

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2004 жылғы 22 қыркүйектегі    
"Жануарлардың және құстардың   
кейбір инвазиялық ауруларын   
алдын алу және жою жөніндегі  
ветеринариялық ережелерін    
бекіту туралы" N 511       
бұйрығымен бекітілген      

Құстардың кокцидиозын алдын алу және
жою жөніндегі ветеринариялық ережесі

      Осы Құстардың кокцидиозын алдын алу және жою шаралары туралы ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелері

      1. Құстардың кокцидиозы - тауықтың, күрке тауықтың, қаздардың, үйректердің 15-90 күндік жастағы балапандары ауыратын кеңінен тараған протозойлық ауру. Ересектеу жас құстар және үлкен құстар сирек ауырады, кокцидилерді тасымалдаушы болып табылады.
      Қоздырғыштары - эймериялар (кокцидиялар). Күрделі даму циклына жатқызылады; бұл циклдің бір бөлімінің дамуы құс организмінде өтеді және ооцистің (эндогенді стадия) құрылуымен аяқталады, келесі бөлімі - сыртқы ортада (экзогенді стадия) жалғасады. Індеттің қоздырушысының көзі - ауру құстар және эймериотасымалдаушылар. Жұқтыру жолы - алиментарлық. Эймериялар ішек жолының кілегей қабығында орналасады.
 

      2. Кокцидиозға диагноз, эпизоотологиялық, клиникалық, патологанатомиялық және нәжістерге, патматериалдарға жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелерін негізге ала отырып қойылады.

2. Құстардың кокцидиозынан ветеринариялық-санитарлық
таза аумақтағы жүргізілетін алдын алу шаралары

      3. Құстардың кокцидиоз ауруын алдын алу мақсатындағы қажетті шаралар:
      1) құстарды қалың топтап өсіруге, қораларда ылғалдылықтың жоғарылауына, үлкен құстар мен жас балапандардың араласып бағылуына, жем-азықтар және ас судың қи-нәжіспен ластануына жол бермеу;
      2) құстарды толық құнды жем-азығымен қамтамасыз ету;
      3) құс қораларын құстарды кезекті отырғызуға дайындау кезеңінде бөлмелерге, серуен алаңдарына, жабдықтарға және құрал-саймандарға дезинвазия жүргізу;
      4) әрбір қораның кіре берістегі есік алдарына дезтосқауыл орнатылады және құс қораларына бөгде кісілердің, және ауру құстарды бағып күтуші тұлғалардың кіруіне рұқсат етілмейді;
      5) шаруашылық субъектілерінің аумақтары қи-нәжістерден тазартылып және оларға биотермиялық залалсыздандыру жүргізіледі;
      6) құстарға тұрақты түрде азыққа немесе ас суына кокцидиостатиктерді ауруды алдын алуға арналып ұсынылған ережемен қолдану.
 

      4. Құстардың балапандарын батареялық торларда немесе едені торланған секцияларда өсіреді.
 

      5. Ооцистердің (кокцидиоздардың қоздырушылары) сыртқы ортаның әсерлеріне төзімді болуына байланысты, онда бір жылға дейін сақталынады, ал қарапайым дезинфекциялаушы заттар ооцистерді жоймайды, құс қораларын, құралдарды және мүліктерді дезинвазиялау үшін Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялық заттар қолданылады.

3. Эпизоотия ошағында және құстардың кокцидиозынан
таза емес бекеттегі аумақта жүргізілетін жою шаралары

      6. Кокцидиоз шыққан жағдайда, ауру құс қораларындағы барлық құс бастарына азықпен немесе ас суымен кокцидиостатиктер емдеуге арналып ұсынылған ереженің дозасымен тағайындалады, әлсіз құстар етке сойылады. Құс қоралары, серуен алаңдары және құралдар күн сайын құс нәжістерінен тазартылып, механикалық тазарту жүргізіледі (астаулар, су қондырғыштар және басқа құстарды күтуге арналған заттар).
 

      7. Алдын алу және емдеу мақсатында, тауық, күрке тауық, қаз және үйрек балапандарына келесі кокцидиостатиктерді қолданады: фармкокцид, химкокцид, кокцидиовит, кокцидин және басқа Қазақстан Республикасында тіркелген препараттарды, нұсқаулықтарында көрсетілген ережелеріне сәйкес қолданады.
 

      8. Кокцидиоздың басым өршігуі кезінде кокцидиостатиктердің жоғары мөлшерін 5-7 күн аралығында, ал алдын алу мақсатында 60 күнге дейін төменгі мөлшерін қолданады.
 

      9. Кокцидиостатиктерді қолдану ұзақтығы эпизоотиялық жағдайға және құстардың балапандарын өсірудің әдістеріне байланысты.
 

      10. Құстардың балапандарын торларда өсіру кезінде препараттарды ауруды алдын алу мақсатында, бір залдан келесі залға ауыстырылған күннен бастап 10 күн бойы тағайындау ұсынылады. Қажет болған жағдайда 3-күндік үзілістен кейін препараттарды беру курсы жалғастырылады.
 

      11. Құстардың балапандарын едендерде өсіру кезінде кокцидиостатиктерді алдын алу мақсатында 10-15 күндік жастағыларынан бастап екі-үш 10-күндік курстармен аралығында 3 күннен аспайтын үзіліспен тағайындайды. Қажет болған жағдайда препараттарды беруді қайталайды.
 

      12. Етті құстарды қалың ауыстырылмайтын төсеніште өсіргенде кокцидиостатиктерді алдын алу мақсатында 10-15 күндік жасынан бастап күн сайын қолдану және союға 3-5 тәулік қалғанда қолдануды тоқтату ұсынылады.
 

      13. Ұзақ уақыт бойы кокцидиостатиктің бір ғана түрін қолдануға болмайды, себебі кокцидиилерде оларға төзімділік пайда болуы мүмкін.