Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы " 2001 жылғы 31 на

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 324 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3284. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384   қаулысымен .
________________________________ 

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өтініші негізінде, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1503 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 10 (207) басылымдарында 2001 жылғы 7-20 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1688 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 414  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2418 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 221  қаулысымен  және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2824 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114  қаулысымен  бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакциядағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының резидент емесі - қайта сақтандыру ұйымы үшін "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша сенімділік рейтингісі;";

      1-қосымша мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігі (Ресей Федерациясы)";

      2-қосымшаның 2-тармағының бірінші абзацы ", немесе "А++" төмен емес ("Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға