"Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, оның ішінде медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, олардың құжаттар жинағына өзгерістер енгізу мен сараптамасын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республика

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 1 қарашадағы N 551 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3937. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 735 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу ережесi мен шарттарында:
      4-тармақтың 6) тармақшасында:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "тауықтар, үйректер - 0,50 АЕК-ке дейiн;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қаздар, түйетауықтар - 1,0 АЕК-ке дейiн.".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі